Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет30/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Түзеткіштік диодтар айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру үшін қолданылады, көбіне қорытпалық немесе диффузиялық технологиямен жасалады. Шарты белгіленуі 11суретте көрсетілген, диодтың вольт-амперлік сипаттамасының оң бұтағында жұмыс істейді. Түзеткіштік диодтарды кремнийден және германийдан жасайды. Кремнийден жасалған диодтар 150°...200°С дейінгі, ал германийдан жасалған диодтар 85°...100°С дейінгі температурада жұмыс істей алады.

Түзеткіштік диодтың жұмысы жоғарыда айтылғандай диодтың вентильдік қасиетіне негізделген, яғни айнымалы токтың оң мәнініде диод D1 «ашық», ал айнымалы токтың теріс D1 мәнінде диод «жабық». Оны 12суреттен көре аласыз. Айнымалы токтың оң полярлы жартытолқынында диод D1 арқылы жүктемеге ток өтсе, теріс полярлы жартытолқынында диод D2 арқылы жүктемеге ток өтеді. Яғни, жүктемеде әрқашан оң полярлы тұрақты ток болады.



Сурет-12. Екі жартыпериодты түзеткіш сұлбасы (а), кірістегі кернеу (б), жүктемедегі кернеу (в).


Түзеткіштік диодтар төмен және жоғары жиілікті, импульсті, әлсіз және қуатты токтарды түзету үшін қолданылатындықтан олардың p-n өтпесінің ауданы әртүрлі болады. Тура ток мәні ≈1А шамасында болғанда, тұтыну қуаты ≈1Вт болатын кіші қуатты түзеткіш диодтардағы n–р –өтпе ауданы үлкен болғандықтан жасанды салқындатқышсыз жасалады. Тура ток мәні ≈1000 А шамасында және кері кернеуі 1500 В болғанда, тұтыну қуаты ≈10 кВт болатын үлкен қуатты түзеткіш диодтар жасанды салқындатыштарға немесе радиаторларға орнықтырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет