Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет24/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.



15-16 лекция. Дене шынықтыру мен спорт бойынша маманының кәсіби қызметі



  1. Кәсіби қызметінің маңызы

  2. Дене шынықтыру мен спорт бойынша мамандар қызметінің басты міндеттері

  3. Мамандардың құқықтары мен міндеттері

Дене мәдениеті және спорт маманының кәсіби еңбегінің ерекшеліктері жалпыпедагогтікі сияқты, қызметі жастарды тәрбиелеумен байланысты болып табылады, яғни ол қоғамды өскелең өмір тапабы негізінде құрудағы күрестің ең маңызды бір бөлігі.


Жастардың жүрегіне жол тауып, жақындап, олардың мәнгі өзгермелі, қарама-қайшылығы мол жан дүниесіне ене білуі, жас ерекшеліктерін, ескелең жас ұрпақтын өзгешелік жолдарын түсіндіріп үйретуі керек. Жастармен жұмыс істегенде, олардың арманға берілу, сезімдік, елгезектік, сенушілік, қайырымды және көтеріңкі көңілдегі әрекеттермен игі істерге үмтылу сияқты әлеуметтік-психологиялық сапалары мен қызметтерін ескеріп, жетілдіру қажет. Сонымен бірге, ақылшы - ұстаз, педагог жастардың саяси белсенділігін, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға ықыласын қалыптастырады және дамытады.
Дене тәрбиесі сгласы жалпы педагогикалық мұрат мақсаттарды, жеке тұлғаны үйлесімді дамытуды, денсаулығы жақсы және өмір сүруге бейімділікті қалыптастыруды шешеді. Онда, Отан сүйгіш, адал, қайырымды, кеңпейіл және ержүрек, өз әлсіздігін өзі жеңе білетін, жігерлі адамдарды тәрбиелейді. Дене тәрбиесі педагогі өзінің қызметінде жастарды дене мәдениеті және спортпен шұғылдануға тартудың түрлі себептері мен жолдарын дұрыс түсінуі және ескеруі керек. Онда, адамның жеке өзінің басынан бастал әлеуметтік-қоғамдық деңгейге дейінгі жолдары мен себептері негізге алынады, олар мыналар: жағымды болуға ықыластану, белсенді әрекет жасауға қажеттілік; жаттықтырушының көңілін тауып, сеніміне ие болу, қозғалыс-қимыл әрекеттеріндегі өзінің мүмкіндіктерін кеңейту: қарқынды сезімділік қызметі ретінде спортқа деген қарапайым сүйіспеншілік; материалдық әл ауқатын көтеруге мүмкіндік алу немесе басқаларға өзін көрсету; сұлу дене бітімін қалыптастыру, күшті болу және т.б.
Дене тәрбиесі маманы өзінің күнделікті қызметінде көптеген өте қиын психологиялық, қоғамдық жоспардағы жұмыстарға кездеседі және ол оған дербес, қысқа уақыт ішінде дұрыс педагогикалық шешімді табуы тиіс. Оқытушы өзінің шығармашылық жұмысы барысында қандай жағдайларға тап боларын алдын-ала білмейді және оны ешкім айта алмайды. Сондықтан, тек терең ілімдік білім мен практикалық бай тәжірибе ғана педагоггы қиын жағдайлардан алып шыға алады.
Дене мәдениеті және спорт маманының қызметінің ерекшеліктері неде және сипаты қандай?
Басқа барлық педагогикалық қызмет сияқты, бұл жұмыс шығармашылық түрінде жүреді, онда талап етілетін жаттанды бағыттар түрі, әдістеме үлгілері, іс-әрекетгер мен нақты шешімдер көрінбей жатады.
Өкінішке орай, дене тәрбиесі маманы, осы уақытқа дейін әрдайым өз пәнінің мәртебесі үшін күресіп келеді. Жұмыстың сырт көзге жеңіл-желпі, әшейін көрінетінің (дене мәдениеті жұмысын, денешынықтыру жаттығуларының жүгіру, секіру, лақтыру т.б. түрлеріне қарап, тек кеңіл көтеру мен уақыт өткізу үшін орындайды деп түсінеді), дене мәдениетінің пайдалылығын, құндылығын мойындамайтындардың пайда болуынан бұл қызмет саласына ат үсті, қалай болса солай қарауға, құрметтемеуге әкеліп соқтырады.
Бір жағынан, Қазақстан Республикасының ата заңында дене мәдениетінің, жастарға тәрбие беруде орасан зор рөлі мен мемлекеттік маңызы бар екені атап көрсетілген. Ал екінші, жағынан мектептерде, лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі сабағын жетекші пән ретінде есептемейді және оған жеткілікті дәрежеде көңіл аударылмайды.
Дене тәрбиесі сабақтарын оқушылармен әсерлі сезіммен және жоғары дәрежедегі қимыл-қозғалыстық деңгейінде өткізу, оларды басқаруға, ұйымдастыруға және тәрбиелеугс қарағанда әлде қайда қиынға соғады. Оқытушы оқушылармен бірлесе отырып, жалпы педагогикалық қиындықтарды ғана емес, сонымен бірге, қарапайымнан күрделіге, белгіліден-белгісізге, даңқтылықтан даңқсыздыққа дейінгі жолдардағы ерекше, күрделі проблемаларды шешуден өтеді. Мысалы, оқушыны (студентті) ұялшақ мінезінен арылтуды үйрету қажет дейік. Адамның ілімдік пәннен тапсырманы орындамағанында, ол көрінбейді. Ал, оның спорттық жаттығуды орындай алмағаны немесе икемсіз орындағаны барлығына көрінеді.
Көптеген қозғалыс-қимылдар, жаттығулар батылдылықты қажет етеді (гимнастикада, хоккейде, бокста, суға секіруде және т.б.). Педагог тәрбиеленушісіне өз күшіне сенбеушілікпен күресуге, жағымсыз, кертартпа сезімдерге төзуге (бокс, күрес, хоккей және т.б.) көмек береді:
Дене тәрбиесі пәні оқытушысы, оқушыларға жеке адамның материалдық негізін қалайды, өз еңбегімен олардың ой-өрісінің дамуына және өнегелі тәрбие алуына мүмкіндіктер жасайды. Педагог пен жаттықтырушыға ағзаның жаңа мүмкіндіктерін ашу, оны дамытудың жаңа әдістерін табу барлық уақытта қуаныш әкеледі.
Адам таңқаларлық машина мен механизмдерді жасайды, танғажайып ойларды өмірге келтіреді, атом ядросының шексіз кішкентай бөлшектерінің құпиясын таниды, табиғаттьщ құпиялық және жұмбақтық болмысының мәнін ашады. Өзінің тоқтамайтын алға ілгерілеушілік қимылымен, ол әрдайым табиғаттың қиын проблемаларымен және жұмбақтарымен кездесіп отырады.
Бірақ адам үшін күрделі жұмбақ, ол адамның өзі болып саналады, жекелегенде оның қозғалыс-қимылдық қызметтері, бұлшық ет күшінің жетістіктері, жылдамдығы, шыдамдылығы, үйлесімділігі және т.б. оның өмірлік мүмкіндіктері болып табылады.
Жаттықтырушы еңбегінің мақсаты, рахаты ол адам ағзасының көрінбейтін ішкі қорларын тану және оны дамыту, өз шәкірттерінің жетістіктеріндегі басқа адамдардың қолы жетпейтін әйтеуір бір жаңалығын көрсету.
Ғалымдар адамның жалпы төзімділік пен өмірлік қызметі үлесінің қоры 150-200 жылдық өмірге жететінін, оның бұлшық ет талшықтарының қосқандағы күші 30 мың килограмды құрайтының, ал сүйегінің созғандағы беріктілігі шойынның беріктілігіне тең келетінің болжайды. Ауыр атлеттер 300 килограмға жуық зілтемірлерді жоғары қарай қолын созып көтереді, 70 жастағы адам парашютпен секіреді, тыныс алу құрал-жабдықтарынсыз 64 метр су тереңдігіне сүңгиді. Бұлардың барлығы шексіздік көрсеткіштерінен әлдеқайда алыста, бірақ олар таңқалдырмай қоймайды. Жоғарғы деңгейдегі көрсеткіштердің барлығы да, мамандардың жетекшілігімен жүйелі жаттығу процесінде жеткен жетістіктер.
Дене тәрбиесі маманы өзінің күнделікті жұмыстарында адамның көрінбейтін шексіз жоғарғы мүмкіндіктерін алдын-ала таба білу қабілеттерімен үнемі кездесіп тұрады. Адамның аффект (ашуланғандағы) жағдайларында оның қимылында ғажайып күш пен жылдамдықтың байқалатыны белгілі. Ал, балалардың кейбір қатты аурулары кезінде (сіңір тартылу, түйілу, құрысуда) үлкен адамның өзі ұстап тұра алмайтын күш пайда болады.
Бұндай күштер қайдан пайда болады? Шамасы, ішкі қуат қорлары мен басы артық күштерден болар. Белгілі орыс физиологы Н.Е.Введинсвсий (1852-1922ж.) "Әрбір жас ағзада қалыпты жағдайлардың өзінде аса көп күш, жігер мен талап қорлары болады. Сол қарапайым күш жігер мен талаптың бөлшегі ғана адамның өмірінде жүзеге асырылады және пайдаланылады, ал көпшілігінде азғантай бөлігі жұмсалады. Ал, сол біздің ағзамыздағы мол күш қорын мүмкіндігінше толық қалай пайдаланамыз деген маңызы зор мәселе туады," - деи жазды.
Ал, басқа орыс физиологы И.П.Павлов адамның ерте ме, кеш пе әйтеуір бір өзінің ііпкі қорларды пайдалану жолдарын табатынына сенімді екенін айтты.
Осы көкейкесті мәселенің шешімін табу, дене тәрбиесінің мектептегі мұғалімнен бастап, белгілі жаттықтырушыға дейінгі мамандарының алға қойған күрделі де, маңызды мақсаттарының бірі.
Денешынықтыру жаттығуларының нәтижесінде адам ағзасы, үнемі өзгереді және күрделі қызмет жағдайына бейімделудің айқын түрін көрсетеді. Осы бейімделу әсерлері кезінде ағзадағы ішкі қорлары біртіндеп ашыла бастайды.
Соңғы 50 жылда спорттағы рекордттар таңқаларлық деңгейлерге өсті. Ал антропологтар соңғы бес мың жыл ішінде адам анатомиясында, немесе ағзаның құрылысында елеулі өзгерістер болған жоқ деп сенім білдіреді.
Ерте дүние грек шеберлері, аңыздардағы батырлар мен тарихи қайраткерлер Афродит пен Флордың, Алполон мен Зевстің, Юлий Цезар мен Софоклдың, Сократ пен Помпейдің салған суреттерінің сыртқы пішінін естеріңізге салыңыздар. Олардың сыртқы пішінінің қазіргі замандастарымыздан еш айырмашылығы жоқ.
Әрине, адам ағзасының дамуында кейбір өзгерістер болады. Бұл өзгерістердің себебі, әлеуметтік жағдайлардан, қызметінің ерекшеліктерінен, тамақтанудан және т.б. болады. Мысалы, біздің елімізде соңғы 15-20 жылда 12-15 жастардағы жасөспірімдердің бойлары орта есеппен 12 см өскені белгілі. Ал, бірақ осы уақытта қазіргі өмір сүріп отырған адамдардың өзінің анатомиялық құрылысы және физиологиялык, биохимиялық процестерінің мәнділігінің, айталық Ертедүниедегі Египеттің немесе Элладаның адамдарынан қаншалықты айырмашылығы бар екенін айту қиын. Сөйтсе де, бұл өзгерістер өлшемі соңғы 100 жыл ішіндегі тіркелген спорттық жарыстарды өткізу кезінде денешынықтыру дайындығы сапасының (күш, жылдамдық, шыдамдық) абсолютті көрсеткіштері өлшемінен өзгешілігі шамалы екенің нық айтуға болады.
Педагогқа адам ағзасындағы ішкі қырларды ашуға көмек беретін міндетті шарттың бірі ол, шұғылданушыға үнемі жоғары талап қойып отыру болып табылады. Адам тек кана әртүрлі қиындықтарды жеңіп шығу процесінде ғана дамиды, ал адамның жеке тұлғалық сапасы тек қана белсенді қимыл-қозғалыста ғана байқалады. Бұл үшін дене тәрбиесінде көбінесе жеңімпаздың күштен, ептіліктен, жылдамдылықтан басымдылығын анықтау жолдары ретінде адамның еңбекке және әскери міндетін орындауға дайындық дәрежесін тексеру үшін жарыстар кең түрде пайдаланылады.
Оқыушы дене дамуы процесін бақылау кезінде әртүрлі нормативтерді, ережелерді және тесттерді кең түрде қолданады. Нормативті бағалар мен көрсеткіштерді денешынықтыру жаттығуларымен шұғылданушылардын белгілі бір көпшіліктің қол жеткізген нәтижерлерінің қорытындысы негізінде белгілейді, ал спорттағы нақтылы нәтижені тіркеу әрбір спортшы мен денешынықтырушының қол жеткізген табыстарына талдау жасауға мүмкіндік береді, бірақ, сонда да адамның мүмкіндіктерін ашпайды.
Тек қана, педагог пен тәрбигленүшінің осы заманғы ғылым мен техника негізінде бірлесе отырып жүргізген ұзақ жылғы шығармашылық еңбегі ғана талап пен жігерді ашады, қабілеттілікті қалыптастырады, дарындылықты тәрбиелеуте көмек береді.
Барлық дарындылықтың негізінде қабілеттілік жатады, ал ол, туа біткен талап пен жігерден құралады. Психологиялық дәреже ретіндегі қабілеттілікте жеке тұлғалық қасиет сияқты белгілі бір қызмет түрін сәтті орындайтының алдын-ала анықтайтындығы жатыр (мысалы, ойындық). Сонымен, қабілеттілік ағзаның талаптылығы мен жігерлілігі табиғи анатомиялық ерекшеліктері процесінің даму кезінде байқалады. Демек, талап пен жігерлілік туа біткен дәреже (категория), ал қабілеттілік еңбек пен тәрбие процесіндегі адал бейнеттің жемісі.
Қабілеттілікті дамытуда өмірдің шарттары мен адамның қоршаған дүниемен қарым-қатынасы ғана емес, сонымен бірге педагог пен тәрбиеші шеберлігінің маңызы өте зор.
Қағида бойынша, адамның қабілеттілігі жинақталып (комплекс) бір уақытта бірнеше қызмет түрінде байқалады. Оған барлық адам еге бола алады, олар өзінің әр алуандылығымен дара және ерекше. Қабілеттілік қоғамдық тәжірибені меңгеру негізінде тәрбие, оқытып үйретудің, жаттықтырудың нәтижесінде дамиды. Олардың дамуы шексіз, оның "шегі" адамның өмір жасының ұзақтығына, әлеуметтік жағдайына, тәрбие жүйесінің әдістері мен құралдарына байланысты болады.
Қабілеттіліктің ең жоғарғы түрі - дарындылық, ал өз кезегінде дарындылықтың жоғарғы түрі болып талант саналады, қабілеттіліктің толық және табысты орындау мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану, талантты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Талаытгы адамның қол жеткізген табыстарын барлық уақытта өлшеуге немесе оның белгілі бір мөлшерде екенін айтуға болмайды. Мысалы, 100 жыл бұрын өмір сүрген Құрманғазы, Сүйінбай, Бұхар жыраулардың біздің замандастарымыз Сәкен Тұрысбеков, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиевтардың арасында олардың қайсысының таланттары жоғары екенін қалай анықтауға болады? Біздің көрнекті замандастарымыздың талантын, өздерінің өмірден өткен бабаларының таланттарынан жоғары деп айта аламыз ба? Әрине, айта алмаймыз.
Спортта мұндай салыстырмалы бағалар болуы мүмкін, қазіргі жеңімпаздың барлық уақытта оның алдындағыларға қарағанда нәтижесі жоғары болуы мүмкін. Біздің бұрынғы өткен спортшыларымыздың палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы, желаяқтар Ғұсман Қосанов, Әмин Тұяқов, боксшы Әбдісалан Нұрмахановтар және т.б. шындығында талантты спортшылар болған.
Дегенмен, біз өз уақытындағы тамаша табыстардың көрсеткіштері мен нәтижелеріне, қазіргі заманда көптеген қарапайым спортшылардың кол жеткізіп отырғанын айта аламыз. Бұл өткен таланттылардың еңбегін төмендетпейді, қайта қазіргі уақыттағы жаттығулардың орындау әдістері мен жаттықтыру тәсілдерінің, жаттықтырушылар мен спортшылардың шеберлігі мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін және қалай алға ілгерілегенін айтуға болады. Алға ілгерілеген сайын, жаттықтырушының еңбегі күрделілене береді, сонымен бірге қызықты және арманға толы болады.
Айқын Олимпиада ойындары жеңімпаздарының жетістіктері мен көрсеткіштеріне, сол замандағы жүздеген және мыңдаған спортшылардың мүмкіндіктері жетпеген. Ал қазір, оған он мыңдаған қатардағы спортшылардың қолы жетіп отыр. Талдау жасау үшін күш, жылдамдық, шыдамдылықтар әділ бағаланатын, жетілдірілген спорт құрал-жабдықтары немесе жаттығуды орындау жағдайлары түрлерінің нәтижеге әсер етпейтін спорт түрлерінің салыстырмалы мәлімет нәтижесін алып көрейік. 1896 жылы Афина қаласында өткен бірінші жазғы Олимпиада ойындарына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Кейбір спорт түрлерінен бірінші олимпиада жеңімпаздарының нәтижелерін Қазақстан Республикасының сол спорт түрлері біріншілікгері жеңімпаздарының нәтижелерімен және жалпыға бірдей спорттық классификация (топтастыру) талап-ережесімен салыстырып керейік. І-ші Олимпиада ойындарының жеңімпаздары 100 м. жүтіруден 12,0 сек., ұзындыққа секіруден ерлер 6 м.35 см., ядроны итеруден 11 м.22 см., нәтиже көрсеткен, ал бұл қазіргі уақытта үшінші дәрежелі спортшының талап-ережесіне сәйкес. Биіктікке секіруден І-ші олимпиада рекорды 181 см болған, ал ол қазір 229 см. Мұндай салыстыруды көптеген спорт түрлерінен қарастыруға болады.
Сонымен, өткен таланттылардың орнын қазіргі заман таланттылары басады. Бұл адам қызметінің барлық саласындағы табиғи және заңды құбылыс. Спорттағы таңқаларлық бір жәйт - ол бұрынғы өткен таланттылардың көрсеткіштерін, қазіргі уақытта жүздеген, мүмкін мыңдаған спортшылар көрсетеді. Ал, өнерде бұл дегеніміз музыка мектебінін түлектері домбырада Құрманғазы сияқты күй тарта алады, Шәмші Қалдаяқов сияқты ән шығара алады, Әбілхан Қастеев сияқты барлығы да суретті сала алады деген сөз.
Сонымен, қазіргі спорттың енді шығып дами бастағаннан бері және осы уақытка дейін жаттықтырушылар өздерінің шәкірттерін әр уақыттың нақтылы бір бөлігінің рекорды деңгейіндегі шексіздікке дейін дайындап, адам ағзасындағы қорлардың тек азғана бөлігін ашып пайдаланған. Ал, адам мүмкіндігінің шын мәніндегі нағыз шегінің бітуі әлі алыста. Сондықтан да, қазіргі заманғы рекордтардың өзі де, оның шегі бола алмайды. Жаттықтырушылар еңбегінін қиялға-арманға беріліп ізденіп жаналықтарды ашу кепілі осында.
Спортта, бір уақыттарда ерен қабілеттілер, өзінің керемет нәтижелерімен бір уақыттарға дейін дүние жүзін таңқалдырады, сөйтіп басқалардың онымен бірдей жағдайда жарысу мүмкіндіктеріне күмән келтіреді. Содан кейін, өзінің жатгықтырушысы жетекшілігімен жаңа техника жетістіктерін пайдалана отырып, одан да жоғары нәтижелерді көрсетеді.
Қазіргі заман жаітыктырушылары адамзат мүмкіндікгері атты тынды өңдеу, дамыту, жетілдіру, жақсарту барысында түр. Педагог еңбегінің айбындылығы сонда, ол өзінің тәрбиеленушісінін дене дайындығы мен рухани санасын жетілдіру үшін үнемі жаңа жолдар мен әдістерді іздеп, оньі тауып отырады. Болашақ - жаттықтырушы мен ғылымның бірлестігіне тән.
Дене мәдениеті мен спорт адамдардың дене дайындығы сапасы мен қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге қоғамның және жеке бастың мүдделерінің қалыптасуына, мінез-құлқы мен дүниетанымының жан-жақты дамуына әсерін тигізіп отырады. Спорт жеке тұлғаға жан-жақты ьщпал етеді, сонымен бірге ол адамның бір-бірімен қатынасындағы ерекше бір түрі, жарыстық бәсеке қатынастары барысында жеке тұлғаның рухани күші, адамның "мен" дегені айқын көрінеді.
Бірақ, спортта да қарама-қайшылықтар болады - ол адамның игілікті келбет кескінің қалыптастырумен бірге, жағымсыз адамның пайда болуына ықпал етеді, ол міндет пен борышты, жауапкершілікті сезінуді қалыптастырып тәрбиелейді, ол сонымен бірге, адамды таңқалдыратын мансапқор, өзімшіл, пасықтарды өмірге келтіреді. Спортшының атаққұмарлығы оны даңқтылықтың шыңына жетелеп, оның адамгершілік қайрат-жігерінің жақсы қасиеттерін көрсетуге мүмкіндіктер туғызады, не болмаса адамдық тұлғаны бұзады, оны барынша төменгі дәрежесіне дейін жеткізеді. Негізінде спорт - бұл күрес пен жеңіс куанышына толы өмір, адамның адамгершілігін, абырой-намысын елге паш ету, өнегелілік пен күштің сұлулығын, көркемдігін іс жүзінде көрсету. Мұның барлығы тәрбиенің күрделі мәселелері, күнделікті кездесіп отыратын дене мәдениеті маманының белгілі бір қызметіндегі қиындықтарынын күрделілігін айқындайды. Үлкен жетістіктерге жету мақсатында ұстаз-педагог өзінің оқушысына жақсы нәтижелер көрсетуге, рекордтар жасауға көмек берумен қатар, спорттық қызмет пен іс-әрекеттеріне, жүйелі еңбекке сүйіспеншілігін арттыру, спортшылардын адамгершілік, қажырлылық қасиеттерін дамытып, нығайтып отырады.
Педагог пен оқушының бірлесіп жылдар бойы тер төгіп жасаған еңбегі, табандылығы мен шыдамдылығы, жігері мен қайрат күшін бір жерге шоғырландырып, нәтижесінде жасаған рекордтарына бүкіл адамзаттың да үлесі бар. Адамның жарылып бір шыққан кезінде, оның өнегелілік пен көңіл, күш пен кайрат, сұлулығы мен көркемдігінің кірпік қаққанша барлық мәні мен маңызын, дүние танымы мен оны түсінуін көруте болады.
Еліміздің құрылықтың, дүние жүзінің, Олимпиаданың жеңімпазы кім? Адамнан жоғары түрған немесе қатардағы қарапайым тұлға ма?
Ол да, басқасы да емес. Жеңімпаз немесе рекордшы - бұл қоғам жаратқан, жаттықтырушы шығармашылығымен қалыптасқан, адам мүмкіндіктерінің жүмбак, әрі сарқымас қорларына жаңа жол ашқан немесе жаңа кадам басатын "ертеңгі күннің" адамы.
Педагог қызметінің қиын, әрі күрделі болатыны, одан әрқашан қабілеттілігі мен тәрбие процесіндегі барлық қарама-қайшылықтың бетін ашуы және оны жеңе білуі талап етілуіне байланысты. Кейде 35-38 жасар ұшқыштарды ұшқыштар қатарынан шығарады. Шын мәнінде, жап-жас аспанға қарап ұшақ дауысын естіп, ұшуға құштар болып тұрған, адамның ішкі сезімін көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. Спортта мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Күші бар, жас, жеңіске деген жігері асқар алатаудай адамның орнына, жарысқанда, сайысқанда жеңе алмайтын, одан да жас қарсыластар кезекке келеді. Көптеген спорт түрлерінде отызға жетпеген спортшылар "қарттар" қатарына ауысады. Оның осындай психологиялық жарақатына қалай көмек беруге болады? Көмекті оның жетекшісі, әрі жан досы - жаттықтырушысы береді.
Педагог тәрбиеленушілермен жаттықтыру сабақтарьш бастаған көздерден-ақ, өзінің шәкірттерінің денесі мен психологиялық саулығын нығайтуға жағдай жасауы керек. Ол оларды өз кезегімен өмірге, еңбекке, қиыншылықты жеңе білуге және көбінесе шәкірттерінің ішіндегі қабілеттілерінің үлкен спорттық аренаға және жоғарғы деңгейдегі жарыстарға шыққанда өздерінен ерекше ұйымшылдықты, естің саралығын, ақыл-ойдың парасаттылығын, ішкі сезімнің байсалдылығын талап етуді дайындайды.
Жаттықтырушы спортшыларды әрдайым күреске, жеңуге-дайындайды қарсыласын, өзін, уақытты, кеңістікті және сондай-ақ, жасын жеңу жеңісіне жігерлендіру қабілетіне тәрбиелейді. Осындай күрделі де, сезімді күреске адамның өзі де немқұрайды қарауы мүмкін емес. Спортшының мінез-құлқы мен жүріс-тұрысында атаққұмарлығы соңғы орын алмайтының жаттықтырушы естен шығармауы тиіс. Қарсыласпен күресте қандай да бір жағдай болғанда да, жеңіске жету деген жойылмайтын ықылас пен қатал ереже шеңберінде адал басталған қайырымды да қайырлы күреске ұмтылыс жүргізу үшін, өзінің ақыл-есі бірлестігінің аса басымдылығы қаланған.
Педагог өзінің шәкірттеріне үнемі өзін-өзі ұстай білуді үйретіп отыруы керек. Адам өзінің қаттылығы, ерік-жігері мен сабырлылығы, өзінің жеке тұлғалығын шексіз нығайту мен ерекшеленуге бет бұрысы спортпен тәрбиеленеді. Сондықтан да, спорт жарыстары кезінде адамның мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын, педагогты тәрбиелеу қызметіндегі тиімді де, нәтижелі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады.
Спорт адамның ерекше қызметтерінің бірі ретінде, көрермендерсіз және ренжу мен уайым-толғаныссыз өмір сүре алмайды.
Спортшы спорт аландары мен спорт кешендеріне тек өзін жетілдіру мақсатында ғана емес, сонымен бірге көпшілік қауымға өзін көрсету, танылу үшін де шығады. Оған көрермендердің өзінің мінез-кұлқы мен жүріс-тұрысына, өнер көрсету, күресу қорытындысында қандай әсерде болғаны қызык, әрі жұмбақ. Спорт мұндай көрермендердің әсерінсіз өзінің жарты бағасын жоғалтады.
Сондықтан, спорт аренасына шығушы әрбір адамның өзін көпшілікке мойындатуға және танытуға (өзінің азғантай жолдастарынан бастап, дүниеге аты әйгілі қарсыластарына дейінгі) мүдделі екені табиғи заңдылық. Сырт қарағанда бұл көрініс әртүрлі көрінуі мүмкін. Кейбіреулер үнемі көзге түсіп, көрермендер назарында болуды, даңқкының жайылғанын ұнатады. Кәсіпқой спортшылардың көпшілігін жарнаманың қандай түрі болса да, ұялтып жасқандырмайды. Ал, кейбір атақты спортшылардың өзі өмірде қарапайым, немесе тіпті ұялшақ та болады.
Спорттық қарсыластарына тікелей және тура күш қолданатын спорт түрлерінде (хоккей, бокс, күрес түрлері және т.б.) спортшылар өздерінің денесіне ауыр жарақат алғанын, оның ауырғанын немесе т.б. ыңғайсыз жағдайлардың болғанын көрермендерге еш уақытта көрсетпейді және де білдірмейді. Қайта ауыр соққыдан немесе соқтығысудан құлаған ол, қайтадан жылдам аяғынан тұрып, өзінің түр-әлпетімен және қимыл-қозғалысымен жарысты қайта жалғастыруға дайын екенін көрсетіп, білдіреді.
Қарсыласына күш қолдануға тиым салынған футбол алаңында мүлдем басқаша бір жағдайларды көруге болады. Қатты соқтығысу немесе тәсілді қате қолдану нәтижесінде жасыл алаңға құлаған футболшы "қатты қиналғаның" көрсетеді. Егер оған төреші көңіл аудармаса, сонымен бірге доп тікелей оның қасына келіп қалса, "қатты қиналушы" орнынан жылдам тұрып, ойынды жалғастыра береді. Мұнын барлығы оқытушысының жалпы тәрбиелеу процесі әсерінің нәтижесі, спортшы мінөзінің өзіндік бір түр әлпеті, мақсаттық, жігерлілік дәрежесі.
Педагогикалық шеберлігі дүние жүзіне белгілі болған еліміздің атақты жаттықтырушылары Ә.Нұрмаханов, В.Псарев, Ю.Цхай, Н.Сафиулин, О.Жарылғапов, М.Жахитов, Д.Биткозов, Т.Досмұханбетов, А.Тілеубаев, Ж.Оңалбек, т.б. Олимпиада, дүние жүзі біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, Б.Саттарханов, Е.Ибрагимов, С.Қонақбаев, Д.Тұрлыханов, М.Ділдабеков, Б.Жұмаділов, М.Мамыров, Д.Базарбек, А.Шайхиев, А.Шаңғараев, Қ.Байшолақов және т.б. дайындап үлкен тамаша жетістіктерге жетті. Олардың кәсіби-педагогикалық шеберлігінің басқалардан айырмашылығы, ғылыми-ілімдік дайындығы деңгейінің жоғарылығында, өздерінің шәкірттерінің психологиясын терең білуінде, адамға деген сүйіспеншілігі мен адам мүмкіндіктерінің таусылмайтындығына сенуінде, жаттықтыру әдісін өте жақсы меңгеруінде жатыр.
Елімізде жастардың өзін-өзі тануға, өзінің мүмкіндіктерін ашуға көмек беріп жүріен, өз ісін жанындай жақсы көретін мыңдаған дене тәрбиесі педагогтары жұмыс істейді, Дене мәдениеті және спорт маманының тәрбиелік қызметінін күрделілігі сонда, спорт төтенше мәнерлік пен дәлдікке толы, қозғалысты әсерлі және көп сырлы, үнемі даму жолында болады. Сонымен бірге, оның қайғысы да бірге жүреді. Спорт саласындағы жеке тұлға өз қызметінде көптеген қарама-қайшылықтар мен үйлеспеушіліктерді басынан жиі өткізіп тұрады. Солардың кейбіреулерін атап өтейік; денешынықтыру жаттығуларының ауырлығы мен қуаныш, қорқыныш пен қауіптілікке бару мұқтаждығы; рекорд жасауға дайындалу және оның орындалмай қалу жағдайы; ықылас пен мүмкіндіктің, жаттықтырушы мен спортшының, қарсыластар арасындағы, спортшы мен төреші және т.б. арасындағы қарама-қайшылықтар.
Сонымен бірге, спорт қызметі, қағида бойынша сол адамның мүмкіндіктерінін ең жоғарғы (шегіне жақын) деңгейінде өтеді. Мұның барлығы бір жағынан - кейбір келеңсіз жағдайлардан кейін адам психологиялық жаракат пен олқылықтар алып, аурулы, науқас болып қалуы мүмкін. Егер, сондай жағдайлардан кейін адамға көмек берілмесе, сүйеніш болып сүйемелдемесе, онда оның өзіне көптеген зиян келтіріледі.
Жеке тұлғаның өзінде қайталанбайтын талап пен жігер, өзіндік бір өзгешілік пен ерекшелік болады. Егер де, педагог өзінің шәкіртінің даралығы ашылсын десе, ол ең алдымен оған белгілі бір жағдай жасап жеке тұлғалығын ашуы керек. Спорттың маңызды тәсілі сол, ол адам даралығының құнын, сондай-ак талап пен жігерін, қабілеті мен даралығын сақтай да, дамыта да біледі. Сондықтан болар педагог А.В.Луначарский өз уақытында жастарға "Өзіңе әртүрлі жолдармен көмек беруге болады, бірақ, соның ішінде, қоғамдық қызметке, ғылымға, спортка берілген жақсы" - деп кеңес берген.
Спорт ең әуелі дәулетті адамдардың азғана тобының қызығы ретінде пайдаланған амалынан, адамның жеке тұлғалығын қалыптастыратын қуатты тәсіліне айналғалы бері спортқа қоғамның, ал спортшыға спорттың талабы жоғарылады.
Жоғары дәрежелі спортшы - ол жоғары мәдениетті, дене қабілетімен көрнекті іс атқарған, терең білімді және ауыр қиыншылықты жеңе білетін, дене және психологиялық дайындығы бар адам. Оған дәлел Олимпиада, дүниежүзілік жарыстардың жеңімпаздары мен жүддегерлері С.Қонақбаев, Д.Тұрлыханов, Ә.Нұрмахановтарды естеріңізге алыңыздар. Осы заманғы спорт, ой өрістің жоғары дамығандығын және барлығына мәлім жағдайда тек кана жеке тұлғаның сапалары батылдық пен ержүректікті қалыптастырумен қатар, шығармашылық қабілеттілікті талап етеді. Спортшылар көбінесе әдеттен тыс қысқа мерзім ішінде жағдайды анықтап бағалауды, оған дұрыс шешімді қолдануды және берілген тапсырманы орынды, ұтымды атқаруды талап ететін жағдайларға ұшырасып тұрады.
Спорт - бұл ғалымдардың, жаттықтырушылар мен спортшылардың өздерінің қызықты да, қарқынды шығармашылық ұжымдық еңбегі. Жаттықтырушының жаңа әдістері мен тәсілдері жолдарын, амал-айласын жарыққа шығару, оның шығармашылық негізі. Рекордтар пайда болғанға дейін "спортшы-жаттықтырушы-ғылым" жүйесінде белгілі бір қорытындылар жоспарланады. Алдын-ала болашақ рекордтың өсіңкілік, үдемелі және көп сырлы үлгідегі "жобасы" жасалады, қимыл-қозғалыс қорытындысының уақытша мінездемесі белгіленеді және т.с.с. Мысалы, Олимпиада ойындарына немесе дүние жүзілік біріншіліктерге дайындалу кезінде жаңа рекордтар көрсету үшін, спортшының қарсыластармен күресу "стратегиясы мен жолдары" жасалып зерттеледі. Сонымен бірге, жаттықтырушы болашақ жоғары спорттық жетістіктердің негізін салушы және архитектор, математик және психолог болып шығады. Спорттын сарқылмайтын шығармашылығы оның, үнемі жан-жақты жетіліп отыруына мүмкіндіктер жасайды. Соның нәтижесінде, жаттығуды орындауда өзіндік ерекшелігі бар техниканы өңдеп, жаңа үлгідегі құрал-саймандарды, спорттық жаттықтырудың жаңа әдістерін және спорттық күрестің, жаңа жолдары мен тәсілдерін шығарады.
Шығармашылықтың дамуы жеке спорттың ғана емес, сонымен бірге ол езіне қызмет көрсететін журналистика мен архитектураны, әдебиет пен суретті, мүсінші өнерін, театр мен басқа да бұқаралық қозғаушы құралдарын камтиды. Мұның куәсі ретінде керемет, таңқаларлық спорт сарайларын, суретшілер мен мүсіншілер шығармашылығындағы керемет туындылар мен мүсіндерді, өлеңдердегі адамның шыныққан денесінің әдемілігі мен қуатын алайық.
Дене мәдениеті және спорт маманы өзінің кәсібінің әралуандығымен болашағы және қажеттілігі бар мамандық себебі денешынықтыру дайындығынсыз және оның дамуынсыз, сол сияқты дене мәдениеті мен спортсыз қоғам өмір сүре алмайды.
Осы заманғы дене тәрбиесі мен спорттың әдісі мен тәсілін жетік меңгерген, білімдар жаттықтырушының, педагогтың өзінің жеке тұлғалылығының тәрбие беруде маңызы орасан зор. Ол өсіп келе жатқан жасөспірім ұрпақты денешынықтыру даярлығының тез жетілуіне, ең тиімді мүмкіндіктерді жасайды, адамдардың әлеуметтік және психологиялық сұраныстарын нақты түрде қанағаттандырады. Мұндай педагогтар өзінің оқушыларына күнделікті денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды, өз пәніне деген сүйіспеншілігін арттыруды үйретеді, өз шәкірттерін жақсы білуге тырысады, дүиие танымы мен адамгершілік кескінін қалыптастырады.
Дене мәдениеті және спорт саласының маманы кең де, терең білімді меңгеруі керек. Мұны, қазіргі өмірдің бүкіл тәртібі мен әдеп-ғұрпы талап етеді. Дене тәрбиесі процесі кезінде әртүрлі жастағы және денешынықтыру дамуының әртүрлі дәрежесіндегі адамдармен сабақ өткізуге тура келеді, сондықтан білім беру және дене медениеті ұйымдары жүйесінің барлық бөліміндегі жұмысқа олар дайын болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет