Лекция №6 Ас қорыту жүйесі. Зат пен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы


Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері



бет7/9
Дата24.08.2023
өлшемі138,58 Kb.
#105559
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6-7 дәрістер

Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері. Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары кезекпен жиырылып, босайды, содан соң толық демалыста болады.
Жүрек етінің жиырылуын систола, босауын диастола, демалуын пауза деп атайды. Жүректің бір рет жиырылып және босап, демалуын жүрек циклы деп атайды. Орта есеппен алғанда ересек адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет жиырылады, яғни бүкіл цикл 0,8 с. Жүректің бір циклы 3 кезеңнен тұрады: а) жүрекшенің систоласы 0,1 с; ә) қарыншаның систоласы 0,3 с; б) жалпы пауза 0,4 с. Ауыр дене еңбегі кезінде жүрек жиі соғады. Жаңа туған сәбидің жүрегінің соғу жиілігі жоғары: 1 минутта 120-168 ретке. Содан соң біртіндеп азаяды. 8 жасқа дейін жыныстық айырмашылық онша емес, ал 8 жастан бастап айтарлықтай айырмашылық бар. Жүректің соғу жиілігіне сыртқы ортаның әсерінің күшті ықпалы бар: дене еңбегі кезінде, эмоцияда, тауға көтерілгенде т.б. жағдайларда жүректің соғу жиілігі артады, ұзақ уақыт спортпен шұғылданған адамның жүрегінің соғу жиілігі азаяды.
Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 60-80 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систолалық көлемі дейді, ал әр қарыншаның 1 минутта өзінен өткізетін қанның мөлшерін қанның минуттық көлемі деп атайды. Минуттық көлемді табу үшін систолалық көлемді жүректің 1 минутта жиырылу санына көбейтеді. Жүрек жиырылған кезде біраз мөлшердегі қан жүрек қуысында қалып қояды. Оны қанның қор мөлшері деп атайды. Қанның систолалық, минуттық және қор мөлшерлері жүрек қызметінің көрсеткіштері. Олардың көлемі адамның жеке басының қасиеттеріне, жасына және жынысына байланысты. Айталық спортпен үнемі шұғылданып жүрген адамның бұл көрсеткіштері жай адамнан гөрі көп, ал жүрегінің соғу жиілігі аз болады. Мысалы, үнемі жүзумен шұғылданған спортшының жүрегінің соғу жиілігі минутына 50 рет болып, оның бұлшық еттеріне қажетті оттегі систолалық мөлшердің көбеюі арқылы қамтамасыз етілсе, жаттықпаған адамда жүректің соғу жиілігінің көбеюі арқылы қамтамасыз етіледі.
Жүрек еті тез жиырылады, оның жүрекшелері мен қарыншаларының арасындағы және қолқа тамырының кіре берісіндегі қақпақшалары да тез ашылып, жабылады. Соның нәтижесінде дәрігер жүректің жұмысын тексергенде тыңдайтын жүрек дыбыстары естіледі. Eгep жүрек еттері әлсіз болса немесе қақпақшалардың серпімділігі төмендесе, жүрек дыбыстары өзгереді.
Сол жақ қарыншадан қан қолқа тамырына айдалған кезде ол кеңейеді, бірақ тамыр қабырғасының серпімділігіне байланысты қайтадан тез жиырылады. Сондықтан артерия тамырларының бойымен босау және жиырылу толқындары жайылады. Мұны пульс дейді. Адамның денсаулығына, дене жағдайына, жасына сай оның пульсі өзгереді. Баланың қан тамырлары серпімді және жылтыр болады, ал адам қартая келе бұл қасиеттер
нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет