Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы


Өлшеу әдістері. Өлшеу қателіктері



бет7/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Өлшеу әдістері. Өлшеу қателіктері. Өлшеуді қажет ететін әртүрлі электрлік шамаларға арналған өлшем деп аталатын өлшеу құралдары орын алады.
Мысалы, электр кедергісінің өлшемі – өлшегіш резисторлар, индуктивтілік өлшемі – индуктивтілікті өлшеу катушкалары, электрлік сиымдылық өлшемі – сиымдылығы тұрақты конденсаторлар және т.б.
Практикада әртүрлі физикалық шапмаларды өлшеу үшін әртүрлі әдістер қолданылады.
Нәтижелерді алулаына байланысты соңғысы тікелей және жанама тәсілдерге бөлінеді. Тікелей өлшеу барысында өлшенетін шама тікелей тәжірибелік мәліметтер бойынша анықталады. Жанама өлшеу барысында ізделініп жатқан шама алдын ала шамасы белгілі өлшеммен салыстыра отырып есептелініп алынады . Мысалы, тізбек бөлігінің кедергісін анықтау, сол тізбек бойынша өтетін (шамалары белгілі) ток және олардың ұштарына түсірілген кернеудің шамаларын Ом заңына сәйкес есептелінеді.
Электрлік өлшеу техникасында көптеп таралған әдіс, тікелей өлшеу болып табылады, өйткені ол оңай және аз уақытты алады.
Электрөлшеу техникасында, сонымен қатар, өлшенетін шама өлшемі белгілі өлшеу кұралымен салыстыруға негізделінген, салыстыру әдісі де қолданылады. Бұл әдіс компенсациялық және көпірлік болуыда мүмкін.


Компенсациялық әдісті қолдану мысалы болып кернеу шамасын алдын ала ЭҚК нақтылы элементпен салыстыру табылады (кернеу калибраторы)
Көпірлік өлшеуді қолдану мысалы болып кедергілерді төрт-иықты көпірлік схемалар көмегімен өлшеу табылады.
Компенсациялық және көпірлік әдістермен өлшеу өте дәл шамаларды береді, десекте, оларды орындау үшін күрделі өлшеу техникасын қажет етеді.
Қанда да болмасын өлшеу барысында қателіктердің орын алатынын, яғни өлшеу нәтижесінің өлшеніп отырған шаманың шын мәнінен ауытқитынын, ескеру керек. Себебі, біріншіден, өлшеу құралдарының параметрлері қай мезгілде де тұрақты қала бермеуі, құралдардың өлшеу механизмдері жетілдірілмегені (мысалы мезанизмдерде орын алатын үйкелістерге байланысты және т.б.), сыртқы факторлардың әсері (электрлік немесе магшниттік өрістердің әсері), қоршаған орта температурасының әсері және т.с.с., екіншіден, адамдардың сезімдік органдарының жетілмегендігі және де сол сияқты басқада факторлардың орын алатынын ескеру керек.

Құралдардың көрсетуі АП мен өлшенетін шаманың шын мәні AD арасындағы айырым өлшеудің абсалюттік қателігі деп аталады:


Аьсалюттік қателікке кері шама түзету деп аталады: :

Өлшенетін шаманың шын мәні өлшенген шаманың мәніне түзетуді қосу арқылы анықталады:

Өлшенген шамалардың дәлдігін бағалауүшін, абсалюттік қателіктің өлшенетін шаманың шын мәніне қатынасы арқылы анықталатын, пайыздық көрсеткіште орын алатын, өлшеудің салыстырмалы қателігі δ, мәні ендіріледі:
δ =ΔА/Ан
Өлшеу құралдарының дәлдігі келтірілген қателік арқылы бағаланады, яғни пайыздық көрсеткіште абсалюттік қателіктің құралдардың нормалық AН

шамасы арқылы көрініс табады:


Өлшеу құралдарының нормалық шама деп, өлшеу құралының шартты түрде алынған шектік мәнін атайды (құралдың ең үлкен көрсетілім шамасы).


Құралдардың өлшеу қателіктері, құралдарды қалыпты жағдайда пайдалану барысында конструкциялық немесе орындалуына қатысты негізгі, және құралдардың көрсеткіштеріне әсер ететін әртүрлі сыртқы факторларға байланысты қосымша қателіктер ретінде көрініс табады.
Құралдардың қалыпты жұмыс істеу жағдайы ешқандай магниттік өрістер әсері болмайтын , сыртқы орта температурасы 20±5°С, салыстырмалы ауа ылғалдығының шамасы 65±15% , атмосфералық қысым 750±30 мм. сын.б. -мөлшерде деп саналады.
Электрлік өлшеу құралдарының, негізгі жіберілетін қателіктерінің шамасы олардың дәлдік санатын (классын) анықтауға мүмкіндік береді.
Электрлік өлшеу құралдарының дәлдік дәрежесіне қарай сегіс санатқа бөлінеді: 0.05; 01; 0.2; 0.5; 1.0; 1.5; 2.5; 4.0, көрсетілген сандар, сонымен қатар, құралдардың ең шектік ауытқуларына жіберілетін қателік мәндерін (пайыздық көрсеткіште) көрсетеді.
Дәлдік санаты, әрбір өлшегіш құралдарының шкаласында көрсетіліп қойылады және сандық түрде қою, шеібер ішінде орындалады.
(Шеңбер - өлшегіш құралдарының сыртқы электрлік өрістерден оқшауланғанын сипаттайды)
Өлшегіш құралдардың шкаласы бөліктерге бөлінеді .
Әрбір бөліктің құны (немесе құралдың тұрақтысы) шкаладағы екі көршілес белгілеулерге сәйкес келетін, шамалардың айырымдарының мәні.
Мысалы, амперметр және волтьметрлердің бөлік құндарын төмендегіше анықтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет