Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет6/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

IC


PAB


PBC


PCA


P

1

Теңгерілген (SA2 қосулы)



























2

Теңгерілмеген (SA2 қосулы)



























3

Теңгерілген (SA2 ажыратулы)



























4

Теңгерілмеген (SA2 ажыратулы)



























Бақылау сұрақтары



  1. Үшфазалы электр желісіне тұтынушыларын үшбұрыштап жалғау дегеніміз не?


  2. Теңгерілген жүктемелері үшбұрыштап жалғанған электр желісінің бір фазалық сызықтық сымның үзілуі тізбекті қандай жағдайға соқтырады?


  3. Теңгерілген жүктемелері үшбұрыштап жалғанған электр желісінің бір фазалық жүктемесінің өшірілуі тізбекті қандай жағдайға соқтырады?


  4. Кез келген бір фазадағы жүктемедегі қысқа тұйықталу тізбекті қандай жағдайға соқтырады?


1 – кесте




Реттік саны


Жүктеме сипаты


Өлшенетін шамалар Есептелінетін шамалар




U


A


P


UAB


UBC


UCA


IA’B’


IB’C’


IC’A’


IA


IB


IC


PAB


PBC


PCA


P

1

Теңгерілген (SA2 қосулы)



























2

Теңгерілмеген (SA2 қосулы)



























3

Теңгерілген (SA2 ажыратулы)



























4

Теңгерілмеген (SA2 ажыратулы)



























Бақылау сұрақтары



  1. Үшфазалы электр желісіне тұтынушыларын үшбұрыштап жалғау дегеніміз не?


  2. Теңгерілген жүктемелері үшбұрыштап жалғанған электр желісінің бір фазалық сызықтық сымның үзілуі тізбекті қандай жағдайға соқтырады?


  3. Теңгерілген жүктемелері үшбұрыштап жалғанған электр желісінің бір фазалық жүктемесінің өшірілуі тізбекті қандай жағдайға соқтырады?


  4. Кез келген бір фазадағы жүктемедегі қысқа тұйықталу тізбекті қандай жағдайға соқтырады?





Лекция 6 Электрлік өлшеулер, өлшеу қателіктері жөнінде түсінік. Электр өлшегіш приборларының жіктелуі
Жоспары:
1.Электрлік өлшеулер, өлшеу қателіктері жөнінде түсінік.
2. Электр өлшегіш приборларының жіктелуі. Приборлар шкалаларындағы шартты белгілер. Электр өлшегіш приболарының негізгі детальдары.
3.Магнитоэлектрлік, электромагниттік, электродинамикалык, индукциялык приборлар. Кернеуді, токты, кедергілерді, электр энергиясын және куатты өлшеу.
4.Электромеханикалык өлшеу тәсілдерінен сандық электроөлшегіш приборларына микропроцессорлық техника базасы негізінде ауыстыру.
5.Электро өлшегіш приболары техникасының дамуының болашағы.

Өлшеу әдістері және қате жіберушілік
Электрлік өлшеулер - бұл электр өлшеуіш құралдарының көме-гімен тәжірибелік жолмен электрлік шамалардың мәнін анықтауды қорытындылайтын үрдіс.
Электр өлшеуіш құралдары - өлшенетін физикалық шаманың адамның қабылдауына қолайлы түсінікті сандық ақпарат беретін құрал. Электр өлшеуіш құралдары өлшенетін шаманың туындауына байланысты былай бөлінеді: амперметр, вольтметр, ваттметр және т.б.
Өлшеу құралының сенімділігі - берілген уақыт аралығында орнықталған шектікте аспаптың пайдаланатын параметрлерін сақтау қабілетін айтады.
Әр жерде, әр уақыт кезеңінде өлшеу құралдарымен өткiзiлетін өл-шеулердiң нәтижелерiн салыстыруға мүмкiндiк алу үшiн, өлшемдердiң бiрлiгi болуы қажет. Өлшемдердiң нәтижелерi заңды бiрлiктерімен көр-сетiлсе, ал өлшеулердiң қателiктерi берiлген ықтималдықпен анықталса, онда оны өлшем бiрлiгi деп атайды.
Өлшеу қателіктері
«Өлшеу дәлдігі» - термині кең қолдау тапқанымен, әзірге өлшеудің сандық дәлдігі деп айтудың жалпы қабылданған түрі жоқ.
Өлшеу дәлдігі - өлшеу қорытындысының ақиқат мәніне жақындауын айтады.
«Дәлдік» термині тек өлшеу қорытындысын немесе өлшеу әдістерінің сипаттамаларын салыстыруға қолданылады.
Өлшеу құралының дәлдік санаты (класы ) - негізгі және қосымша қателіктердің рұқсат етілген шектіктерін анықтайтын жалпылама сипаттамасы, сонымен қатар өлшеу құралының жеке стандартында шаманың дәлдігіне әсер ететін басқада қасиеттерін айтады.
Өлшеу құралдарының дәлдік санаты келесі сандық қатары арқылы беріледі: 0,02; 0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1,0; 1,5; 2,5; 4.
Дәлдік санаттары құралдардың қасиеттерін сипаттайды.
Өлшеу механизмінің толық жетілмегенінен және өлшеу тізбегінің тұрақты емес параметрлерінен кез-келген өлшеу құралдарының көрсетулерінде әрқашан да өлшенетін шаманың нақты мәнінен біршама өзгешеліктері болады, яғни барлық құралдардың қателіктері болады.
Өлшеу қорытындысының нақты мәнінен ауытқуын өлшеу қателігі деп атайды.
Туындауы бойынша қателіктер: кездейсоқ, жүйелік қателіктер және мүлт кету болып бөлінеді.


Кездейсоқ қателік - бір шаманы қайталап өлшегенде кездейсоқ өзгеретін шама. Кездейсоқ қателіктер бірдей шамаларды бірнеше рет өлшегенде пайда болады. Кездейсоқ қателіктердің пайда болу себебін дәл айту қиын. Кездейсоқ қателіктердің әсерін есепке алу үшін өлшеу қорытындысын өңдейтін ықтимал әдістер қолданылады

Жүйелік қателік - өлшеу құралының қателіктерін құраушылар тұрақты болатындығын немесе бір шаманы көп рет өлшеу кезіндегі өзгеру заңдылығы. Жүйелік қателіктің бар екенін эксперимент жүргізу немесе қайта өлшеу арқылы, талдау жасап табады. Жүйелік қателікке сәйкесті салыстыру жүргізе отырып, оны азайтуға немесе болдырмауға болады. Жүйелік қателіктің мысалы ретінде, құралды градуирлеу қателігі жатады, яғни құралдың шкаласы қате бөліктенгендігі, сондай-ақ құралдың шкаласының қалыпты жағдайынан ауытқуы жатады. Өлшеу құралдарына сыртқы факторлардың әсерлері (мысалы, температураның және қорек кернеуінің тербелісі, сыртқы электр және магнит өрістері) жүйелік қателікті болдыруға себепші болады.
Мүлт кету - бұл өлшеу қорытындысын күрт бұрмалайтын қателік. Мысалы құралдың тұрақтысы (бөліктеу бағасы) дұрыс емес анықталады.
Қателіктер өрнектелуі бойынша: абсолюттік, келтірілген және салыстырмалы болып бөлінеді.
Негізгі ұғымдар, терминдер және анықтамалар
1 Теориялық әрекеттер тәжірибелік түрде тексерілмесе ол нақты анықталмаған болып есептеледі. Өлшеу техникасы тәжірибе кезінде технологиялық процесстердің дұрыс жүргізілуін, оның барысында өнімнің саны мен сапасын көрсететін нәтижесін береді. Оның үстіне, электрлік өлшеу аз энергияны пайдаланатыны себепті, өлшенген шамаларды қашықтыққа жеткізу, өлшеу жылдамдығы және тез жеткізу, сондай-ақ жоғары дәлдігі және сезгіштігіне байланысты ыңғайлы болып келеді.
Электрлік өлшеу және өлшеу құралдары, әдістері және олардың біртұтастығын қамтамасыз ету, талап етілетін дәлдікке жету тәсілдері - барлығы метрологияға жатады, ал оптимальді нормалар мен өзара әсерлесу ережелерін тағайындау әдістері мен принциптері – стандарттауға жатады.
Техникада, ғылымда және көркем әдебиеттердің өзінде де “эталон” сөзі өте кеңінен қолданылады. Эталон - бір нәрсенің ең жоғары үлгілік жетістіктерімен теңесетін үлгі болып табылады. Метрологияда және өлшеу техникасында “эталон” деген сөзді тек жоғарыда айтылған ұғым бойынша қолданады.
Мемлекеттік эталондар Мемлекеттік метрологиялық институттарда сақталады. Мысалы, электрлік тоқ күші бірліктерінің эталоны, ІХ Бас конференцияның қаулысына сәйкесті өлшемдік пен салмақ бойынша ампердің анықтамасы: “Ампер – бұл вакуумде бір–бірімен 1м қашықтықта орналасқан шексіз ұзын және өте аз дөңгелек қималы, екі параллель орналасқан өткізгіштер бойымен өзгермейтін тоқ күші өткенде, осы өткізгіштердің арасынан, олардың ұзындықтарының әрбір метріне -7 Н тең болатын күш пайда болады”. Ампердің осы анықтамасының негізінде тоқтардың өзара әсерлесуі туралы Ампер заңы қолданылады.
Бұл анықтама бірліктің мөлшерін тек теориялық түрде көрсетеді. Тоқ күшінің бірлігін туындатуға тоқтық таразы деп аталатын құрылғы кеңінен таралған. Себебі, бұл құрылғыда соленоид түріндегі екі өткізгіштің өзара әсерлесуі гирьдің салмағымен теңдеседі.
Стандарттау және метрология бірыңғай мемлекеттік қызметке - Мемлекеттік стандарттау комитетіне бірііктірілген. 1963 жылдан ГОСТ 9867-61- метр (м), килограмм (кг), секунд (с), ампер (А), кельвин (К), вольт (В) және т,б. Шамалар базасында Халықаралық бірліктер жүйесін (СИ) ендірді.
Электрлік өлшеу және өлшеу құралдары жөніндегі сұрақтарды ұғыну олар жөніндегі терминдер мен анықтамалар мазмұны белгілі болған жағдайда оңай шешімін табады.
Метрология- өлшеу, өлшеу әдістер мен олардың бірыңғайлылығын қаматамасыз ететін, талап етіллетін дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жүзінде физикалық шамалардың мәнін табу.


Өлшеу нәтижесі – өлжеу жолдары арқылы табылған физикалық шамалардың мәні.

Өлшем - физикалық шамалардың мәнін, тәжірибелік жолмен, өлшемдік заттарды қолдана отырып табу процесі

Өлшеу принципі- физикалық құбылыс немесе физикалық құбылыстар жиынтығы, ол өлшеу негізіне жатады.

Өлшеу әдістері - өлшеу амалдарын және принциптерін пайдаланудың жиынтығын айтады

Тікелей өлшеу - ізделіп отырған физикалық шаманың мәнін тікелей тәжірибе мәліметтерінен табады

Жанама өлшемдер - шаманың мәні ізделіп отырған шамамен шамалардың арасындағы белгілі байланыс негізінде анықталады, бұл жерде шаманың мәні тікелей өлшеммен табылады

Мөлшер- өлшеу тәсілінің берілген өлшемдегі физикалық шамасын жасауға арналған тәсілді айтады: бұл, зат түрінде дайындалған өлшем бірлігі

Өлшеу құралдары - өлшенген шамалардың мәні жөніндегі ақпараттың формасын алуға мүмкіндік береді, бұл бақылаушыға тікелей түсінік береді. Өлшеу құралдары ерекшеліктеріне қарай аналогтық яғни көрсеткіш өлшенген шаманың үздіксіз функциясы болып табылады, және сандық болып бөлінеді, яғни өлшемдік ақпараттың дискреттік дабылы автоматты түрде беріледі және көрсеткішті сандық формада беріледі.
Көптеген өлшеу құралдарының және қондырғылардың құрамына өлшеу түрлендіргіштері кіреді, олар өлшемдік ақпараттардың дабылын формаға келтіреді, оларды жіберуге қолайлы етеді, түрлендіреді, өңдейді (немесе) сақтайды, бірақ, бақылаушыға тікелей бермейді. (Мысалы, терморезисторлар, кернеу бөлгіштер, электромеханикалық құралдардың өлшегіш механизмдері т.б.).


Өлшеу түрлендіргіштері - өлшенетін шаманы өлшеу механизміне әсер ететін шамаға түрлендіру үшін қызмет атқарады.

Өлшемдіктер - физикалық шаманың қабылданған мәнін сақтайтын, оны қайталайтын, немесе оның орнына қолданылатын өлшеу құралын айтады (Мысалы, кедергінің өлшемдігі, сыйымдылықтың өлшемдігі және т.б. Өлшеу дәлдігіне және қолданылу аймағына қарай өлшемдіктер эталондық, үлгілік және жұмысшы болып бөлінеді).
Өлшемдік – бұл өлшеудің негізі болып табылады.
Тәжірибе жүзінде бір жүйеден екінші жүйеге ауыстырып есептеу кезінде физикалық шамалардың бірліктер жүйелері мен бірлік жүйелерінсіз көп сандарды біріктіргенде туындайтын қолайсыздықтарды болдырмау үшін Халықаралық бірлікте бүкіл техника мен ғылым салаларын қамтитын біртұтас бірлік жүйесін құру керек болды.1948 жылы өлшемдік мен салмақ бойынша ІХ Бас конференциясында Халықаралық біртұтас тәжірибелік бірліктер жүйесін құру ұсынылды. Негізгі бірліктер ретінде метр, килограмм (массаның бірлігі), секунд және электрлік бірліктер ұсынылды.
Осы ұсыныстарға орай өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитетпен барлық елдердің ғылым және техника, педагогикалық орталардың арасында арнайы сұрақтар жүргізіліп, осы жауаптардың негізінде біртұтас тәжірибелік бірліктер жүйелерін құру ұсынылды.
Х Бас конференциясынан кейін өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитеті бірліктер жүйесінің жаңа тізімін жасап, оны Халықаралық бірліктер жүйелері деп атауды ұсынды.
1960 жылы ХІ Бас конференция өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық бірліктер жүйелері (System International) қысқартылған түрі “SI”, ал орысшасы “СИ” деген ат берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет