Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет42/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Биполяр транзистордың Һ – параметрлері.

Әлсіз сигналдар режимінде биполяр транзисторды сызықты активті төртұшты деп қарастыруға болады. Биполяр транзистор параметрлерін есептеп және талдау үшін Һ – параметр жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Транзистордың электрлік қалып-күйі 4 шамамен сипатталады: кірістегі және шығыстағы ток, кірістегі және шығыстағы кернеу.



Сурет-28. Биполяр транзисторды төртұшты түрінде бейнелеу


Осы төрт шаманың екеуін тәуелсіз деп есептесе, қалған екеуін жаңағы екі тәуелсіз шама арқылы өрнектеуге болады. Іс-тәжірбиеден алынған пікір бойынша тәуелсіз шама ретінде кірістегі ток пен шығыстағы кернеу алынады.

Iшығ = F1(Iкір, Uшығ)

Uкір = F2(Iкір, Uшығ )

Күшейткіш құрылғыларда кіріс сигналы кіріс кернеуі және кіріс тогымен анықталатынын ескерсек, транзистордың вольт-амперлік сипаттаманың сызықты бөлігі үшін мынадай теңдіктер жазуға болады :



(1)

(2)

(3)

(4)

Бұл теңдіктегі h11,h12,h21,h22 коэффициенттері транзистордың h- параметрлері деп аталады.



h11 – транзистордың кірмелік кедергісі (кірер ұштары арқылы өлшенген) екені анықталады (Оммен өлшенеді):

, = const (5)

h12 - параметрі транзистордың кірмелік кернеуінің өсімшесінің оның шықпалық кернеуінің өсімшесіне қатынасынан көрсетілетіндіктен, оны кері байланыс коэффициенті деп атайды. Бұл параметр кірмелік кернеудің өсімшесіне шықпалық кернеудің қаншалықты өзгерісі сәйкес келетінін көрсететін шама

, = сonst (6)

(7)

h21 - Егер коллетордың кернеуінің өсімшесін нөлге тең деп алса (∆Uк=0), яғни коллектордың кернеуі тұрақты болса (∆Uк=const), онда теңдігінен

h21 параметрінің токтың беріліс коэффициенті екенін көруге болады:

, = const (8)

(9)

h22 – транзистордың шықпалық кедергісінің Rш (шықпалық ұштары арқылы өлшенген) кері шамасы, яғни транзистордың шықпалық өткізгіштігі болып табылады



, = сonst (10)

(11)



Транзистордың h параметрлері оның кірмелік және шықпалық сипаттамаларынан анықталады. Көптеген транзисторлар үшін бұл мәндер h11=103...104 Ом, h12=2*10-4...2*10-3, h21=20...200, h22=10-5...10-6 См аралығында жатады.

Транзисторлар аналогтық электрониканың ең кең тараған элементі. Олар кернеу, ток немесе қуат күшейткіштерінде, логикалық және т.б. құрылғыларда қолданылады.

Транзисторда эмиттер-база және коллектор-база өтпелерінің сыйымдылығы болатындықтан жоғары жиіліктерде электрондар эмиттерден коллекторға өтіп үлгере алмайды. Ендеше жиіліктің өсуі коллектордың тогының азаюына әкеліп соғады. Ал температура өскен кезде негізгі емес заряд тасымалдаушылардың саны көбейеді де коллектордың бастапқы тогы артады. Сондықтан транзисторларды олардың құжатында көрсетілген жиілік пен температураның мәндерінде ғана пайдалану керек.

Биполяр транзистор негізгі кемшілігі жоғары температурада жұмыс істей алмауы. Бұл мәселені ғалымдар аз қуатты трансформатор көмегімен ток күшін азайту арқылы және кейбір транзисторлардың қызуын сейілдіру үшін радиаторға бекіту арқылы шешті. Келесі бір кемшілігі бипояр транзистордың ішінде болатын генерация-рекомбинация процестері жоғары жиілікте сигналдардың тұрақтылығына кесірін тигізіп, қосымша шум береді. Сондықтан биполяр транзисторлар төмен және орта жиіліктегі сигналдарды өңдеуге арналған аналогтық электроникада кең қолданылады.

Әдетте транзисторларды жұмыс жасай алатын жиіліктері аралығына және қуатына қарай әртүрлі топтарға бөледі: төменгі және жоғарғы жиілікті, әлсіз немесе қуатты т.с.с. деп.

Бақылау сұрақтары:

1. Биполяр транзистордың күшейткіш параметрлері, кірмелік кедергі.

2. Биполяр транзистордың жұмыс режимдері

3. Биполяр транзистордың Һ- параметрлері нені сипаттайды?

4. Тиімді параметрлерін таңдай білу.

5. Биполяр транзисторлардың таңбалануы.

6. Дрейфтік транзитор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет