Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы



бет9/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Ньютонның екінші заңы.
Ньютонның екінші заңы – ілгерілемелі қозғалыстың динамикасының негізгі заңы – түсірілген күштердің әсерінен материалдық нүктенің (дененің) механикалық қозғалысы қалай өзгеретіндігіне жауап береді.
Материалдық нүкте (дене) алатын үдеу, оны туғызатын күшке тура пропорционал, онымен бағыттас келеді. Және материалдық нүктенің (дененің) массасына кері пропорционал болады.
немесе
, .
Ньютонның екінші заңының жалпы тұжырымдамасы: материалдық нүктенің импульсінің өзгеру жылдамдығы оған әсер ететін күшке тең.
Векторлық шама , аз уақыт ішіндегі күші әсерінің элементар импульсі деп аталады. уақыт аралығындағы күш импульсі интегралымен анықталады. Ньютонның екінші заңына сәйкес материалдық нүктенің импулсінің өзгерісі оған әсер ететін күштің импулсіне тең.
және .
Материалдық нүкте динамикасының негізгі заңы классикалық маханикадағы себептілік принципін тұжырымдайды. Бұл дегеніміз материалдық нүктенің қозғалысының күйінің және кеңістіктегі бастапқы орны және оған әсер ететін күштің уақыт өткен сайын өзгерісі арасындағы бірегей байланыс. Бұл материалдық нүктенің бастапқы күйін біле тұра, кез келген келесі уақыт кезеңдеріндегі оның күйін есептеуге мүмкіндік береді.
Күштер әсерінің тәуелсіздік принципі.
Механикада күштердің әсерлерінің тәуелсіздік принципінің маңызы зор. Егер материалдық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер ететін болса, онда бұл күштердің әрқайсысы Ньютонның екінші заңына сәйкес, басқа күштер болмаған кездегідей материалдық нүктеге үдеу береді.
Мысалы, материалдық нүктенің нормаль және тангенциаль үдеулері күштің сәйкес құраушыларымен анықталады:
, , .
, , .
Материалдық нүктеге нормаль үдеу беретін күш, траектория қисықтығының центріне бағытталған, сондықтан центрге тартқыш күш деп аталады.
Ньютонның үшінші заңы.
Материалдық нүктелердің (денелердің) бір біріне кез келген әсері өзара әсерлесу сипатында болады: материалдық нүктелердің бір біріне әсер ететін күштері, әруақытта модулі бойынша тең, бағыты бойынша қарама қарсы және осы нүктелерді қосатын түзу бойымен әсерлесетін болады.
Бұл күштер әр түрлі материалдың нүктелерге (денелерге) түсірілген, барлық уақытта жұбымен әсер етеді және табиғаты бір күштер болып табылады.
Ньютонның үшінші заңы жеке материалдық нүкте динамикасынан кез келген материалдық нүктелер жүйесінің динамикасына өтуге мүмкіндік береді, себебі кез келген өзара әсерлесуді материалдық нүктелер арасындағы жұптап өзара әсерлесу күштеріне келтіруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет