Магнитоэлектрлік өлшеу құралдары жүйесі Магнитоэлектрлік өлшеу құралдары жүйесінің ерекшелігі, (сурет ) онда тұрақты магнит өрісі мен I тогы өтетін, ортасында қозғалмайтын магнит өзекшесі 3 орналасқан, контур тәрізді ораммен 2 өзара әсерлеріне негізделінуінде.
Сурет Магитоэлектрлік өлшеуіш құралдары
Ораммен 2 бірге орналасқан рама өлшеуіш құралдың тілімен біріктірілген. Рамаға ток екі серіппелі шиыршық арқылы беріледі. Шиыршықтың бір ұшы құрал қаңқасына , екінші ұшы білікке бекітіледі. Шиыршықтар арнайы изоляциялық материалдармен біліктен және құрал қаңқасынан оқшауланған. Шиыршық арнайы фосфорлы қоладан жасалынған. Олар электр тогын жақсы өткізеді және серпімлік қасиетке ие. Өйткені олардың механикалық параметрлері электр тогы әсерінен қызған кездерде өзгеріскке ұшырамауы тиіс. Магниттің тогы бар орамға (рамаға) әсер ететін күштің бағытын оң қол ережесі бойынша анықтауға болады. Магитоэлектрлік өлшеу құралдары тек тұрақты ток шамаларын ғана өлшеуде қолданылады. Өйткені, жиілігі 50 Гц болатын айнымалы ток өлшегіш құралының тілін оңға және солға тербелісіне алып келеді, соның салдарынан құарал тілі ток өзгерісене ілесе алмайтындықтан, нольдік белгіден жылжымай қалады.
Магнитоэлектрлік өлшеу құралдарында өте өзінің магнит өрісі күшт болғаны себепті, ондағы азғана ток раманы қозғалысын тудырады, сондықтан олар өте аз мөлшердегі ток шамаларын да өлшеуге мүмкіндігі бар. Индукциялық жүйе құралдары. Индукциялық жүйе құралдарының жұмысы, магнит өрісіне орналастырылған өз білігі арқылы еркін айнала алатын диск және осы магнит өрісінің әсерінен пайда болатын құйынды токтар мен дискіге (әртүрлі ауданында) әсер етуші магнит ағындарымен өзара әсерлесуге негізделген. . Индукциялық өлшеу құралдары айнымалы ток тізбегіндегі ток, кернеу, қуат және энергия шамаларын өлшеуге арналған (рис. 3.5).
Сурет Бір фазалы айнымалы ток тізбегінің эдектр энергиясын есептегіш электромагниттік жүйедегі есептегіш құралы
Достарыңызбен бөлісу: |