Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


,12 -дәрістер. Жаратылыстану және техникалық ғылымдарының философиясы мен тарихы



бет33/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
ҒТФ., лек.жинағы (1)

11,12 -дәрістер. Жаратылыстану және техникалық ғылымдарының философиясы мен тарихы.
Жаратылыстану дегеніміз – обьективті шындықта өмір сүретін құбылыстар мен қасиеттер туралы ұғымдар мен көзқарастардың жүйесі.
Ғылым тарихы табиғатты тануда адамзат негізгі үш сатысынан өтіп, төртінші сатыға аяқ басқандығын көрсетіп отыр.
Бірінші сатыда қоршаған орта туралы жалпы білімдердің жиынтығы қалыптасты. Натурфилософия деп аталған осы ілімнің аясында ХІІІ-ХҮ ғасырларда жаратылыстану ғылымдарының негізі қаланды. Натурфилософия дегеніміз – табиғатты кейбір жаратылыстану ұғымына сүйеніп, біртұтастықта философиялық тұрғыдан түсіндіру. Басқаша айтсақ, натурфилософия – табиғат философиясы.
Орта ғасырлық Шығыста математикалық, физикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дамыған.
ХҮ-ХҮІ ғасырлардан бастап табиғатты зерттеудің екінші аналитикалық кезеңі басталды. Жеке құбылыстар мен заңдылықтарға үңілу барысында физика, химия, биология тағы да басқа ғылымдар одан әрі дамыды.
ХІХ-ХХ ғасырларда жеке білімдерді жинақтап, топтап, қорытындылаудың нәтижесінде әлемнің синтетикалық біртұтас бейнесі қалыптасты.
Қазіргі төртінші кезеңде оссы біртұтастық одан әрі жалғасуда. Оның айқын дәлелі ретінде қазіргі кезде пайда болған жалпы принциптерді айта аламыз.
ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап табиғатты зерттеудің жаңа әдісін іздестіру мәселесі қойылды. Табиғи процестерге байқау жүргізу салыстыру және әртүрлі эксперимент жасау қажеттілігі туындады.
Табиғатты жай ғана бақылау арқылы тануға болмайтыны анықталды. Өйткені көрініп тұрған құбылыстың себеп салдарын ашу қажеттігі пісіп жетілді. Осы қажеттілік ойлау мен зерттеудің стилін өзгертті. Жаратылыстану ғылымдарында эксперименталді тәсілдің жаппай қолдануы басталды. Оны іске асыру үшін құралдар жасау қажет болды. Сөйтіп, ғылым мен практика өзара ұшырасты. Ғылыми жаңалықтар обсерваторияларда, музейлерде, шеберханаларда ашылды.
Жаратылыстанудың жеке ғылымдардан айырмашылығы – табиғат құбылыстарын жалпы заңдылықтар мен үрдістер тұрғысынан зерттеуінде. Мектеп бағдарламасындағы әр пәннің өз ерекшелігі бар, бірақ ол табиғаттанудағы алғашқы қадам ғана. Жаратылыстану табиғатты біртұтас бүтіндік ретінде зерттейді. Сондықтан ол физикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық, географиялық құбылыстардың бірлігін құрайтын тылсым жасырын байланыстарды анықтап, соларды тереңірек және нақтырақ танып білуге ұмтылады.
Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы оның әлемді өзгертуге емес, оны танып білуге арналғанында жатыр.
2. Физика-жаратылыстану ғылымдарының іргелі саласы. Ол экспериментальді теориялық болып екіге бөлінеді.
4.1 Физиканың философиялық мәселелері
Жаратылыстану ғылымдарының іргелі саласының бірі – физика. Аристотельдің пікірінше, физика табиғат туралы ғылым, дене мен оның өлшемдерін зертейді.
Аристотельдің анықтамасы осы уақытқа дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Өйткені қазір де физика заттардың қарапайым, сонымен қатар, жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, физиканың заңдары мен ұғымдары, принциптері іргелі және негіздік сипатта.
Физика нақты ғылым, құбылыстардың өлшемдік заңдылықтарын зерттейді. Физиканың негізгі міндеті – қарапайым, бірақ жалпы заңдылықтарды зерттеу, өйткені солар арқылы бүкіл әлемнің үлгісін жасауға болады.
Физика – экспериментальді ғылым, оның заңдары тәжірибе алуымен анықталған фактілерге сүйенеді. Физика экспериментальді және теориялық болып екіге бөлінеді.
Зерттеу нысандарының ерекшелігіне байланысты кішкене бөлшектер физикасы, ядро физикасы, атом мен молекула физикасы, сұйық заттар мен газ физикасы, қатты денелер мен плазма физикасы, ал материяның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты макроәлем физикасы, микроәлем физикасы, мегаәлем физикасы болып бөлінеді.
Зерттелетін үдерістердің табиғатына байланысты механика, электродинамика, квантты физика, гравитация теориясы, термодинамика және статистикалық физика бар.
Классикалық механикалық жаратылыстанудың негізгі принциптері: әлем белгілі салмағы және өлшемі бар заттардан тұрады, олардың көрінетін өлшемдері физикалық шекарасы болып табылады.
- бұл нысандар бос үш өлшемді кеңістікте қозғалады, олар тік, дөңгелек, эллипс, парабола, спираль және басқа да сызықтар түрінде де болады.
- уақыт – кеңістік, уақыт континуумның төртінші координатасы.
- Ньютон динамикасының үш заңы кеңістік – уақыт континуумындағы заттардың қозғалысын түсіндіреді.
- Ньютондық динамика сызықтық сипатта, мұны себеп-салдарлық детерминизммен түсіндіруге болады. Аталған тұжырымдардан мынадай методологиялық қорытындылар туындайды: 1) механикалық құбылыстар әлеміндегі ұғымдар мен теорияларды түсіндіруге адамның табиғи мүмкіндігі жеткілікті.
2) Механикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеу олардың даму барысына әсер етпейді.
3) Динамика теңдеулерінің қайтымдылығына немқұрайдылық таныту.
4) Көлемді объектілердің сандық өлшемдері оларды өз қалауы бойынша өзгертуге немесе қайта құруға мүмкіндік береді.
Классикалық механикалық ғылымның өзекті сөздері: абсолютті кеңістік абсолютті уақыт, масса, инерция, Ньютонның динамикалық заңдары, лапластық детерминизм, объективтілік, болашақ оқиғаларды абсолютті болжау мүмкіндігі.
Классикалық механика кеңістік, уақыт және материя қозғалысының нақты бағдарын ұсынады.
Классикалық механиканың заңдары табиғаттың нақты заңдары. Осы уақытқа дейін Ньютон анықтаған заңдардың көлемі мен Жердің жасанды серіктерін ұшырудың траекториясы анықталуда.
Қазіргі физиканың мәңгілік тақырыптарының бірі – материя, оның қасиеттері мен көріну формалары, кеңістік пен уақыт, қуат пен ақпараттың қасиеттері, табиғаттағы іргелі байланыстардың түрлері, объектілердің өмір сүруінің экстремалды жағдайлары, қозғалыс, өзара ауысу сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылады. Физиктер өз материалдары арқылы әлемнің, таным процесінің шексіздігін, білімнің салыстырмалы сипатын көрсетеді.
Теориялық физика бұл күндері байқалатын өлшемдердің сандық қатынастарын алу, табиғат заңдарының негізінде жататын себептіліктің, симметрия қасиеттерінің, сақталу заңының жалпы принциптерін іздестіру мәселелерімен айналысады.
Болмыстың барлық деңгейіне ортақ ритмдердің таңқаларлық бірлігі, үндестіктер қатары ғалымдарды әдемілік, қарапайымдылық, ұқсастық принциптерін қолдануға мәжбүр етеді.
Қазіргі физиктерді табиғаттағы іргелі өзара әрекеттесу түрлері де қызықтырады. Бүгін олардың төртеуі белгілі, материалдық объектілердің барлық деңгейіне тән гравитациялық және электромагниттік, сонымен қатар, тек қана микромирде көрініс беретін күшті және әлсіз деп аталатын өзара әрекеттесу түрлері. Олардың әрқайсысын жеке зерттеумен қатар физиктер олардың бәрін біріктіретін бір негізді іздестіруге күш салуда. Бұл міндетті А.Эйнштейн де қойған. Қазір электромагнитті және әлсіз өзара әрекеттесуді біріктіретін теория бар. Болашақта бұған күшті және гравитациялық өзара әрекеттесу де кіруі мүмкін. Мұның өзі ғалымдарды барлық өзара әрекеттесу түрлерін біріктіретін біртұтас өріс пен материалдық процестерді күрделі жүйелерде жолықтыратын бірыңғай теорияны жасауға жақындатады.
Философиялық тұрғыдан қарасақ, бұл – заттар мен құбылыстардың нақты түрлерінің көптігіне қарамастан олардың материалдық бірлігін анықтау. Бұл мәселе әр дәуірде өзінше шешімін тауып отырған.
Микромир, яғни кіші әлемді, зерттеу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені біз өмір сүріп, іс-әрекет етіп отырған үйреншікті әлем тұрғысынан кішкене бөлшектер әлемін түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан да болар, осы уақытқа дейін кішкене бөлшектер әлемін түсіндіретін бір ортақ теория жоқ. Кішкене бөлшектер әлемінде кеңістік пен уақыттық, қуат пен энергияның парадоксы бар.
Бұдан 100 жыл бұрын В.И.Ленин материяны адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүретін және олардың санасында бейнеленетін объективтік реалдылық деп анықтама берген. Яғни бұл анықтама материяны тек зат деп қарамайды. Материяның ең жалпы, ең әмбебаптық белгісі – адамдар санасынан тәуелсіздігі және санада бейнелетіндігі. Осы анықтама бұл күндері өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Материалдық болмыстың барлық деңгейін зерттей отырып, ғалымдар зат, өріс және қуатты бөліп қарайды. Бірақ оларды біріктіретін ортақ негіз еш уақытта назардан тыс қалған жоқ.
Материалдылықтың біртұтас жүйелі иерархиясы, ең алдымен, тікелей байқауға болатын молекуладан тұратын заттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Молекулалар атомдардан, ал атомдар ядро мен электрондардан, атомдық ядро нуклондардан, нуклондар кварктардан тұрады. Бұл күндері электрондар мен гипотетикалық бөлшек – кварктар одан кішкене бөлшектерден тұра алмайды, өйткені одан әрі таза қуат, яғни, энергия ғана бар деп есептелінеді. Материяның осындай күрделі түрлерінің иерархиясын зерттеуде көптеген методологиялық және дүниетанымдық сұрақтар пайда болатыны сөзсіз.
Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары, ал уақыт бір өлшемді. Яғни, уақыттың ағымы өткеннен қазіргі арқылы келешекке бағытталған. Белгілі бір заманның өзіндік бір белгілері басқа заманда қайталануы болып отыратын жағдай. Бірақ негізінде уақыт қайта оралмайды немесе кері жүрмейді.
XX ғасырдың бас кезіндегі физикадағы күрт өзгерістер материя мен қозғалыстың, қозғалыс, кеңістік және уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөнінде жаңа көзқарастарға алып келді. Бұрын кейде материя және қозғалыс, қозғалыс пен кеңістік және уақыттың бір-бірімен байланыстары өзара дербес құбылыстардың сыртқы қатынастары сияқты сипатталатын.
Бұл жөнінде әсіресе А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және уақыттың баяулай түсетіндігін дәлелдейді. Яғни, дененің кеңістіктегі қозғалысы, шапшаңдаған сайын оның кеңістік және уақыттық сипаттары да өзгереді.

4.2 Химияның философиялық мәселелері


Өзекті ұғымдар: химия, химиялық элемент, химиялық бөлшектер құрылымдық химия.


Жаратылыстанудың тағы да бір іргелі негіздерінің бірі химия болып табылады. Оның пәні мен ерекшеліктері ХҮІІ ғасырдың 60-жылдарынан бастап анықталған. Осы уақытқа дейін төрт концептуальді теориялар қалыптасқан.
Д.И.Менделеев химияны химиялық бөлшектер мен олардың қоспасы туралы ғылым деп анықтаған.
Кейбір ғалымдар оны заттар мен олардың өзгерістері туралы ғылым деп те атап жүр. Әртүрлі анықтамаларды топтап, жинақтап, бір арнаға түсіретін болсақ, химия дегеніміз – құрамы мен құрылымының өзгерістеріне қарай басқа қасиеттерге, күйлерге ие болатын заттар мен қоспалар туралы ғылым.
Химиктер табиғи заттардан қажетті темір мен керамиканы, әк пен цементті, әйнек пен бетонды, бояулар мен дәрілерді, жарылғыш заттарды және жанармай материалдарын, каучук пен пластмасты, химиялық талшықтар алуға ұмтылады. Мұның өзі қажетті қасиеттері бар химиялық заттарды алу – химияның негізгі міндеті екендігін көрсетеді.
Бұл ғылыми және өндірістік, яғни химия ғылымының екі жақты міндеті. Яғни химия қажетті қасиеттері бар заттарды өндіруге және оны игерудің жолын анықтауға ұмтылады.
Осы міндеттерді шешу мәселесі төрт негізгі кезеңнен өтті, соның нәтижесінде төрт маңызды концепция қалыптасты.
Бірінші концептуалдық жүйе Роберт Бойль еңбектерінен бастау алып, Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесін жасаумен аяқталды. Бұл жүйе заттардың бөлшектік құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Роберт Боиль (1627-2691) ағылшын химигі және физигі, Лондондағы король қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 1661 жылы химиялық элемент ұғымына анықтама берді, химияға эксперимент тәсілін енгізді, химиялық талдаудың негізін қалады. Химияның ғылым ретінде қалыптасуына көп еңбек сіңірді.
Антуан Лоран Лавуазье (1743-1794), көрнекті француз ғалымы, флогистон теориясының негізсіздігін дәлелді. Оның назарын сол уақыттағы химияның аса маңызды мәселесі – жану, қайтадан қалпына келу және металдың тотығуы өзіне аударды.
1774 жылы өзінің «Химия мен физикадан кішігірім жұмыстар» тақырыпты еңбегінде, Лавуазье жану процесінде атмосфералық қысым да қатысатыны туралы болжам айтты. 1777 жылы «Қышқылдардың табиғатын жалпы қарастыру және оларды біріктірудің негізгі принциптері» еңбегінде жанудың жаңа теориясын ұсынды. Оның негізгі қағидалары мынадай:
1.Заттар тек таза ауада ғана жанады;
2.Жану барысында ауа сіңіп кетеді, жанған дененің салмағы ауаның қысымының азаюы көлеміне сай;
3.Металдар қызған уақытта топыраққа айналады, күкірт пен фосфор жану барысында таза ауамен, сумен бірігіп қышқылға айналады.
Сөйтіп, қыздырылатын металдың салмағы оған ауаның белгілі көлемі қосылған жағдайда ұлғайады.
Лавуазье бірнеше жылдан соң өз теориясындағы ауаның маңызды рөлін толық анықтайды.
Екінші концептуалдық жүйе химиялық заттардың құрылымын анықтауға бағытталды және ХҮІІ ғасырдың аяғынан бастап құрылымдық химияның дамуына негіз болды.
Үшінші концептуалдық жүйе ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Химиялық реакциялардың жүру ерекшелігін анықтап, ірі химиялық технологиялардың туындауына негіз болды.
Төртінші концептуалды жүйе соңғы 25-70 жылдар көлемінде дамуда. Ол химиялық реакциялардың реагенттері мен катализаторын анықтауға бағытталған. Бұл жүйе химиялық эволюция деп аталады. Өмірдің туындауына себеп болған алғы биологиялық эволюцияның дамуына жол ашып, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі дамытудың үлгісін көрсетіп отыр.
Химиялық бөлшек туралы көзқарас заттардың құрамын анықтау барысында қалыптасады. Бұл үшін затты химиялық тұрғыдан бөлшектейді және талдау жасайды. Осы әрекет барысында әрі қарай бөлшектеуге болмайтын тұрақты зат болатындығы анықталады. Бұрын қарапайым зат деп аталған осы тұрақты құрылым химиялық бөлшек болып табылады.
Бөлшектер химиясының дамуында ауаның ашылуы өте маңызды болды, соның арқасында белгісіз салмақсыз зат флогистон туралы ілім теріске шығарылды. Химиктердің бөлшектер туралы білімі кеңейіп, сутегі, азот, сынап, фосфор, көмір қышқылы ашылды. 1869 жылы Д.И.Менделеев 62 химиялық элементті білді.
Осы жылдары химиялық қосынды туралы ілім де дамыды. Стехиометрия заңын ашып, эквивалент және эквивалентті салмақ ұғымын енгізген химик Иеремий Рихтер қоспалар мәселесіне назар аударды. Ж.Пруст 1801-1808 жылдары заттың тұрақты құрамы туралы заң ашты. Оның анықтамасы: «Кез-келген таза зат шығуына және алыну жолына қарамастан бір тұрақты құрамда болады».
Химиктердің назарында ұзақ уақытқа дейін заттық субстрат мәселесі, яғни оның құрамы, қасиеті, жеке элементтерінің қасиеті, химиялық элементтердің кейбір қасиеттерінің тұрақты қайталанып отыруы тұрды. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасап, элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына байланысты өзгеріп отыратындығын көрсетті.
Элементтердің сапалық өзгерістері олардың сандық өзгерістерімен тығыз байланысты, бұл қарым-қатынас ұдайы секіріс арқылы өзгеріп отырады. Бұл заңды байланысты тапқан Д.И.Менделеев олардың бір-біріне жақындығына сүйене отырып, элементтерді табиғи жүйеге келтірді.
Дальтон химияға атомың салмағы ұғымын енгізді. Осы ұғымды Д.И.Менделеев периодтық жүйенің негізі етіп алды. Менделеев жаңалығы ашылған уақыттан 70 жылдан соң кванттық механикада жүйедегі әрбір бөлшектің жеке қасиеттері мен орны атомдық салмаққа емес, атом ядросының электр зарядына байланысты екендігі анықталды.
ХХІ ғ. басына таман 118 элемент белгілі. Бөлшектердің таралу көлемі әртүрлі. Жер қыртысының құрамында, теңіз суында және атмосферада 49,5% - ауа, 25,3% - кремний, 7,5% - алюминий, 5,1% - темір, 3,4% - кальций, 2,6% - натрий, 2,4% - калий, 1,9% - магний, 0,3% - сутегі, 1% қалған бөлшектер бар екендігі анықталған. Соңғы санда жердегі тіршіліктің негізі болып табылатын көмір қышқылының да үлесі бар.
Адамзат кремнийге негізделген темір мен керамиканы көбірек пайдалануда. Болашақта керамика және цирконий, титан, бор, германий, хром, молибден, вольфрам сияқты сирек темірлер қоспасы кеңірек қолданыс табуы мүмкін.
Берцелиус химияны органикалық ж»не органикалық емес деп бөліп, «құрылым», «электрохимия» ұғымдарын енгізді. Берцелиус идеяларын неміс химигі Ф.Кекуле дамытып, валенттілік теориясының негізгі қағидаларын ұсынды.
Бұл күндері химиктерді заттар қасиетінің ауысуы емес, осы ауысуды жүзеге асыратын тетік көбірек қызықтырады.
Химиялық процесс жаратылысынан бірігу мен бөлінудің бірлігі. Онда белгісіздік, өтпелі жағдай көбірек роль ойнайды. Осындай кешеннің атрибуттары тұрақсыздық, вариациялық өзіндік қозғалыс. Әрине бұл жағдай уақыт, эволюция, оның әртүрлі формаларына, синергетикаға назар аударуға мәжбүр етеді.
Қазіргі химияға математикалық талдау мен бағдарламалау тәсілін енгізу заттардың қасиеттерін алдын-ала болжап, құрастыруға мүмкіндік туғызды. Бұл мүмкіндік табиғи ресурстардың (мұнай, түсті металл) шектілі жағдайында оң нәтиже береді.
Сонымен қатар, мақта, ағаш, табиғи каучук қоры азая бастаған уақытта бұрын соңды болмаған жаңа заттарды жасау қажеттігі туындайды.
Мұндай уақытта химик-синтетиктер күрделі заттардың химиялық құрамын ғана емес, олардың нақты құрылымын, қасиетін білуі керек. Мысалы, судың қасиеті оның құрамындағы сутегі мен ауаға байланысты емес. Ал жаңадан дәрі жасау үшін 10-20 мың бастапқы заттардың қасиетін білу маңызды. Сондықтан қазір химиялық зерттеулерде кейбір аралық пәндердің ролі нығая түседі, өйткені олар жаңа заттардың қасиеттерін тура болжауға мүмкіндік береді. Мысалы, кванттық химия, биохимия, молекулярлық генетика. Әрине, мұндай объективті сұраныс жағдайында сан мен сапа, белгілік пен белгісіздікті, өлшем мәселерінің философиялық проблемалары алдыңғы қатарға шығып отырады.
Химиялық технология дегеніміз – затты химиялық өнімге айналдырудың жолын және құралдарын анықтайтын қолданбалы ғылыми пән. Химиялық технологияның негізгі мақсаты – бірыңғай технологиялық жүйеде әртүрлі химиялық қоспалардың физикалық, химиялық және механикалық процестермен байланысын дұрыс анықтап, қатты материалдарды ұсақтау, фильтрден өткізу, электр өрісі мен жоғары және төменгі температура жағдайында ұстау.
Химиялық технологияның негізгі міндеттерін орындау үшін химияның, физиканың, биологияның, кибернетиканың, экономиканың барлық бөліктерін пайдаланады.
Химиялық технологиялар шикізат түріне қарай – мұнай, пластмасс технологиясы, өнімнің түріне қарай – тынайтқыштар, бояулар технологиясы; элементтің тобына қарай – ауыр металдар технологиясы, түрлі-түсті металдар технологиясы; химиялық процестердің түріне байланысты – хлорлау технологиясы деп бөлінеді.
Химиялық технология химия өндірісінің ғылыми негізгі болып табылады.
Химия өндірісі:
1. Тау-химия өндірісі
2. Негізгі химия
3. Химиялық талшықтар өндірісі
4. Синтетикалық смола мен пластика өндірісі
5. Пластмасс заттарының өнеркәсібі
6. Лак-бояу өндірісі
7. Химиялық реактивтер мен ерекше таза заттар өндірісі
8. Синтетикалық бояулар өндірісі
9. Химиялық-фотографиялық өндіріс
10. Тұрмыс химиясы өндірісі
11. Кремний органикалық қосылыстар өндірісі жатады.
Химиялық мұнай өндірісіне:
1. Синтетикалық каучук өндірісі
2. Негізгі органикалық қоспалар өнімінің өндірісі
3. Резинке асбест өндірісі жатады.
Қазақстанда химия ғылымы қарқынды дамып, біршама жетістіктерге қол жеткізген.
4.6 Математика мен информатиканың философиялық мәселелері

Математика – шындықтың сандық қатынастарын зерттейтін ғылым. Математиканың бастауы көне қоғамнан қалыптасады, ол уақытта математикалық есептеулер нақты күнделікті мәселені шешуге бағытталғандықтан ол негізінен қолданбалы сипатта дамыды.


Тарихи тұрғыдан математиканың дамуында төрт маңызды кезеңді бөліп көрсетуге болады.
1.Математиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңі (біздің эрамыздан бұрынғы 6 ғасырға дейін және біздің эрамызға дейін).
2.Қарапайым математика, тұрақты сандар математикасы (шамамен, біздің эрамыздан бұрынғы 6 ғасырдан бастап, біздің эрамыздың 15 ғасырына дейін). Бұл уақытта үлгі ретінде Евклидтің «Бастамалары», арифметика ережелері қабылданды.
3.Өзгергіш өлшемдер математикасы (біздің эрамыздың 16-19 ғасырлары), математикалық білім дифференцияланды, дифференциалды теңдеулер теориясы, вариациялық өлшеулер, дифференциалды геометрия қалыптасты.
4.Қазіргі математика, онда абстрактілі құрылымдар туралы ілім үстемдік етеді. Осындай математика философияға, логикаға жақын, ақиқатпен адасудың қарым-қатынасы, оқиғалар өрбуінің ықтималды жолдары, дәлелдеу сипаты, логикалық және интуитивті бастаулардың өзара байланысы туралы мәселелерді іздестіру, шешу барысында олар бір-бірімен қиылысады.
Қазіргі математика философиямен тығыз байланысты.
Математиканың ерекшелігі – оның алдында тұрған мәселелердің сипаты белгілі тарихи дәуірдегі өзекті проблемалармен тығыз байланысты.
Тұрақты өлшемдер математикасынан өзгермелі өлшемдер математикасына өту дами бастаған механиканың, астрономияның, техникалық білімнің қажеттілігінен туындады, өйткені қозғалысты, даму процесін олардың ішкі қайшылықтарымен зерттеу керек болды. Математиканың онан кейінгі уақытта дамуын тездеткен қатынастардың белгісіздігі, ғылым тілін формалдау, моделдеу, қоғамды ауқымды ақпараттану мәселелері болды.
Қазіргі кез келген жаратылыстанудағы, техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдағы ірі ғылыми жаңалықтар ерекше математикалық аппаратты жасауды қажет етеді.
Сонымен қатар, математиканың өзіндік дамуымен байланысты да мәселелер туындап отырады, оны математикалық білімнің тарихи дамуы айқын көрсетіп отыр. Сондықтан математиканың дамуының себептері мен алғышарттарын қарастыруда оның дамуының сыртқы және ішкі факторларын әруақытта есепке алып отыру қажет.
Информация немесе ақпарат – қазіргі қоғамның негізгі ресурсы. Оны өндіру, сақтау, түсіндіру, тарату және пайдалану өте күрделі мәселе. Мұны ақпараттық қоғамның тағдыры туралы ойланып отырған зерттеушілердің көбі ерекше атап көрсетуде.
Ақпараттық жүйелердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуі үшін электронды-есептеу техникасы және бірнеше маңызды мәселелер өз шешімін табуы тиіс.
Қоғамда, ең алдымен, қазіргі талаптарға сай ақпараттық-техникалық жүйе болуы тиіс. Сонымен қатар, халықаралық хабар көздерімен байланыса алатын мемлекеттік және аймақтық ақпарат қорын жасау міндетті. Құпия емес ақпарат көздері кез келген адамға оған керек жағдайында ашық болуы қажет. Электрондық вирустар мен компьютерлік жүйелерді бұзушылармен тиімді күресіп отыру бірден-бір қажеттілік.
Ақпараттық қоғам жақсы ма, жаман ба? Бұл сұрақ қазір жиі қойылуда. Өйткені дамыған ақпараттық жүйелер тез және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, адамды үнемі оның қалауынан тыс бақылауда ұстауға да жағдай жасайды. Бұл кейбір елдерде іске асырылған практика, бұл адам тәуелсіздігін, еркіндігін шектейді.
Информациялық жүйелер өз тасымалдаушысы компьютермен бірге виртуалды әлемді қалыптастырады, мұнда кеңістік пен уақытты, өзіңнің, басқаның мүмкіндіктерін қабылдау ерекше жағдайда іске асады. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынастан айырмашылығы бар жанама араласу әлемі пайда болады. Виртуалды жүйелерде адамдар өзін басқаша сезінеді: қорқыныш жоқ, талап-тілегіңізге байланысты жаңа өмір қалыптастыра аласыз, бұл жерде жақсылық пен жамандық, әдемілік пен ұсқынсыздық басқаша кейіпке өтеді.
Көп адамдарда мінез өзгереді, стресс пайда болады, тіпті ауырып та қалуы мүмкін. Бұл жерде бұрын-соңды таныс емес дүниетанымды, психологиялық, соматикалық мәселелер туындауы мүмкін.
Компьютерлеу, компьютермен моделдеу нақты ғылым аясында шындық теориялық бейнесін жетілдіруге жағдай жасайды.
Виртуалды шындық бар шындықтың тұтастығы, тұрақтылығы мен тамамдалғандығының орнына бөлшектік, өзгермелік, алуан түрлілік, аяқталмағандықты қойды. Виртуалды шындық шынайы өмірге зиянын тигізбей өз алдына балама әлем жасап алу мүмкіндігін береді. Компьютерлік графика мен онда болып жатқан оқиғаларға адамның тікелей әсер ете алу мүмкіндігі қосыла келе виртуалды жасампаздықтың жаңа мүмкіндігін беретін киберкеңістік дүниеге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет