Стабилитрон. p-n-өтпенің кері қосылу режимі - стабилитронның нормальді жұмыс режимі, өтпенің электрлік ойық кернеуі - жұмыс кернеуі, ток осіне параллель орналасқан кері тармақтағы бөлігі – вольт-амперлік сипаттаманың жұмысшы аймағы (стабилизация аймағы) болып табылады. Вольт-амперлік сипаттаманың кері бұтағында ток өскенмен кернеудің тұрақты болып қалатыны көрініп тұр (сурет-13). Стабилитрон арқылы өтетін токты резистор көмегімен шектей отырып электрлік ойық күйін (немесе кернеу тұрақтылығын) ұзақ уақыт ұстап тұруға болады.
Жартылай өткізгіш стабилитрондар қоспа концентрациясы жоғары (түзеткіш диодтарға қарағанда 20-30 есе) кремий негізінде дайындалады. Осының әсерінен өтпеде өте жұқа тоқырау қабаты пайда болып, өтпеге түсірілген кернеудің кішігірім өзгерістірінде электрлік ойық қалып-күйі туындайды.
Қарапайым стабилизаторлар стабилитронның одан өтетін токтың кішігірім өзгерісінде кернеу мәнін тұрақты ұстау қасиетіне негізделген. Жартылай өткізгіш стабилитронда дайындалған қарапайым стабилизатор сұлбасы 14суретте көрсетілген. Егер желі кернеуі өскенде жүктеме кедергісінің өзгермеген мәнінде стабилизатордың кіріс кернеуі Um өседі, сондықтан вольтамперлік сипаттамаға сәйкес стабилитрон кернеуінің кішігірім өсуі ол арқылы өтетін токтың анағұрлым өсуіне әкеледі.
Кіріс кернеуінің өзгермеген мәнінде және жүктемедегі ток мәні
In –ден In min-ге өзгергенде стабилитрондағы ток мәні (Iст min –нен Iст mах-ге ) өседі. Бұл жағдайда шығыстағы кернеу Un өте аз өзгереді. Стабилитрон қалыптаы жұмыс істеу үшін – стабилитронның тогы жұмысшы аймақ шегінен Icm min ÷ Icm max шықпауы керек.
Сурет13. Стабилитронның вольт- Сурет14. Қарапайым стабилизатор
амперлік сипаттамасы. сұлбасы.
Сондықтан балластық кедергі мәнін төмендегіше таңдайды
,
мұндағы стабилизациялаудың (тұрақтандырудың) номинальді тогі ( Icm ном < 100 мА).
Негізгі параметрлері:
1) стабилизация кернеуі: бұл берілген тұрақтандыру тогы өткендегі стабилитрондағы кернеу: 3...400 В.
2) тұрақтандыру кернеуінің температуралық коэффициенті:
3) кернеудің тұрақты мәніне сәйкес ток мәндері:
4) сипаттаманың кернеуі тұрақты бөлігіндегі динамикалық кедергісі.
Достарыңызбен бөлісу: |