Арнайы (коррекциялық -түзету) мектептегі саяхат (топ серуен). Саяхат (топсеруен) типтері: Пәндік мазмұны бойынша – тақырыптық және кешенді (пәнаралық).
Сипаттамасы мен оқу міндеттері бойынша – кіріспе, ағымды (кезектегі), қорытынды.
Саяхатты (топсеруенді) ұйымдастыру. - мұғалімнің дайындалуы – мақсат-міндеттерін анықтау, оны жеткізудің мазмұны мен әдістерін іріктеу, топ серуен орнына бару, бақылау объектілерін анықтау және даярлау;
- оқушыларды дайындау – болашақ іс-әрекетке мақсаттандыру, топсеруенді өткізу жоспарымен таныстыру, тәртіп ережелерін қайталау, құрал-саймандармен қамтамасыз ету, тапсырманы орындауға мағлұмат беру.
Топсеруенді жүргізу әдістемесі. 1 кезең. Топсеруенді дайындау және ұйымдастыру.
2 кезең. Оқушылардың зерттелетін объектілерге шығуы. Және сабақ тақырыбы бойынша материалды игреу. Оқушылардың топсеруен кезеңіндегі іс-әрекеті-бақылау, сурет салу, материалды жинақтау, практикалық тапсырмаларды орындау, әңгімелесу.
3 кезең. Топсеруенде жиналған материалдарды өндеу, оның нәтижесін қорытындылау.
Оқушылардың үй (оқу) жұмысын ұйымдастыру. Бағыттылығы- оқытылғанды бекіту, білімдерін кеңейту және тереңдету, танымдық қызығушылықты және дербестікті дамыту, жауапкершілікті, шыдамдылықты дамыту.
Ұйымдастыруға қойылатын талаптар: - оқушыларды үй тапсырмасын сабақта орындауға даярлау;
- оқушылардың жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін еспеке алу;
- тапсырмалардың сай болуы мен дұрыстығы;
- сақталу-педагогикалық күн тәртібімен үйлесімділігі;
- мұғалім, тәрбиеші және ата-ана жағынан қойылатын талаптардың бірлестігі.
Нормативтер. Үй тапсырмасының көлемі сабақта өткен материалдың 1/3 бөлігінен аспауы қажет, әлсіз оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
Өздік даярлық ұзақтығы « сынып – 30-40 мин. 2-3 сынып – 1 сағатқа дейін, 4-9 сынып – 2 сағатқа дейін.