Келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді.Олар болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді. Болжалды келер шақ –іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді. Жасалуы: ет- ар,ер,-р – ж.ж. Мақсатты келер шақ – іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Жасалуы: ет – мақ,-мек,-бақ,-бек-ж.ж.
Ауыспалы келер шақ –алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.Жасалуы: ет – а,-е,-й –ж.ж.
Жақ категориясы. Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы іске асатынын немесе белгілі қасиеттің қай жаққа қатысты екенін я қасиеттің иесі қай жақ боп тұрғанын білдіру болып табылады да, оның мәні екі сөздің, субьекті мен предикаттың арасындағы семантикалық және грамматикалық қатынас пен қызметтен көрініп, айқындалады.
Түркі тілдерінде тұр көмекші етістігі 3 жақ жіктік жалғауындағы –ды,-ді,-ты,-ті формасына сәйкес келеді.Өйткені І, ІІ жақтағы (мен, сен) жіктеу есімдігіне сай келіп, түрі өзгеше болатыны сондықтан. Жіктік жалғауының түрі – 3.1.толық түрі:бар-ған-мын, бар-ар-мын, бар-а-ды. 2.қысқа түрі: бар-ды-ң, бар-са-ң, бар-са. 3.бұйрық рай тұлғасына жалғанған түрі: бар-айын, бар, бар-ыңыз.
Әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.
Қазақ грамматикасы, Астана,2002
Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.
Қосымша әдебиеттер: Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.
Ибатов И. Қазақ тiлiндегi туынды сөздер сөздiгi. –А., 1988.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің грамматикалық сипаты. А., 1998.