Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет23/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

13-14 лекция. Педагогтың жеке тұлға ретіндегі психологиялық-педагогикалық жәпе арнайы дайындығы



  1. Педагог мамандығының мазмұны

  2. Тұлғаның кәсіби педагогикалық бағыттары

  3. Педагогикалық құштарлық пен қабілеттер

  4. Педагогтың кәсіби этикасы

Адамды өмірдегі міндеттеріне қарай, негізінен іс-қызметіне қарай сипаттайды. Жеке тұлға ретінде адамның рухани байлығы мен қабілеті еңбекте көрінеді. Еңбек ету адамның өмірдегі басты атқаруға тиісті міндеті және өз қызметін, өз кәсібін, өз мамандығын сүйетін адам ғана езін нағыз куанышты сезіне алады.


Еңбекке деген қажеттілікті, ауаға немесе тамаққа деген физиологиялық қажеттілікпен салыстыруға болмайды. Тамаққа, тұрған үйге, киімге деген қажеттілік, бұл ағзаның тіршілік етіп өмір сүруге қажетті майда дүниесі. Ал, еңбек деген қажеттілік - әлеуметтік, адамгершілік қажеттілігі.
Еңбекке деген сүйіспеншілік, біздің ел халықтарының өмірін мәнге, рухқа толтырып күш береді. Адам өзінің кәсібінде әбден жетіліп қоғам үшін игілікті іс жасайды, жалпы халықтың жасампаз еңбегіне өзінің жанының күшін аямай салады. Барлығына аян, кімнің дайындығы жақсы болса, кім көп білсе, кім өзінің таңдап алған жұмысын, қызметін жақсы көрсе, сол көбірек нәтиже, табыс әкеледі.
Кәсіп деген не? Бұл адамға өмір сүру үшін, қызмет ететін жинақталған ұғымға қажетті қызмет түрлері. Жердегі кәсіп мыңдап саналады. Олардың әрқайсысы көптеген мамандықтарды қамтып тарихи процесте еңбектің айырмаланып бөлінуін көрсетеді. Сонымен мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметіндегі кішкене жіңішке түрі, кезінде адам сол мамандық арқылы үлкен шеберлікке жетті, үйренді және қажетті қабілет жинады. Мысалы: кәсібі педагог (ұстаз), мамандығы-дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі (оқытушы) немесе спорт түрі бойынша жаттықтырушы.
Кәсіп - бұл еңбек қызметінің түрі, яғни үйрену процесіндегі белгілі бір білімге және қабілетке сүйеніп орындалатын мүмкіндік. Ол адамның қоғамдағы әлеуметтік орнын белгілеп, оған материалдық және рухани байлық ретінде қызмет етеді. Кәсіп білім алумен, қызығумен, қажеттілікпен, материалдық жағдаймен тығыз байланысты болып жеке тұлғаның ойлау қорына, өмірлік көзқарасына, мінез-құлық нормасына, сыртқы келбетіне әсер етеді. Көптеген мамандық иелері сылбыр, белсенділігі төмен және ісіне бейжай қарауы мүмкін. Олардың арасында өз ісіне шексіз берілген, өз ісінің қорытындысына, жемісіне деген ыстық ықыласы мол, оны үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, жоғары кәсіптік шеберлігі бар және өз кәсібін мақтаныш ететін мамандар да кездеседі.
Әрбір жоғары оқу орнының, мекеменің, кәсіпорынның негізін қалайтын кәсіби маман қызметкерлер болып табылады.
Кадрлар бұл жұмыс тәжірибесі мол және жоғары кәсіби шеберлігі бар, тұрақты, дайындалған қызметкерлер құрамы. Сондықтан, өз ісінің кәсіби маманы, уақытша жаңадан жұмысқа орналасқан жұмысшыларға қарағанда жоғары сатыда тұрады. Жұмысқа қабылдарда кәсіби маманды (кадрларды) бірінші кезекте қабылдайды. Бұл ұғымның терең мәні бар - кәсіби маманның кәсіби деңгейі, жұмысқа деген ынтасы және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігі атап көрсетіледі. Кәсіби шеберліктің деңгейін жоғарылата түсудің бірден-бір шарты мынада: саналылық пен ілімдік деңгейін көтеру, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуында, өзінің техникалық білімін тереңдете түсуінде болып саналады. Жеке тұлғаның - кәсіби шеберліктен айырмашылығы - оның жеке басының мүддесі үшін жұмыс істеуінде, жеке басының пайдасын түсінуінде.
Себеп және ынта саналы еңбек барысында үлкен мағынаға ие.
Себеп - еңбектің ішкі себептерін оятушы. Себеп бірнеше түрге бөлінеді: материалдық (күн көру қажеттілігі), моральдық, адамгершілік, рухани (істеген еңбегінің нәтижесіне ризашылық ету).
Ынта - еңбектің сыртқы себептерін оятушы (мысалы еңбекке). Өмірде материалдық ынталану үлкен мағыналы орын алады, өйткені, ол өмір сүру талабы. Еңбектегі себеп және ынтаны оятушы болып қоғамды мойындау, рухани қанағаттану, абыройды сезіну, ортада және қоғамдағы сыйлылығы деп есептеледі. Адамныи кәсіби бейімділігі оған мамандық таңдағанда үлкен ықпал жасайды, сол себептен адамды жұмысқа қабылдарда осы кәсіби бейімділігіне көп көңіл бөлінеді, ал оқып, біліп меңгеру кісінің кәсіби деңгейінің жоғарылауына көмектеседі. Ғалымдардың пікірінше, кез келген кісі өзі қызыққан, ұнатқан мамандықты тез игереді, сондықтан ондай кісінің еңбегі әр уақытта сапалы және тындырымды деп есептеледі. Ал жоғары кәсіби дайындық әр уақытта кәсіби білімі деңгейін жоғарылатып, ізденіп отыруды талап етеді, сонда ғана адам жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге, жетістіктерге жетіп отырады. Қазіргі заманымыздың мамандарынан - өте мәдениетті, білімі өте жоғары деңгейде, нағыз интеллегент болуын талап етеді. Қызметкерлердің кәсіби деңгейінің жоғарылауы әр кезде жоғары дәрежедегі дайындығынан, әлеуметтік белсенділігінен, саяси білімділігінен, өз мамандығының өзгерістерін, жаңалықтарын уақытылы біліп, көріп отыруына байланысты болады, айталық дене мәдениеті және спорт маманы.
Қазақстан Республикасы өкіметі жоғары мамандандырылған педагог, тәрбиеші кадрларды дайындауға үнемі қамқорлық жасап, мән беріп отырады. Себебі педагогтың, соның ішінде дене мәдениеті және спорт маманы саласының еңбегі болашаққа бағытталған. Ол адамның бойындағы күш пен ойдың шексіз бай мүмкіндіктерін ашуға көмек береді, жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына белсенді түрде әсер етеді, адамның қоғам мүшесі ретіндегі әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы адамгершілік міндеттерін шешеді.
Педагог өз еңбегіне бейімді, әрі икемді болуы керек. Бейімді әрі икемді деп, сол еңбек түріне қажеттілікті, белгілі бір қызметке деген ынта мен қабілеттілікті айтады. Ол жеке тұлғаның еңбек ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес, мінез-құлықтары мен сапалар жиынтығында анықталады. Мысалыға, педагог еңбегінің ерекшелігі - бұл ең алдымен балаларға, жеткіншектерге, жастарға деген сүйіспеншілік, олармен еңбек етуге ықыластану, күштар болу, ынталану, еңбек процесінің өзіне және соның нәтижесі мен табысына, қорытындысына өзінше іштей қанағаттану. Икемділік пен бейімділік өзінің кәсібіне деген көзқарасы жағымды, әрі ұнамды сезімде болуы керек. Ол туа бітті болуы немесе еңбек қызметі барысында қалыптасуы мүмкін.
Педагог кәсібінің мағынасы тәрбие, білім беру, окытып үйрету болып табылады. Оның қызметінің ерекшелігі сол еңбегінің жемісі, тек өзінің оқушыларға деген ықпалы мен әсерінің қатынасында емес, сонымен бірге оқушылардың өзіне деген қарым-қатынасына байланысты.
Педагогикалық шеберлік шығармашылық жоғарғы сана-сезім, ойлап тапқыштық пен тапқырлық, ұстамдылық өз пәні мен тәрбие жұмысының әдісін білу сияқты қозғаушы күштермен сипатталады.
Адамды тәрбиелеу - шексіз маңызды іс, ол нәзік әрі қиын, күрделі жұмыс, ал бірақ, жоғары дәрежеде құрметті. Тәрбиеші барлық уақытта адамның ішкі жан дүниесімен, оның дүниетанымымен, сезімімен, ойымен, ынтасымен және үмітімен қатынасы болып тұрады.
Оқытушы өзінің жеке тәжірибесіне, талантына, білімділігіне қарамай шәкірттерінің ойы мен санасында із қалдырады. Ол оны қажет етсе де, етпесе де бәрібір мұғалімнің бір бөлігі шәкіртінде өмір сүруді көрінбей жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы мен әлем, олимпиада чемпионы, ұлы ғалым мен кадрлы қызметкер, әртіс пен космонавт, ірі кәсіпкер мен өкім барлығы да балалық шағында оқушы, шәкірт болған. Олардың өмірлік жолдарында белгілеген кәсіпті таңдауы, кәсіби шеберлігі және тағы басқаларды өздерінің педагогтарынан, оқулықтардан, ақыр аяғында өздері оқыған мектеп кеңістігінен, ауласынан көптеген қасиетті сіңірді. Қанша жыл өтсе де, самайына ақ түскен генералдар мен профессорлар, жұмысшылар мен ауыл еңбекшілері өздерінің мектептегі мұғалімдерін, ұстаздарын зор, жылы ықыласпен, солардың ішінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушы ұстаздарын да еске алып отырулары кездейсоқтық емес. Кейде жылы ықылассыз, салқын да еске түсіріп отыратындары кездесіп тұрады, ал бұған тек педагогтың өзі кінәлі. Ал, өз кезегінде оқытушылардың да өздерінің барлық жақсы және "қиын" тәрбиеленушілері естерінде қалады.
Педагогтың жоғары да, мәртебелі азаматтық борышы өзінің оқушы-шәкіртінің бойына жеке тұлғалық жоғары өнегелілікті, өзінің елі үшін берілгендікті, тұрақты мінез-құлықты, еті тірі және өмірге бейімділікті, табандылық пен адалдыққа тәрбиелеуден тұрады. Адамда ынта мен тәртіп, арман мен саралы ақыл, қажырлылық, ерлікті көкоеу және ұзақ уақыт тынымсыз еңбекті атқара алатыны немесе көрісінше кәдімгі қарапайым және адамды жалықтыратын, қызықсыз жұмыстың өзін орындай алулары үйлесіп отыруы керек. Әрине, педагогтың өзі бұл сапалардан басқа, өзінің кәсібіне тән бірқатар ерекше қасиеттерді меңгеруі табиғи заңдылық.
Педагог еңбегі жалпы адамдарға, әсіресе өзінің шәкірттеріне деген ықыласы және сүйіспеншілігіне, сонымен бірге, олардың сарқылмас болашағы мен дарындылығына, сол дарындылықты өзінің педагогикалық шеберлік жолдарымен оны ашу мүмкіндіктеріне сенуімен ерекшеленеді.
Қиын-қыстау, кей уақыттардағы ауыр жағдайларда өзін-өзі ұстай білу педагогқа тән қасиет, яғни, өзін-өзі оқушылар мен тәрбие жұмысы мүддесі үшін ұстайды. Тәжірибе көрсеткендей талап етусіз жасалған мейірбандық, ақ пейілдік бағытсыздыққа, бос сөзге, ал адал сыйластықсыз талап етушілік дәрекілікке, мәдениетсіздікке айналады.
Өз еңбегіне терең мән бермей, оған шын ниетімен берілмеген, үнемі шығармашылық ізденісте жүрмеген, мақсатсыз, батылдықсыз, жаңашылдықсыз адам педагог болуы мүмкін емес. Ол адалдықтың үлгісі, барлық уақытта оқушыларының көз алдында, өйткені ол мұғалім, яғни оның істеген ісі, ойы, пікірі, қылығы, киген киімі барлығы жақсы, үлгілі болуы керек.
Бұдан педагогты мүлдем кемшіліксіз, осал, әлсіз жері жоқ алаңсыз мінсіз адам деп айта алмаймыз. Мұндай адамдар болмайды, яғни болмасаң да, ұқсап бақ - дегенді (ал ереже бойынша жақсы педагог - ұқсау үшін әрдайым үлгі) ұстану керек.
Үнемі өзіне, жүріс-тұрыс мәнеріне, сөйлеген сөзіне қарауы, барлық уақытта елгезек және қайырымда болуы, өз білімімен қыспаққа алмай, қайта оны шын көңілімен оқушыларымен бөлісуі керек.
Сонымен бірге, педагогтың дәрігер сияқты қателесуге және кемшілікке жол беруге, басқа кәсіп иелеріне қарағанда құқығы аз. Себебі ол Жердің - ең игіліктісі, дәулеті адамды тәрбиелейді, жарықка шығарады, қалыптастырады. Оның еңбегінің жемісі мен табысы барлық уақытта лезде, тез арада, жылдам көрінбейді. Олар адамның барлық өмірі мен қызметінде піседі, жетіледі және анықталады. Қазақ халқының дана мақалындағы "He ексең соны орасың" дегендей. Педагог - деген өзінің жоғары міндетті іс күшімен, ол ед бірінші кезекте өзінің рухани байлығы сапасының тазалығын, дене дайындығының жетілгендігін нақтылы түрде және іс жүзінде көрсетуге міндетті.
Көптеген басқа кәсіп иелеріне қарағанда педагог көбінесе бір уақытта бірнеше рөлдерде ойнап шығады. Тәрбие мен білім берген кезде - ол мұғалім. Онымен оқушы сенім білдіріп ақылдасқанда, кеңескенде - ол оның жасы үлкен жолдасы. Педагог - ол суретші, әрі психолог, ол бір уақыттарда арманшыл, әрі реалист (міндетіне алған істі орындап шығатьш адам). Ол әрі әртіс, өйткені кейде кәсіп мүддесі үшін, өзін осылай үстауға, көрсетуге тура келеді. Педагогқа музыканы түсінуі және оны жақсы көруі, табиғатгағы болмысты талдауы, суреттерді "оқи" алуы және архитектура тілін білуі өте қажет. Бір сөзбен айтқанда ол білімдар, ақылды және оптимист (дүниеге сеніммен, шаттана қараушы) болуы керек, өйткені оған өзініңің өмірінде "неге" деген бірнеше мыңдаған сұрақтарға тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге ойымен және жүріс тұрысымен де жауап беруге тура келеді.
Педагогика - бірден-бір сирек кездесетін кәсіптердің бірі, онда адам неғұрлым көп берген сайын, өзінде соғұрлым көп алады, - ол өзінің шәкірттерінің жетістіктерімен шығармашылығынан рухани бийды. Педагог өзінің оқушыларын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырады, ал оның өзі, өз кезегінде тәжірибесі мен санасы өсіп, сапалы дамып, өзгеріп, жетіліп отырады. Солай болғандықтан, педагог уақыт талабы деңгейіне сай болуы үшін, үнемі өзінің, педагогикалық қабілетін жетілдіріп отыруы тиіс. "Педагогикалық қабілеттілік" - деген ұғымға ұйымдастыру қабілеті (ұжымды құра білу, оны әрбір жеке тұлғанын тәрбиесінін мүддесі үшін ұйымдастыру және басқару), педагогикалық талант (оқушылармен өзара байланыстың күрделі жүйесіндегі талап етуі мен мадақтаудағы сезім шамасы, болжам мен қайырымдылық), педагогикалық байқағыштық (педагогтың оқушының жеке фактісін және бүкіл тәрбиесінің бүтіндей дамуын болжау, бұл дамудың нақты бағытын анықтап тану және болжап білу, оның ішкі, кейде терең жасырылған және бүркелген, астыртын жағдайларын түсіну қабілеті), талап ету, жоғары әдістемелік шеберлік, демек өз білімін оқушыларға беру тәсілін жетік меңгеру, келіп түскен акпарды қабылдай біліп, оны дұрыс пайдалана білу және тағы басқалар жатады. Педагогтың сөзі оқушыларға дәл жене тура, тікелей әсер етеді. Оның көркемділігі, оқу материалдарын меңгеру дәрежесіне, тез ойлау процесіне, сөз қорларына, ойының тереңдігіне, тиянақтылығына, айқындылығына, қарапайымдылығына және еркін жүздесуіне, педагогтың өзінің аудиториясын жақсы игере білетініне және оның ерекшеліктерін ескеретіыіне, көз жеткізуіне байланысты болады.
Педагогтың шеберлігі - бұл туа бітті сапа мен қасиет емес. Тек қана, аянбай еңбек ету процесінде пайда болады.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру деп, педагогикалық еңбек пен оның жағдайынын жетілдіру шараларын жүзеге асыруды айтады. Сонымен, денешынықтыру тәрбиесі оқытушысының (жаттықтырушысының) еңбегін ғылыми ұйымдастыруы, оқытушыларды (спортшыларды) оқытып, үйретуге және тәрбиелеуге педагогтың мүмкіндігі бар, оқушылардың өздерінің шамасы келетін ен дұрыс, үнемді және мақсатқа сәйкес жолдарын пайдалана отырып, барынша тиімдісін қамтамасыз етуге бағытталған.
Педагогтың еңбегін ғылыми ұйымдастырудың ең негізгісі уақытты тиімді пайдалану, еңбек пен демалысқа қолайлы жағдайлар тудыру, шаршағанды басу, күшті қалпына келтіру сонымен бірге, педагогтар (ұйымдастырушылар) мен оқушылардың (студенттер), спортшылардың өздерінің денсаулығы мен жан-жақты дамуының қамын, жағдайын жасаудан тұрады. Дене мәдениеті және спорт маманы үнемі тірі адамдармен жұмыс істейді, яғни оның еңбегінің нәтижелілігі мен табысына жауапкершілік өте жоғары. Педагог өзінің еңбегін дұрыс ұйымдастыруы үшін жұмысты жоспарлау әдісін үнемі жетілдіруі, еңбек пен демалысты дұрыс байланыстырып алмастыруы, белсенді демалысты ұйымдастыруы, яғни әртүрлі қызметтің түріне қарай кезектестіріп құрылған демалысты ұйымдастыруы тиіс.
Педагог еңбегіне ерекше тән қасиет, ол өзінің көпшілік уақытын оқу, жаттығу және жарыстық сабақтарға бөледі. Бұл өте маңызды, себебі оқушылардың білімінің сапасы мен тәрбиелік дәрежесі, негізінде педагогтың жалпы оқу-тәрбие жұмыстары мен берілген сабакты өткізуге, сонын ішінде, берілген іс-шараларға қаншалықты мұқият дайындалғанына байланысты болады.
Жұмыс уақытын ұйымдастыру дағдыларының нашар болуы, жұмыс күні мен айын, тәулік бойынша маңыздылық дәрежесінде бөле қалмауы, әрдайым оқытушының сабаққа дайындалуға уақытының аз алуына әкеледі. Алдын-ала сабаққа тынғылықты дайындалудың орнына, оқытушы оны анда-санда қоғамдық жұмыстардың, тұрмыстық қамның, тамақтанудың және ұйқының арасында орындайды. Осының өзі оқу, тәрбие жұмыстарының сапасына әсер етеді, еңбекке деген қанағаттанушылық пен оқушылар арасында беделдің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Өз пәні бойынша үнемі терең білім мен шектес жаңа пәндерді жүйелі түрде оқу оқытушының еңбегін ғылыми ұйымдастыру элементтері болып табылады. Педагог өзі өсіп, дамып, жетілетін адамдармен жұмыс істейді. Бұл оны үнемі өзінің ой-өрісін дамытуға міндеттейді, өйткені ол өзінің оқушыларының алдында мамандық шеңберінде ғана емес, сонымен бірге жалпы білім жөнінде де, алда болуы керек. Дене мәдениеті және спорт маманы ғылым мен техниканың, әдебиет пен енердің маңызды жетістіктерімен танысып, күнделікті баспасөзді, теледидар мен радиохабарларды үнемі қадағалап отыруы керек.
Студенттер өздерінің оқытушысына барлық мәселелер бойынша үнемі байланысып, сұрап отыруы табиғи заңдылық. Әрине қай оқытушы болғанда, дүниежүзінде не болып жатқанның барлығын біле беруге мүмкіндігі бола бермейді, бірақ ең болмағанда, берілген сұраққа жалпы көлемде жауап беруге дайын болуы тиіс. Егер ол сұраққа жауап беруге дайын болмаған жағдайда, оны оқушыға хабарлауы тиіс, сосын келесі сабақтарда немесе бір уақыттардан кейін дайындалып, берілген сұраққа жауап беруі керек. Өздерінің адалдығы мен сенімі ғана оқушылардың құрметі мен сыйын жеңіп алуға көмек береді. Маман, өз жұмысының түрі мен әдісінін ұтымды жағын қарастырып, оқу мен тәрбиенін ең жаңа жолдарын қолданады. Ал, ол үшін дұрыс жоспарлаумен қатар мүмкіндігінше қолданатын сол немесе басқа әдістер мен формалардын адамдарға тигізетін әсерінің тиімділігін байқап, өзінің тәрбиеленушісінің ақыл-ойына, сезіміне және ерік-жігеріне өз ықпалының нәтижесін алдын-ала есепке алып отыруы керек.
Сонымен бірге, әрбір жаттықтырушы, оқытушы ақпаратты жинау, білімді алу, ой еңбегі тәсілдеріне, ойлай алу, талдау, мүмкіндігі болса оқу-жаттығу процесі кезінде, сынау әдістеріне үйретеді. Бірақ, тәрбие, окытып үйрету және жаттықтыру-жақтарының өздерінің айрықша ерекшеліктері бар екенін естен шығармау керек. Сонымен, шындығын айтқанда окытып үйрету немесе жаттықтыру процесінде білімнің, дағдының, іскерліктің қалыптасу барысын жоспарлауға, бақылаута әрбірден баға беруге болады. Ал, тәрбиелеу процесі жоспарлауға өте қиын көнеді. Тәрбие жұмыстарын, тәрбие іс-шараларын жоспарлауға болады, бірақ, адамдағы өнегелі сапаның қалыптасу жүйесінің процесін жоспарлау күрделі, шындығында мүмкін емес. Сол сияқты, тәрбиенің қорытынды нәтижесін, дәрежесін немесе адамның тәрбиелік деңгейін анықтау өте қиын. Бұл тек оқытушы үшін емес, сонымен бірге, адамның өзіне де ұғыну қиын. Сондықтан да, байқалмайтын, қарапайым, тұрмысқа икемсіз адамның өзі қиын-кыстау жағдайларда ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп жататыны кездесіп тұрады.
Бірақ, бұл тәрбиенің басқаруға келмейтін процесс екенін көрсетпейді. Педагогтің мақсаттылық күші, алдын-ала жасалынған үлкен дайындығы, психология жөніндегі білімі, адам тәрбиесіндегі себепті байланыстарын түсінуі, оның мақсатының бағытын, қызметінің себептерін, көбінесе дене мәдениеті және спортпен шұғылдану себептері - бұның барлығы тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды, әрі көрсетеді. Дене мәдениеті және спорт маманының педагогиканы, тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, оиың негізін терең оқып білуі, тәрбиенің, оқудың және ұйымдастырудын әдістерін, түрлерін игеруі міндетті. Сонымен бірге, ол дидактиканы, оны оқытудың мақсаты мен міндетін, негізін, әдістерін, ұйымдастыру түрлерін білуі, дене тәрбиесінің ілімі мен әдісін игеруі міндетті.
Біздің қоғамымыз мамандардан жоғары міндеттерді, олардың шығармашылық және ұйымдастырущылық қабілеттерін, сапалы-ілімдік білім алу дайындықтарын, оқытып үйрету мен тәрбиелеу әдістерін меңгеруін талап етеді.
Дене мәдениеті және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешеді. Олар қай жерлерде болмасын мектептерде немесе өндірістік ұжымдарда, жоғары оқу орындарында немесе дене мәдениеті және спорт департаментерінде. бөлімдерінде ерікті спорт қоғамында немесе басқа қоғамдық ұйымдарда жұмыс істесе де - өзінің жанкешті, адал, өнімді еңбегімен өзінің мамандығын көрсетуі және дене мәдениеті мен спорттың мәртебесін көтеруі тиіс. Дене тәрбиесі саласындағы мұғалімнің, оқытушының, жаттықтырушының, ұйымдастырушы қызметкердің білім деңгейі жылдан-жылға анағұрлым өсіп келеді. Қазіргі таңда, жаттықтырушы – тек жоғары білімі бар қатардағы маман ғана емес, көбінесе ол ғылым кандидаты, немесе ғылым докторы, профессор.
Мұғалімдер мен жаттықтырушылардың жұмыстарының қиындығынын ерекшелігі сол, соңғы уақытта спортта, "жасару" бағыты күшеюде. Кейбір спорттың түрлері сута жүзу, гимнастика, мәнерлеп сырғанау және т.б. спорттық жаттығуларын балалар ерте жасынан бастауда. Ол балалардан ақыл, ой және рухани күштерінің жұмсалуын, ал жаттықтырушылардан жаттықтыруды ұйымдастырудың амалдарын, әдістерін, түрлерін таңдауға өте нәзік, ғылыми негізде жақындауды талап етеді. Бұл, таңдап алу және болжау, жаттығу жүктемелерін, медициналық, педагогикалық бақылауды күшейту және т.б. мәселелерді көтереді.
Дене тәрбиесі маманы, бүгін әртүрлі жастағы адамдардың психологиясын білуі, тәрбиеленушілерінің тәртібін басқаруы, олардың ойын қалыптастыруы, қылықтарын бақылауы, олардың рухани жетекшісі болу тиіс.
Дене мәдениеті және спорт маманы қай жерде жұмыс істесе де, өзінің мамандығынан басқа да, мамандықтар саласында да терең білімі болуы керек. Мысалы, қазіргі заманғы дене тәрбиесі оқытушысы мен мұғалімі, жаттықтырушысы мен нұсқаушысы, биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология және т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімі мен әдісі, спорттық жаттығу негіздері) ғылымдардың негізін, жеке әдістер мен әлеуметтануды, басқару мен ұйымдастыруды және тағы басқаларды жетік меңгергендері жен. Ол, бұл ғылымдардың негізін білумен қатар, жаңа мәліметтерді меңгеруі, іс жүзінде жүзеге асыру тиіс.
Дене мәдениеті және спорт маманы жұмысының ерекшелігі, басым көпшілігінде, өзінің тәрбиеленушіге үйрететін жоспарланған сабақты іс жүзінде өзі де, орындай алуы керек. Басқаша айтқанда, ол әртүрлі әдіс тәсілдерді, қозғалыс-қимылдары мен іс-әрекеттерді қандай жағдайларда болмасын тәсілдік тапсырманың тез арада оң шешімін тауып, денешынықтыру жаттығуларының әдістерін мінсіз орындауы және т.б. үлгілі түрде көрсете білуі тиіс.
Дене мәдениеті және спорт мамандығы түлегінің таңдап алған, белгілі бір спорттың түрлерінен кем дегенде І-ші спорттық дәрежесі деңгейінде дайындығы болуы міндетті.
Оқытушы, жеке тұлғалық жақсы қасиеттерге, сабырлы, салмақты, жайлы мінезге ие болуы және тек жақсы оқушысына емес, сонымен бірге күрделі де, қиынш оқушыларға да тілектестікпен, қайырымдылықпен қарауы керек. Педагогтың, ең басты міндетінің өзі тәртіпсіз, қабілетсіз, күрделі оқушылардан, жақсы оқушыны тәрбиелеп шығарудан тұрады. Бұл әрине қиын да, күрделі мәселе, ал бірақ, қажет. Әсіресе, спортта бұл міндетті шешу күрделірек, өйткені, адамның қызметтегі өзіне тән жоғары сезімі, мінез ерекшеліктерінің жағымды, не болмаса жағымсыз жағында болуы мүмкін. Педагог, тәрбиеші әр уақытта оның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының түрін, білімдік дәрежесін, өзінің пәні жөніндегі білімі, сейлеу дәрежесі, мәнері, адамдармен қарым-қатынас жолдары, сыртқы келбеті, дене-бітімі, мүсіні, киім киістері де бақылауда болу керек екенін естен шығармауы қажет. Жағымды немесе жағымсыз ерекшеліктердің еш бірі көрсеқызар, еліктегіш, атақ шығаруға сылтау таппай иығын беріп тұратын жасөспірімді, бозбала мен жігіттерді айналып өтпейді.
Дене мәдениеті және спорт маманының кәсіби дайындығы, одан білімі мен дағдысын үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Елімізде және шет елдерде шыққан алдыңғы қатарлы, алға ілгерілеуші білімді, ой-сананы білмей, уақытпен бірге жүру мүмкін емес. Қазіргі заманғы ғылым мен тәрбие мағлұматының зор ағымында адамның өзіне қажетті, алға ілгерілеуші, жаңалықты табуы, әсіресе шет тілін білмеуі қиын. Сондықтан, дене мәдениеті және спорт саласындағы ілім мен тәжірибедегі жаңа әлемдік жетістіктерді өзінің тікелей катысып, жылдам танысуы үшін, мамандардың кем дегенде бір негізгі (ағылшын, француз, неміс, араб, кытай және т.б.) шет тілін білгені абзал.
Дене мәдениеті және спорт маманы - бұл ең алдымен педагог-тәрбиеші. Бірақ, дене мәдениеті әртүрлі саланы қамти алатын жағдайы болғандықтан, дене мәдениеті және спорт кәсібі қызметкөрінің мамандық бойыиша бағыттарының ауқымы кең болмайды.
Дене мәдениеті саласында қандай мамандықтарды бөліп шығаруға болады?
Бұл ең алдымен педагогикалық мамандықтар тобы; орта оқу орнындағы (мектеп, колледж, лицей) денешынықтыру пәнінің мұғалімдері, жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, дене мәдениеті және спорт мамандарын дайындайтын, жоғары оқу орындарының спорттық педагогикалық немесе ілімдік пәндерден сабақ беретін оқытушысы, карулы күштер саласындағы денешынықтыру дайындығы маманы. Осы мамандықтар өкілдерінің барлығының көптеген ортақ мүдделері бар, өйткені олар дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерімен, оқу сабақтарымен, оқу орындары көлеміндегі ерекше тәрбие процесінде жұмыс атқарады.
Дене мәдениеті мұғалімінің бұдан да ауқымы тар, жіңішке мамандығы болуы мүмкін. Ол, мысалыға, бастауыш немесе жоғары сынып мұғалімі. Сонымен бірге, педагогтың негізгі қызметі бала-бақша тәрбиешісі болып, денешынықтыру сабағын жүргізуі мүмкін.
Басқа көбірек таралған мамандық - бұл спорт түрлері бойынша жаттықтырушы. Жаттықтырушы құрамы, жас ерекшелігі мен дайындық дәрежесіне қарай шұғылданушылардың әртүрлі контингентімен жұмыс істейді (мектептегі, балалар мен жасеспірімдер спорт мектебіндегі, мектеп-интернаттағы, өндіріс жұмыстарындағы, ерікті спорт қоғамдарындағы жаттықтырушылар) және т.б.
Жаттықтырушылық жұмыстың мұғалім, оқытушы жұмыстарымен жалпы көп ұқсастығы болады, сонымен бірге, өзінің айрықша ерекшеліктеріне ие. Жаттықтырушы мамандығының ерекшелігі әртүрлі жағдайларға байланысты болады, оған шұғылданушылардың жас ерекшелігі, спорттың түрі, оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын ұжым және т.б. жатады.
Келесі мамандық - бұл өндіріс ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы. Олардыңд негізгі қызметі көбінесе денешьшықтыру-спорттық шараларды ұйымдастыру аясында болады.
Дене мәдениеті және спортқа басшылық етушілер - бұл аудандық, қалалық, облыстық және Республикалық спорт бөлімі мен агенттігі қызметкерлері. Бұл қызметкерлердің, ереже бойынша, арнайы жоғары білімі, жаттықтырушылық, оқытушылық, нұсқаушылық жұмыстардан бай тәжірибесі бар болуы керек. Бұл мамандық иелерінің қызметі негізінде, басқарушылык, әкімшілік-орындаушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар түрінде болады.
Сол сияқты, бұқаралық денешынықтыру - сауықтыру жұмыстары мен туризмді ұйымдастыру оқытушылары, сауықтыру гимнастикасының нұсқаушысы, өндірістік гимнастика нұсқаушысы және т.б. қызметтерді атқарады.
Әрине жоғарыда аталған мамандықтардың өздерінің айрықша ерекшеліктері бар, оның барлығы да терең білімді қажет етеді. Мектептегі денешынықтыру пәні мұғалімінің, баланың, жеткіншектің тұлғалығын қалыптастыруда, келешек өміріне, денсаулығының мықты іргетасын қалаудағы еңбегі орасан зор. Бірақ, дене мәдениеті және спорт маманы кай жерде жұмыс істесе де ол, оқытып үйрету және тәрбие процесімен жұмыс істейді. Сондықтан, оқытушы тұлғалылығының тәрбиеге әсері болуы мүмкін. Сол әсердің мәні мамандардың дайындық дәрежесін, білім мен жеке сапаларының деңгейіне байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет