Электромагниттік жүйе құралдары
Электромагниттік құралдардың жұмыс істеу принципі өлшенетін электр тогының магнит өрісінің әсерінен еркін қозғала алатын магниттік өзекшенің оның ішіне қарай тартылуына негізделінген (Сурет ).
Сурет Электромагниттік құралдары
Өлшегіш құралының төртбұрышты қозғалмайтын 4 орамдары арқылы өлшенуге тиісті электр тогы өтеді. Орам ортасында, өзекше еркін ене алатын арнайы қуыс орын алаған. Магниттік жұмсақ болаттан жапырақша етіп жасалынған өзекше 3 , 7 білікке бекітілген. Осы білікке 2 құралдың көрсеткіш тілі 2 және шиыршықты серіппе 5, теңестіруші жүк 6 бекітілген.
Мұндағы теңестіруші жүк құрал тілінің білікке қатысты күшін теңестірге және тілдің қзақ уақыт тербелісін болдырмауға қызмет етсе, шиыршықты серіппе тілдің қозғалысына кері теңгеруші момент тудырады.
I тогы орамдар арқылы өте отырып магнит ағынын тудырады, оның әсерінен магниттелген өзекше орамға қарай тартыладығ ток шамасы қаншалықты күшті болса соншалықты тартылыс күші де артаттын болады.
Электродинамикалық құралдар жүйесі
Электродинамикалық құралдар жүйесінің жұмыс істеу принципі токтардың өзара әсерлесулеріне негізделінген.
Тогы бар кез-келген екі өткізгіштердегі ток бағыттары бірдей болған жағдайда сымдар өзара тебілетіні және әртүрлі болған жағдайда олардың бір-біріне тартылатыны белгілі.
-Сурет Электромагниттік өлшеу құралдары
Мұндай құралдар жүйесі екі орамдардан : өзар тізбектей жалғанған екі секциядан тұратын жылжымайтын 3, және 4 білікке орналастырылған, қозғалмайтын орамдар ішіне орналастырылған, қозғалатын 5 орамдардан тұрады. Өлшенетін ток білікке бекітілген α бұрылу бұрышына пропорционал болатын MПР кері әсер етуші момент тудыратын шиыршықты серіппелер 6 арқылы беріледі. Сорндықтанда, серіппе біліктен оқшауланылып (изоляцияланып) орналастырылады
Электодинамикалық өлшеу жүйесінде вольтметрлерде көптеген жағдайларда орамдарды өзара тізбектей жалғайды және қосымша кедергілермен жабдықталады.
Электодинамикалық өлшеу жүйесінде ваттметрлердің вольтметрлер мен амперметрлерден айырмашылығы шкаласының біркелкі бөліктерден тұратындығында ғана. Бұл құралдарда бірмезетте екі бірдей орамдардағы токтың өзгерісі айналдырушы моменттің бағытына әсері болмайды , сондықтанда бұл құралдарды тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде пайдалануға болады.
Электодинамикалық өлшеу құралдарын негізінен электр тізбектерінің қуатын өлшеуге пайдаланады. Олар, ферромагниттік өзекшесінің болмауына байланысты, жоғары дәлдікке ие сол сондай-ақ, тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде пайдалануға болады.
Айнымалы ток тізбегінің шамаларын өлшеуде электродинамикалық құралдар ең дәл өлшеу құралдары болып саналады. Оларды дәлдік санаты 0,1; 0,2; 0,5.болатын алып жүруге ыңғайлы құралдар түрінде қолданады.
Электродинамикалық жүйелерінің кемшілігі: сыртқы магнит өрістеріне сезімталдығы, өлшенетін ток жіңішке сымдардан жасалған серіппелер арқылы берілетіндіктен, артық электрлік шамаларға төзімсіздігі. Сонымен қатар, жеткілікті айналдырушы момент тудыру, орамдар саны көп болуы себепті, өлшеу құралы шамалы артық электр қуатын қажет етеді, Сырттқы магниттік өрістердің әсерін төмендету және шашыраңқы магнит ағымдарын жинақтау, соның арқасында айналдырушы моментті арттыру мақсатында орамдар ферромагниттік өзекшеге орнатылады. Өзекшеде құйынды токтарды әлсірету мақсатында, пластиналадан жасалады және олар өзара изоляцияланады.
Ферромагниттік өзекшелерге жтнақталған электродинамикалық өлшегіш құралдары ферродинамикалық деп аталады. Десекте , өзекшелердегі қалдық магнетизм және құйынды токтардығ болулар себепті, мұндай құралдардың өлшеу дәлдігі төмен болады және оның ең жоғарғы санаты -1,5.
Ферродинамикалық құралдар,айналдырушы моменттерінің үлкен болуына байланысты, ток күшінің 10-5000 Гц жиіліктері аралығында, көбінесе тірке немесе өзбетірше жазу құралдары ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |