Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Сары-жасыл балдырлар бөлімі – XANTHOPHYTA



бет17/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Сары-жасыл балдырлар бөлімі – XANTHOPHYTA.
Бұл бөлімге 2,5 мыңдай түр жатады. Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т.б. болып келеді. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларды мекендейді. Бұл жерлерде олар плактондардың, кейде бентостардың да маңызды компаненттерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге сары – жасыл балдырлар топырақта да және тастың бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, ал клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хроматофорында хлорофиллден басқа, толломға сары – жасыл түс беретін каратионоидтар болады. Пиреноидтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейкозиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады. Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі негізінен изогамиялы, сиректеу оогамиялы, болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады: оның біреуі қысқа, түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.
Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады: Ксантомонадалылар класы (Xanthocapsophyceae), Ксантоподалыларкласы класы (Xanthopodophyceae), Ксантокапсалылар класы (Xanthococcophyceae), Ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceae), Ксантосифондылар класы (Xanthosiphonophyceae).
Осы 6 кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы. Сондықтан да осы класқа қысқаша тоқталамыз.
Ксантосифондылар класы ( XANTHOSIPHONOPHYCEAE)
Бұл класқа сифонды құрылысты, басқаша айтқанда талломы клеткаланбаған сары – жасыл балдырлар жатады. Кластың негізгі туысының бірі – вошерия (Vaucheria). Вошерия туысын соңғы уақыттарға дейін жасыл балдырлар бөліміне жатқызып келген. Алайда пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты сары – жасыл балдырларға жатқызуға мәжбүр болды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара – көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризойдтары арқылы бекініп тұрады. Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы, диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофорлары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген, екеу-екеуден жұптасқан, талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогомиялы. Антередийі мен оогонийі бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң, зигота редукциялық жолмен бөлінеді де, өсіп жаңа особьқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет