Тұтынушылары үшбұрыштап жалғанған үшфазалы электр тізбегі
Бұл жағдайда фазалық кернеу фазалық тұтынушы кедергісіне тәуелсіз болады. Сондықтан Кирхгофтың 1 заңына сәйкес а, в, с нүктелері үшін келесі теңдеуді жазуға болады:
; ;
яғни, сызықтық токтардың лездік мәндері, фазалық токтардың алгебралық қосындысы болып табылады.
1-сурет. Үшфазалы электр жүйесіне тұтынушыларды үшбұрыштап жалғау.
Сызықтық токтардың әсерлік мәндері, фазалық токтар векторларының геометриялық айырымдары болып табылады. Яғни, тұтынушылары үшбұрыштап жалғанған үшфазалы электр желісі 2-суретте көрсетілген электр схемасы түзеді.
Фазалық жүктемелері теңдей (барлық лампалар қосулы) кезеңіндегі тізбекті ток көзіне қосыңыз, (SA1 және SA2 қосулы) приборлар көрсетуін жазып алыңыз. Өлшеу барысында:
АС фазасының екі лампасын сөндіріңіз. Теңгерілмеген жүктеме кезінде приборлар көрсетуін жазып алыңыз. Бұл мәндерді 1-кестеге ендіріңіз. Өлшеулер кезінде үшінші фазадағы жүктеменің өзгерісі фазалық кернеулерге әсерін тигізбейтініне көз жеткізіңіз.
2-сурет. Тұтынушылары үшбұрыштап жалғанған үшфазалы электр жүйесі.
Барлық лампаларды қоса отырып теңгерілген жүктеме С сымның ажыратулы күйінде (SA2 ажыратулы) приборлар көрсетуі. Бұл мәндерді 1-кестеге ендіріңіз.
СА фазасындағы екі лампаны сөндіріңіз. Теңгерілмеген жүктеме () және С сымы ажыратулы кезіндегі (SA2 ажыратулы) приборлар көрсетуін жазып алыңыз. Алынған мәндерді 1-кестеге ендіріңіз.
Өлшенген рамалар негізінде әрбір фазадағы актив қуатты ():
толық актив қуатты
және ; токтардың өзара қатынасын анықтаңыз.
3-6 пункттердегі алынған мәндер бойынша токтар және кернеулер векторлық диаграммасын түзіңіз.
1 – кесте
Достарыңызбен бөлісу: |