Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет48/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер

  1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.

  2. Қазақ грамматикасы, Астана,2002

  3. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.

  2. Ибатов И. Қазақ тiлiндегi туынды сөздер сөздiгi. –А., 1988.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998

  5. Қазақ тілі (сөзжасам, морфология), Алматы, 2002

  6. Қазақ тiлiндегi сөз тудыру проблемасы. –А., 1985.

  7. Қайымова Б. Етiстiк түбiрден есiм тудыратын аффикстер.-А., 1961.

  8. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі 1966.

  9. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964; 1974

Бақылау сұрақтары:

  1. Үстеудің лексика -семантикалық сипаты

  2. Үстеудің семантикалық топтары


Лекция №4.6
Тақырыбы: Еліктеу сөздер, одағай сөздер
Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
Жоспар:

  1. Еліктеуіш сөздер

  2. Бейнелеуіш сөздер

  3. Одағайлар. Түрлері

  4. Одағайлардың ерекшеліктері

  5. Одағайдың синтаксистік қызмет

Лекция мазмұны:
1. Еліктеуіш сөздер
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес сөз табы ретінде қаралатын сөздер еліктеуіш сөздер (мимема) деп аталады.
Еліктеуіш сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Сондықтан еліктеуіш (арс, гүрс, шырт, дүңк, саңқ) және бейнелеуіш (жалп, желп, жұлт) сөздер.
Еліктеуіш сөздер - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын (түрленбейтін), сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақ арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет