Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет46/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Қайымова Б. Етiстiк түбiрден есiм тудыратын аффикстер.-А., 1961.

  • Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966.

  • Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964; 1974

    Бақылау сұрақтары:

    1. Етістік категориялары: етіс, рай

    2. Етістік категориялары: шақ, жақ


    Лекция №4.5
    Тақырыбы: Үстеу, шылау сөздер
    Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
    Жоспар:

    1. Үстеудің лексика -семантикалық сипаты

    2. Үстеудің семантикалық топтары

    3. Шылаулардың морфологиялық сипаты

    4. Шылаудың түрлері: жалғаулық, септеулік және демеуліктер



    Лекция мазмұны:
    1.Үстеудің лексика -семантикалық сипаты
    Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал -тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай-күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөз табы. Мысалы: Абай биыл (қашан?) он үшке толған еді.
    Үстеулер етістікпен тіркесіп, пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Кейбір үстеулер субстантивтенеді, яғни, түрленеді. Мысалы: бүгініміз беймаза, өткеніміз өкініш пе? Бүгіндері тек ыммен түсініседі.
    Үстеудің арнайы түрлену жүйесі және грамматикалық категориялары болмайды.
    Құрамы жағынан түбір үстеулер, туынды үстеулер, күрделі түбір үстеулер боп бөлінеді.
    Негізіг үстеулер – жылдам, әрең, бұрын, ұдайы, кеш, енді, қазір, әріі, дәл, тез т.б.
    Негізгі үстеулердің көпшілігіне сын есімнің шырай жұрнақтары жалғанады. Мысалы: бұрынырақ, кешірек, төменірек, төмендеу, жылдамдау.
    Туынды түбір үстеулер деп – басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы арқылы, кейбір септік жалғауларының көнеленуі, яғни, түбірге сіңісіп кетуі арқылы жасалған үстеуді айтамыз.Мысалы: Қазақша сөйлепті. Бұлбұлдайын сайрайды.
    Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері арқылы жасалған туынды үстеулер: босқа, текке, бірге; түнде, күнде, баяғыда, қапыда, лезде; шалқасынан, етпетінен, кенеттен, ертемен, таңертеңмен т.б.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет