Туннельдік диод – бұл вольт-амперлік сипаттаманың оң бұтағының бір бөлігі теріс дифференциальдық кедергімен сипатталатын жартылаөткізгіш диод (сурет15). Туннельдік диодтар қатаң ережемен берілген электрондық қасиеті бар жартылайөткізгіш материалдарды дамыған жартылайөткізгіш технологиямен (легирования) алу нәтижесінде пайда болды. Леги́рование
(латынның ligare — «байластыру» -деген сөзінен) — негізгі материалдың физикалық және химиялық қасиеттерін өзгерту (жақсарту) үшін құрамына қоспа қосу. Металды легирование жасау арқылы оның коррозияға беріктік және мықтылық қасиеттерін, тозуын баяулату қасиеттерін арттырады.
Леги́рование әдісімен өтпедегі бір аймақтан екінші аймаққа шұғыл ауысуды сақтай отырып, р – аймақ және n- аймақтағы электрон мен кемтіктердің жоғарғы тығыздығына қол жеткізеді. Өтпенің өте жұқа еніне және легирование әсеріне байланысты, кристалдағы заряд тасымалдаушылардың концентрациясының жоғарылығына байланысты сырттан кернеу әсер етпегенде р – n -өтпеден ары өтетін электондар саны қайтып оралатын электрондар санына тең болғандықтан, диодта ток жүрмейді. Ал электрондар мен кемтіктерлің өтпеден сыртқы әсерсіз өтпеден өтуін «туннельдік эффект» деп атайды.
Сурет16. Энергетикалық деңгейдегі туннельдік эффект.
17-суретте р – n -өтпенің U кернеудегі 4 түрлі мәніндегі қарапайым энергетикалық диаграммалары көрсетілген. Кернеу мәні U1 дейін көтерілгенде аймақтар арасындағы туннельдік ток өседі. Кернеуді U2 көтергенде n-аймақтағы өткізгіштік зонасы мен және р- аймақтағы валенттік зона рұқсат етілген энергетикалық деңгейлердің қысқаруына байланысты ток кемиді, туннельдік диод кері кедергілі күйге өтеді. Кернеу U3 жетіп немесе асқанда р–n - өтпеде кәдімгі диодтағыдай диффузиялық (немесе жылулық) ток жүретін болады.
Туннельдік диодтар СВЧ күшейткіштерде, генераторларда және бірнеше гигагерц жиіліктегі ауыстырып қосу құрылғыларында қолданылады.
Туннельдік диодты кері қосқанда туннельдік ойық режимінде жұмыс істейді. Негізгі параметрлері:
Iп – пик тогы,
Uп – пик кернеуі,
Iвп.- ойпат тогы,
Uвп.- ойпат кернеуі,
Cд – Uвп кернеуіндегі диод сыйымдылығы – диодтың жиіліктік қасиеттерін сипаттайды.
Сурет-17. Туннельдік диодтағы өтпе потенциалының өзгерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |