Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу


Өрістік транзисторлардың тізбекке жалғану схемалары



бет45/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Өрістік транзисторлардың тізбекке жалғану схемалары

және эквивалент схемасы.

Өрістік транзисторларды схема элементі ретінде бейсимметриялы активті төртұшты деп есептеуге болады. Схемаларда қай электрод ортақ қосылғанына байланысты: ортақ ағызбалы және жаптырыққа кірісімен, ортақ құйылмалы және жаптырыққа кірісімен, ортақ жаптырықты және ағызбаға кірісімен болып бөлінеді.





Сурет 31. Басқарылатын р – n -өтпелі өрістік транзисторлардың жалғану сұлбалары.

Практикада өрістік транзистордың ортақ ағызбалы және жаптырыққа кірісімен сұлбасы көп қолданылады.

Өрістік транзистордың эквивалент схемасы 32-суретте келтірілген. Бұл эквивалент сұлбадағы тізбектің әрбір бөлігіндегі У –мен белгіленетін өткізгіштіктің өзіндік мағынасы бар.


Сурет 32. Өрістік транзистордың эквивалент сұлбасы

Жаптырық-ағызба бөлігінің кіріс өткізгіштігі ужа = у11 + у12 ; ағызба-құйылма бөлігінің шығыс өткізгіштігі уақ = у22 + у21 ; беріліс функциясы немесе ВАС крутизнасы S = у21 - у12 ; кері беріліс функциясы ужқ = у12 . Бұл өрістік транзисторды төртұшты деп қарастырғандағы бірінші реттік параметрлері.

Басқарылатын р–n -өтпелі өрістік транзисторлар ВАС-ы

Басқарылатын р–n -өтпелі өрістік транзисторлар вольт-амперлік сипаттамасын қарастырайық. n- типті каналды транзистор үшін құйылмалық (шығыс) сипаттамасы - Uжа тұрақты мәніндегі құйылма тогының Uқа тәуелділігін атайды: UАЖ=const болғандағы ІҚ =f(UАҚ).

Өрістік транзистордың негізгі ерекшелігі: канал өткізгіштігіне UАЖ және UАҚ кернеуіде әсер етеді. UАҚ =0 мәніде шығыстағы ІҚ =0 тең. UАҚ >0 , болғанда каналарқылы ІҚ жүреді. UАҚ мәнінің өсуі каналдағы потенциал айырмасын үлкейтеді, сәйкесінше каналдың көлденең қимасының ауданы кішірейеді. Одан өсуі кезінде р–n - өтпенің шекарасы айқасып, ток жүруі тоқтайды. Активті жұмыс режимі ретінде вольт-амперлік сипаттаманың сызықты өсу аймағын пайдаланады.



а) б)


Сурет 33. п- типті каналы бар өрістік транзистордың вольт-амперлік сипаттамасы: құйылмалық (шығыс) – (а), құйылма-жаптырықтық (кіріс) – (б).
Кіріс немесе құйылма-жаптырық сипаттамасы - ІҚ тогының UАЖ тәуелділігін атайды: UАҚ = const болғандағы ІҚ = f(UАЖ ).

Басқарылатын р – n -өтпелі өрістік транзисторлардың негізгі параметірлері: қанығу кезіндегі ағызбаның дифференциалдық кедергісі (Rа=0,1...0,5 МОм); ағызба мен құйылма және жаптырық пен құйылма арасындағы кернеулердің мүмкін максимал мәндері (5...30 В); ағызбаның мүмкін максимал тогы (Іаmax=10...50 мА).

Өрістік транзисторлар негізінен төменгі жиілікті кірмелік кедергілері жоғары күшейткіштерде және логикалық тізбектерде қолданылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Өрістік транзисторлар түрлері, типтері.

2. Өрістік транзисторлардың құрылымы, жасалу технологиясы, электрлік сұлбасы

3. «Жаптырық», «Ағызба», «Құйылма», «Арна» дегеніміз не?

4. Басқарылатын өрістік транзисторлар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет