Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Үстеудің семантикалық топтары



бет47/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
2.Үстеудің семантикалық топтары
Үстеудің семантикалық топтары: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл (бейне), күшейтпелі, мақсат, себеп-салдар, топтау.
1.Мезгіл – қимылдың мезгілін білдіреді. Сұрағы: қашан? Қашаннан бері? Бүгін, ала жаздай, қыстыгүні.
2.Мекен – қимылдың орны мен бағытын білдіреді. Сұрағы:қайда? Қалай қарай? Қайдан? Ілгері, осында, төмен, әрі, бері.
3.Себеп–салдар – қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. Сұрағы: неге? Не себепті? Неліктен? Амалсыздан, лажсыздан.
4.Сын қимыл (бейне) – қимылдың жүзеге асу амалдарын білдіреді. Сұрағы: қалай? Қайтіп? Қалайша? Емін-еркін, әрең.
5.Мөлшер – қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. Сұрағы: қанша? қаншама? Қаншалық? Қаншалап? Сонша, неғұрлым, бірталай, біраз.
6.Күшейтпелі – қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді. Сұрағы: қалай? Қандай? Ең, тым, аса, нағыз, кілең.
7.Мақсат – қимылдың болу мақсатын білдіреді. Сұрағы: қалай? Не мақсатпен? әдейі, қасақана, жорта.
8.Топтау – топтық сипатын білдіреді. Сұрағы: нешеден? Қаншадан? Біреуден, екеуден, көптен, қос-қостап.
1.Шылаулардың морфологиялық сипаты
Тілімізде толық мағыналық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, оған әр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын сөздерді шылау дейміз. Мысалы: болар ма сондай қызық шақ? Ел билеген адам жоқ, ата менен бабаңда.
Шылау ерекшеліктері :
1.Толық лексикалық мағынасы болмайды.
2.Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық рең үстейді.
3.Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
4.Сөйлем ішінде синтаксистік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.
5.Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан айырылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.
3. Шылаудың түрлері: жалғаулық, септеулік және демеуліктер
1.Жалғаулықтар – лексикалық мағынасы жағынан, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі мағыналық қатынаста салыстыра байланыстыратын сөздер. Мысалы: Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй.
А.Ыңғайластық жалғаулықтар – мен, және, да, де, әрі.
Ә.қарсылықты жалғаулықтар – бірақ, дегенмен, әйтпесе.
Б.Талғаулықты жалғаулықтар - әлде, біресе, болмаса, немесе.
В.Себеп-салдар мәнді – себебі, өйткені, неге десең.
Г.Шартты мәнді жалғаулықтар – егер, егер де, онда.
2. Септеуліктер – қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бірін екіншісіне бағындыра, яғни, сабақтастыра байланыстырып, өзінің алдында тұрған толық мағыналы сөздердің белгілі бір тұлғада тұруын талап етіп, әр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік, мақсаттық, қатынастарды білдіреді.Мысалы: Ел үшін еңбек ет. Ана тілі халық тілі болып жасалғаннан бері адам жан дүниесінің айнасы.
Септеуліктер сөздердің мына тұлғаларынан кейін жалғанады. 1.Сөздің түбірі я негіз тұлғасы сөзбен тіркесетін септеуліктер – үшін, сайын, сияқты, туралы, жайында, шамалы, шақты. 2.Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер – дейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, таяу. 3.Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер – кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, бетер.4.Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер – бірге, қатар, қабат.
3. Демеуліктер - өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі грамматикалық мағына, реңк үстейтін модальдық – экспрессивтік сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөздер.
Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінеді:1.Сұраулық – ма,ме,ба,бе,па,пе,ше. 2.Күшейтпелі – ақ, ай, ау, әсіресе,да,де,та,те. 3.Шектеу (тежеу) – ғана (қана), тек, ақ. 4.Болжалдық - мыс, міс, ау. 5.Болымсыздық, қарсы мәнді, салыстыру мағынасындағы – түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрылым.6.Нақтылау мәнді – қой, ғой, ды, ді, ты, ті. 7.Қомсыну мәнді – екеш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет