Лекция №6 Ас қорыту жүйесі. Зат пен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы


-кесте. Балардың жасына лайық тамақ мөлшері (%)



бет5/9
Дата24.08.2023
өлшемі138,58 Kb.
#105559
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-кесте. Балардың жасына лайық тамақ мөлшері (%)



Тамақтану

Кішкентай

Ересек балалар

Таңғы І-ші тамақ

15

20

Таңертеңгі ІІ-ші тамақ

10

-

Түскі ас

35

40

Түс ауа тамақтану

15

15

Кешкі ас

25

25

Тамақ әртүрлі, дәмді дайындалса, асхана таза болса, баланың зауқы ашылып, жақсы тамақтануына себеп болады. Қазақстан Республикасы тағамдану академиясының қызметкерлері балалар үшін емдік маңызы бар ғылыми зерттеліп, негізделген тағам түрлерін ұсынды. Олардың біразы сәбилерге арналған сүттен ашытылып жасалатын “Балбөбек”, “Балдырған,” “Жігер” сияқты құрамы иммундық қасиетке бай және ана сүтіне өте жақын нәресте тағамдары.


Лекция № 7
Қанның физиологиясы мен жас ерекшеліктері. Қан айналу жүйесі.


Қан айналу жүйесінің маңызы. Қан айналу жүйесі тоқталмай, үнемі жүріп жататын зат алмасуын қамтамасыз етеді. Оның бұл қызметі қан тамырларында қанның
қозғалып, барлық ірілі-ұсақты тамырларға заттарды тасуы арқылы іске асады. Яғни қан айналысы тасымалдау қызметін атқарады. Ол: а) ас қорыту мүшелерінде қорытудан
пайда болған қоректік заттарды күллі ұлпаларға, клеткаларға тасиды; ә) зат алмасуынан пайда болған пайдалы заттарды клеткаларға, ал қажетсіз заттарды зәр шығару
мүшелеріне тасиды; б) заттардың тотығуына қажетті оттегіні өкпеден клеткаларға тасиды және клеткадағы пайда болған көмірқышқыл газын өкпеге алып келеді де, оны сыртқа
шығарады; в) химиялық белсенді заттар - гормондарды, ферменттерді, қорғау қызметін атқаратын антиденелерді - тасымалдайды; г) мүшелерді біркелкі температурада сақтауға
қажетті жылуды тасиды және дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады; ғ) клеткалар мен ұлпалардың қызмет етуіне қажетті тұрақты жағдайларды сақтауға
қатысады және оларды қоректендіреді.
Адам организміндегі қанның айналуы тұйық түтіктің, қан тамырларының бойымен қозғалып, қанды жүрекке және күллі мүшелерге тасиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет