Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет32/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Варикап. Сыйымдылығын кері кернеумен басқаруға болатын конденсатор ретінде қолданылатын жартылайөткізгіш диодты варикап деп атайды. Кері кернеудің шамасы өскен сайын бөгеттік қабаттың ені артады да, варикаптың сыйымдылығы азаяды. Варикап дискретті конденсаторды қолдану мүмкін емес төмен кернеумен (мВ) жұмыс істейтін сұлба құрамында қолданылады.

Бөгеттік қабаттың бір жағында оң, екінші жағында теріс заряд пайда болатындықтан және осы зарядтар онда электр өрісін тудыратындықтан р-n- өтпесінің электрлік сыйымдылығы болады. Жазық конденсатордағы секілді өтпенің сыйымдылығы түйістің ауданына тура пропорционал да, ал бөгеттік қабаттың еніне кері пропорционал. Бөгеттік қабаттың ені оған түсірілген кернеуге байланысты өзгеретіндіктен, р-n-өтпеснің сыйымдылығы да кернеумен байланысты болады. р-n-өтпесіне тура кернеу берген кезде түйіске өте аз кернеу түсетіндіктен оның сыйымдылығы да өте аз болады, ал түгелдей дерлік бөгеттік қабатқа түсетін үлкен кері кернеу онда әжептеуір сыйымдылық туғызады. Варикаптың ВАС-ы кері бұтақта орналасқан (20-суретте, 0б-бөлігі). Кері кернеу өскен сайын бөгеттік қабаттың ені арттады да, варикаптың сыйымдылығы азаяды.

Варикаптың негізгі параметрлері ретінде оның жалпы сыйымдылығы (СВ) мен сыйымдылықтың еселік коэффициенті (КС) алынады. Сыйымдылықтың еселік коэффициенті деп варикаптың максимал сыйымдылығының (Сmax) оның минимал сыйымдылығына (Сmin) қатынасын айтады. Варикаптың көпшілігінің жалпы сыйымдылығы СВ=10…500 пФ, ал сыйымдылықтың еселік коэффициенті КС= Сmax/ Сmin=5…20 шамасында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет