Лекция №6 Ас қорыту жүйесі. Зат пен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы


Тамырлардағы қанның қысымы, оның жас ерекшелігі



бет8/9
Дата24.08.2023
өлшемі138,58 Kb.
#105559
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6-7 дәрістер

Тамырлардағы қанның қысымы, оның жас ерекшелігі. Tipi организмде қан тамырларының бос қуысы болмайды, олар қанға толы болады немесе жиырылып тұрады. Қан капиллярларында қан болмауы мүмкін, бірақ онда қуыс орын болмайды. Үлкен қан айналыс жолының тамырларында қанның қозғалуы үшін үлкен қысым болуы
тиіс. Ересек адамның сол жақ қарыншасының қалың күшті еттері жиырылып қолқаға қанды күшпен айдайды. Қарыншадан қан қолқаға айдалған сәтте қолқадағы қысым
шамамен сынап бағанасымен (с. б.) 150 мм-ге (немесе 2 м су биіктігіне) тең болады, ал иық артериясындағы ең жоғарғы қысым 120 мм болады. Жүректен айдалған қан алыстаған сайын, қан тамырлары тарамдалып, қанның қысымы азаяды: капиллярларда с. б. 40 мм-ге тең. Сөйтіп қан физикалық заң бойынша қысымы көп жерден аз жерге жылжиды. Ал ұсақ вена тамырларында қанның қысымы не бары 10-4 мм. Сондықтан адам дем алғанда вена
тамырлары созылады да ондағы қысым с. б. 5 мм-ден төмендейді, сөйтіп веналарда қан сорылады. Вена тамырларында қанның қайта қайтуына тамырлардың бойындағы қақпақшалар кедергі жасайды. Қан қысымы жүрек еті босаған кезде төмен болады, шамамен с. б. 70- 80 мм. Қанның қысымы жүректің жағдайын білдіреді. Адамның қан қысымы с. б. 110-120/70-80 мм. Сынап бағанасымен 110-120 мм қолқаға қан айдалғандағы иық артериясындағы қысым. Мұны систолалық, немесе жоғарғы, немесе максимальды қысым дейді. Ал 70-80 мм - сол жақ қарыншалардан қан айдалып, оның еттері босаған кездегі иық артериясындағы қысым. Мұны диастолалық, немесе төменгі, немесе минимальды қысым дейді. Қанның қысымы адамның жасына, денсаулығына, жүрегінің қалпына байланысты. Жыныстық жетілу кезінде қанның қысымы айтарлықтай артады.
Қанның систолалық қысымы негізінде жүректің, ал диастолалық қысымы қан тамырларының жағдайын білдіреді. Балалардың қанының диастолалық қысымы ересек адамнан екі есеге жуық кем, өйткені бала денесінің тамырлары қысқа және ересектермен салыстырғанда кеңірек болады. Қартая келе тамырлардың серпімділігі төмендейді, ал қанның қысымы жоғары болады.
Қанның қысымына сай қанның қозғалу жылдамдығы да түрлі тамырларда әртүрлі болады. Қолқа тамырында бұл жылдамдық қарыншаның систоласы кезінде секундына 1/2 м, ал диастоласы кезінде ол секундына 1/3 м, капилляр тамырларда секундына 0,55 мм ғана, яғни қолқа тамырынан 1000 есе кем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет