Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Алмұрт туысы (груша – Ругиа



бет36/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Алмұрт туысы (груша – Ругиа). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20-дай түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясыңда 17 түрі белгілі, ал Қазақстаңда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмүрт (груша обыкновенная) табиғи жағдайда өзгергіш больш келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман түзіп өседі (бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік батысында және Кавказдың, Орта Азияның, өсіресе таулы аудандарыңдағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы түрден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына уссурий алмүртының (груша уссурийская ) (Қиыр Шығыс, Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмүрттың (груша лохолистна қатысы үлкен болады. Шетен туысы (рябина). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі белгілі. Бұрынғы ССРО-ның флорасында 34-түрі, ал Қазақстаңца 3 түрі кездеседі. Аса кең тараған түрі көдімгі шетен (рябина обыкновенная — 8.аисирагіа), оның ақ түсті гүлдері үлкен қалқанша төрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады (варенье, қақ, компот). Шетеннің осы түрінен И.В.Мичурин қош иісті тәтті жемістері бар сортгар шығарды. Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б. Дүниежүзінде 15000-нан астам алма сұрыптары болса, олардың барлығының атасы – Жоңғар және Іле Алатауындағы ормандарда өсіп жатқан табиғи сиверс алмасы екен. Ғалымдардың айтуынша, Қазақстандағы алма ағаштары 10 мың жыл бұрын пайда болған. Ең қызығы, Қазақстанда алма бақтары емес, «алма ормандары» бар. Әлемде жойылып кеткен кейбір алма түрлерін Қазақстандағы ормандарда өсіп тұрған алма ағаштары арқылы қайта қалпына келтіруге болады. Бірақ ол үшін қазақ жеріндегі алма ағаштары бар ормандарды сақтап қалуымыз керек. Құндылығы, мұндағы әрбір алманың гендік құрылымы бір-біріне ұқсамайды, әрі қайталанбайды. Кейбір алма түрлерінің гендері біз үшін өте маңызды. Өйткені олар басқа ешбір жерде кездеспейді. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары жерсіндірілген, оның 20-сын қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет