Әдебиеттер тізімі 1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
3.Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
5. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
6. Рейвн П. Современнея ботаника. -Москва., 1990.
7. Курсанов Л.И. и др. Ботаника . -Москва, 1966.
Лекция № 7,8
Тақырыбы:Қоңыр балдырлар бөлімі. Қызыл балдырлар бөлімі
Мақсаты: Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырлардың негізгі құрылымдық ерекшеліктері, таралуы, жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы және маңызы туралы білім беру.
Жоспары: 1.Қоңыр балдырлар бөлімі. Талломының құрылысы, пигменттері, қор заттары, көбею жолдары.
2.Қызыл балдырлар бөлімі. Құрылысы, пигменттері, көбеюі.
Лекция мәтіні: Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае) - бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 жуық түрі, 200 туысы бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6–15 метр жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлардың майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар.
Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қоңыр балдырлардың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақ тәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қоңыр балдырдың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекіп тұрады. Олар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қоңыр балдырлар – судағы негізгі органикалық зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажет тұз) алынады; маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария) пайдаланылады. Қоңыр балдырлар негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi.Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi –ризоидтарымен (гректiң «rizat» – тамыр, «ides» – түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы.
Жағалауда өсетiн кәдiмгi қоңыр балдырлар қатарына фукус та жатады. Қайыс тәрiздi аса тармақталған фукустың қабаттамасы 50 см-ге дейiн жетедi. Бұл балдыр суда ауаға толы кең қуыстары арқасында тiк тұрады. Су деңгейi төмендегенде фукустың ну өсiндiлерi құрлықта, құрғақта қалады.
Қызыл балдырлар багрянкалар (Rhodophyta)- теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі. Қызыл балдырлар теңіздерде су асты жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ, қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі балдырларға жабысып өседі. Негізінен 20 — 40 м, ал қолайлы жағдайларда 100 — 200 м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы суларда кездеседі. 2 класқа (бангия, флоридия), 600-ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері бар. Қазақстанда Қызыл балдырлардың 22 түрі анықталған, оның 16-сы Каспий теңізінде кездеседі. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан ерекшелігі — құрамында биллипротеиндер — қызыл фикоэритрин мен көк фикоцианин пигменттері болады. Осы пигменттердің мөлшерлік ара-қатынасына байланысты оның түсі ашық қызылдан көкшіл жасыл және сары түске дейін өзгеріп отырады. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі анатом. және морфологиялық құрылыстары күрделі көп клеткалы ірі өсімдіктер. Тек аздаған түрлері ғана өте қарапайым бір клеткалы немесе шоғыр (колония) түзуші организмдер. Аналық көбею органы — оогомияларының құрылысы, зиготаның даму процесі күрделі. Споралары мен гаметалары талшықсыз, яғни өздігінше қозғала алмайды. Талломдары көлемі, құрылысы, пішіні жағынан балдырдың түріне қарай әр түрлі [жіпше, таспа, цилиндр, қабыршақ, торсықша, маржан (коралл) тәрізді] тілімделген және тарамдалған. Вегетативтік (су түбіне жайылған негізгі өркендерге жаңадан сабақтар пайда болуы арқылы; бір клеткалы немесе шоғыр түзетін түрлер клеткаларының екіге бөлінуімен), жыныссыз (моно-, ди-, тетраспораларымен) және жынысты (оогамия) жолдармен көбейеді. Даму циклінде осы жолдар бір-бірімен байланысты, кезектесе ауысып отырады. Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының басым бөлігін құрап, су жануарларының негізгі қоректерінің бірі болып табылады. Көбею клеткалары — тетраспораларының, карпоспораларының өте көп пайда болуы нәтижесінде жаға маңы суларында фитопланктонның қалыптасуына ықпал жасайды (ұзындығы 1 м болатын Rhodymenіa pertusa 12 млн. карпоспор, ал оның тетраспорифті — 100 млн. карпоспор береді). Су асты маржан рифтерінің пайда болуы мен өсуіне маржан балдырларының ықпалы үлкен. Қызыл балдырлардың көптеген түрлерінен салат, тұздық, сорпа жасалады, кептірілген күйінде де пайдаланады. Родимения және порфира түрлері жеуге жарамды болғандықтан, Тынық мұхиты жағалауындағы бірқатар елдерде (Жапония) оларды өндірістік тұрғыда арнайы өсіреді. Қызыл балдырлардан бағалы зат — агар алынады, балдыр ұны тыңайтқыш, малға азық ретінде пайдаланылады