СU= UH/ N - шкаланың, бір бөлікке келетін вольт шамасының саны;
CI= IH/ N - шкаланың, бір бөлікке келетін ампер шамасының саны;
N - құралға сәйкес келетін шкала бөлігінің саны.
Кейбір құралдарда, шкалалар бөліктерінің бірдей бөліктерге бөлінбейтін жағдайлары орын алады. Мұндай құралдардың құнын кіші бөліктер арсында анықталады. (Бұлардың орын алулары, құралдарды пайдаланудан соң оларда қалдық магнетизмнің орын алулары сияқты жағдайларға байланысты болады).
Құралдардыі маңызды сипаттамасы болып сезгіштігі - S, орын алады, мысалы, вольтметр үшін - SU, амперметр үшін - SI, төмендегішеанықталады:
SU= N /UH - 1 В –қа сәйкес келетін шкала бөлігінің саны ;
SI= N / IH - 1 А–ге сәйкес келетін шкала бөлігінің саны ;.
Құралдардың, келесі, метрологиялық маңызды сипаттамасы болып, оның сенімділігі, яғни, нақтылы жағдайда жұмыс ітеу барысында, берілген уақыт ішінде сипаттамасын сақтау қабілеті – орын алады.
Сенімділіктің сандық өлшемі болып, қайтарымсыз жұмыс ықтималдығы (ҚЖЫ) – нақтылы Т уақыт аралығында, үздіксіз жұмыс барысында, қайтарымсыз болуы.
Мысалы, Э8027 типіндегі амперметр және вольтметрлер 2000сағ. ішінде 0,96 ҚЖЫ-ға ие, яғни 100 құралдың 2000 сағат жұмыс істеп тұрғандарының 4- ғана жөндеуді қажет етеді деген сөз.
. Анологтік электромеханикалық өлшегіш құралдары Электр өлшегіш құралдары әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі.Электр өлшегіш құралдары өлшенетін шамалардың табиғатына байланысты: амперметрлер, вольтметрлер, ваттметрлер, электр энергиясын есептегіштер, фазометрлер, частотомерлер, омметрлер және т.с.с. Өлшенетін шамалардың табиғатына байланысты, олардың шартты белгілері құралдардың бетінде көрсетіліп қойылады. Электр өлшегіш құралдарының шкалаларында, сонымен қатар, құралдың дәлдік санаты, қорғағыш изоляциясының шектік сыналған кернеу шамасы, құралдың жұмыс жасау күйі және т.с.с. көрсетіледі. Өлшегіш құралдары аналогтік және сандық болып бөлінеді. Аналогтік өлшегіш құралдары деп аталынуы, құралдарда олардың көрсететін шамалары өлшенетін шамалардың тікелей үздіксіз қызметтері болып саналады. Қарапайым амперметрде өлшегіш тізбек өлшегіш орамдардан (катушка) тұрады және ол ток шамасын өлшеу керек болатын электр тізбегіне тізбектей жалғанады. Өлшеу механизмі, құралға берілетін электр энергиясын құралдың тілі мен басқада көрсететін құрылғыларымен байланысқан, олардың әрбір күйі өлшенетін шаманың мәнімен сәйкестендірілген, қозғалатын бөлігінің мехникалық энергиясына айналдыруға арналған.
Конструкциялық жағынан өлшеу механизмі бірдей болып келетін, әртүрлі тізбектерде электрлік шамаларды қлшеуге пайдалануға болады.(тестер).
Электр өлшегіш құралдарына келесі негізгі талаптар қойылады:
Құралдардың көрсету қателіктері олардың беттерінде көрсетілген шамалардан ( дәлдік санаты) артып кетпеуі және уақыт өтуіне қатысты өзгеріске ұшырамауы тиіс: