Оқушылардың білім және мүмкіндіктерін тексеру және оларды бағалау. Оқушылардың білімін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру мен бағалау Функциялары:
Оқытушы – оқушылар білімінің жүйеленуін, жалпылануын, нақтылануын, кеңейуін және толықтырылуын қамтиды.
Тәрбиеші-дамытушы – өздік бақылауға, өздік оқу әрекетін дұрыс бағалауын қалыптастыруға және мұғалім мен сыныптастар жағынан берілетін бағаға дұрыс қатынас жасауға әкеледі.
Түзетуші – психикалық процестердің, эмоциялық-ерік аумағының және тұлғалық аумағының түзетулуін қамтиды.
Белсендіруші – жетілген нәтижені жақсартуға, мақсатқа жетуге машықтанды, өздік мүмкіншіліктеріне деген сенімді аттырады, жағымды мотивацияны тудырады.
Жобалаушы – оқушылардың даму жолын қарастыруға, сәттілік пен сәтсіздік сызығын құрастыруға, білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың қалыптасу жолын бейнелеуге мүмкіндік береді.
Есепке алу түрлері: - ағымды: бақылау әдістері – бақылау, жүгіре сұрау;
- кезеңдеп (аралық): бақылау әдістері – ауызша сұрау, бақылау мен практикалық жұмыстар;
- қорытынды: бақылау әдістері – сұрау, сынақ, емтихан, бақылау жұмыстары.
Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды(БІД) тексеруге және бағалауға қойылатын талаптар: Бағада оқушының шынайы жетістіктерінің бейнеленуінің объективтігі.
Материалды игеруінің динамикасы мен сапасын бейнелеу, есепке алу мен бақылаудың жүйелілігі мен жиілігі.
Стереотиптердің қалыптасуының алдын алу мақсатымен қолданылатын бақылау әдістері мен формалардың әр түрлілігі мен динамизмы.
Талаптардың дифференциалдануы, олардың оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы, жеке есепке алу мен бақылауды қолдану.
Арнайы (түзету )мектепте қолданылатын тәрбие әдістері. - практикалық әдістер – мінез-құлықты қалыптастыру әдістері (үйрету, жаттығу, тәрбиелеуші ситуацияларды туғызу, ойын);
- сөздік әдістер – сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелесу, әңгімелеу, дәлелдеу, түсіндіру);
- белсендіру әдістері – мадақтау мен жазалау әдістері (мақтау, ризашылықты білдіру, мадақтау, ескерту, сөгіс беру, белгіленген құқытан айыру).