Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Санырауқұлақтардың құрылысы және көбеюі



бет20/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Санырауқұлақтардың құрылысы және көбеюі.
Саңырауқұлақтардың мөлшері жағынан өте кішкене, тек микроскоппен ғана керінетіндері жөне салмағы бірнеше килограмға жететіндері де болады. Олардың өсімдікке де, жануарға да тән белгілері бар.
Өсімдіктерге тән белгілері: Өсімдік сиякты бір орыннан қозғалмайды; канша тіршілік етсе, сонша өсе береді; тарамдалады; жасушасында қалың қабыкшасы болады; коректік заттарды жануарлар сиякты жұтпай, өсімдіктер сиякты бүкіл денесімен сорады.
Жануарларга тән белгілері: хлоропластары болмайды, сондыктан фотосинтез процесі жүрмейді. Ағзалык затты (қоректік заттар) өз жасушасында түзе алмайтындыктан, ж;ануарлар сиякты дайын ағзалык заттармен коректенеді; жасуша қабықшасы бунақденелерге ұқсас нөруызды хитинді; ж:асушадағы қоректік кор заты өсімдіктерден ерекше: өсімдіктерде - крахмал,ал саңырауқұлақтарда жануарлардікі сияқты -гликоген (грекше «гликис - тәтті + генос — шығу тегі», «тәтті зат»). Осындай ерекше белгілеріне карап, саңырауқұлақтарды тірі табиғаттың ерекше тобы етіп біледі. Саңырауқұлактарды зерттейтін ғылымды микология (грекше «микос» - саңыраукүлақ) дейді.
Саңырауқұлақтардың өсімді денесі түссіз әрі тарамдалған жіңішке жіпшелерден түзілген жіпшумақтан тұрады. Жіпшелер ұшынан өседі және жан-жағына жайылып тарамдала береді. Құрылысы қарапайым саңырауқұлақтардың (мукор) жіпшелері перделермен бөлінбей, тарамдалып өседі. Саңырауқұлақтардың басым көпшілігінің жіпшелері перделермен бөлінген көпжасушалы болып келеді. Олар жіпшелері арқылы ағзалық және байағзалық заттарды сіңіріп, қоректенеді. Қалпақшалы саңыраукұлактардың жіпшелері топырак астында 10-12 см тереңдікте болады. Сондықтан көзге көрінбейді. Ағаштарға жабыса бекініп өсетін саңыраукүлақтар да бар. Олардың жіпшелері ағаш сүрегіне енеді де,көзге байқалмайды.
Жасушасының сыртында қатты кабығы, ішінде цитоплазма, ядро, митохондрия, лизосома, рибосома, вакуоль бар. Вакуольде гликоген, май, май қышкылдары кең болып қорға жиналады. Жасушаның қатты кабығы сыртқы ортаның колайсыз жағдайына төзімді болуын камтама-сыз етеді. Ядросы өте ұсақ, бір және бірнеше ядролары болады.Саңырауқұлақтар өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбейгенде жіпшелері үзіліп, әрқайсысынан жіпшумақта бүртіктер пайда болады, яғни бүршіктенеді (ашытқы саңырауқұлағы). Қолайсыз жағдайға төзе алатын қабығы оте калың жасушалары түзілген жіпшелеріндегі төмпешіктері. біртіндеп үлкейеді. Кейін бөлініп, оз алдына тіршілік етеді. Жыныссыз көбею кезінде зооспора, спора, конидий аркылы өтеді. Конидий - грекше «konia – шаң, eidos - түрінде», яғни шаң түріндегі спора. Зооспорада (қозғалғыш споралар) талшықтар болады. Ол спора сияқты арнайы орында дамиды. Әсіресе саңырауқұлактардың суда тіршілік ететін түрлері қозғалғыш споралар арқылы кобейеді.
Спора — саңырауқұлақтардың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымды жасуша. Споралар түзілетін орын спорангий деп аталады. Қолайлы жағдайда споралардан жіпшелер шығады. Конидий де спораның бір түрі. Конидийлер арнайы жіпшелерінің бөлінуінен пай­да болады.


Саңырауқұлақтардың табиғатта таралуы. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% кұрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. Құрамында кантты заттары да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі.Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңыраукұлактардан ажырата білу керек. Жауынды жыл мезгілдерінде саңыраукұлақтардың қандай түрін болса да кездестіруге бола­ды. Солардың ішінде жеуге жарайтын саңырауқұлактың 40-ка жуык түрі 6ap


Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) Қазақстанда ақ саңырауқұлақтар топталып өседі. Бұл саңыраукұлак тіпті шөл және шөлейтті жерлерде де кездеседі.Оның дөңес қалпақшасы, мықты түбіртегі болады және қалпақшасының астында түтікшелері бар. Бұл саңырауқұлақты ормандағы қайыңның, шыршаның, еменнің түбінде өсетін ақ саңыраукұлактармен шатастыруға болмайды. Арышқұлақтар - карағайлы, шыршалы орманда, көктерек саңырауқұлағы көктерек түбінде еседі. Майқұлақ, ойысқұлақ тұлкіжем, қозықұйрық санырауқұлақтары да жеуге жарайды.


Жеуге жарамайтын жалган тцлкіжем кәдімгі түлкіжемге оте ұксас. Жалған түлкіжемнің қалпағының үстіңгі беті тегіс, кызғылт сары түсті. Кәдімгі тулкіжем қалпағының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақпіыл сарғылт түсті. Қалпақшасын бөліп карағанда, ак шырын бөлінеді. Улы саңырауқұлақ - боз арамқұлақ, сырттай карағанда, қозықұйрыққа ұқсас. Бірақ






Сурет 1. Саңырауқұлақ түрлері: Қозықұйрық, Ақ саңырауқұлақ, Тыржынқұлақ, Көңқұлақ


оның козықұйрықтан айырмашылығы - боз арамқұлақ калпақшасының астыңғы жағы ақшыл жасыл түсті. Қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы аққызыл түсті болады. Қозықұйрықтың Қазақстанның сазды, такыр жерлеріндө өсетін де түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет