Лекция №6 Ас қорыту жүйесі. Зат пен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы


Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме



бет2/9
Дата24.08.2023
өлшемі138,58 Kb.
#105559
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы оқталысымен тірлік жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар мен су кіреді де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.
Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимиляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.
Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферментер ал бейорганикалық заттарга: су, түрлі минерал тұздар жатады. Денсаулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті затгармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті “құрылыс материалдары” денеге тамақтану аркылы жеткізіледі. Әр адам өмір бойы өзінің салмағынан анағұрлым артық белоктар, майлар, көмірсу, тұздар мен суды қабылдайды. Мысалы, 65-70 жас өмір сүрген кісі шамамен 50 т су ішетін көрінеді, ал жейтін белогы 2,5 т, майлары 2 т, көмірсулері 10 т, 200-300 кг ас тұзын жейді екен. Бұл зат алмасуының организмде күшті екенін көрсетеді. Eгep денеде зат алмасуы болмаса, адам организмінде қанша заттар жиналып қалар еді!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет