Лекция кешені тақырып 1 Психологиялық диагностика заң тәжірибесінде психологтің функциясы ретінде


Тақырып 9 Топтық психологиялық тренинг-белсенді психокоррекциялық әдіс ретінде



бет24/38
Дата07.01.2022
өлшемі390 Kb.
#19194
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
35316036025 лекция

Тақырып 9 Топтық психологиялық тренинг-белсенді психокоррекциялық әдіс ретінде
Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.

Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі таңда заң тәжірибесінде жеке тұлғалық қасиеттерді түзету мақсатында тренинг әдісі кең пайдалынады. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады. Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.

Т-топтың жетекші ұғымдары: үйрету зертханасы , оқу жолдарын үйрету, «қазір және осы жерде» ұстанымы.

Үйрету зертханасының негізгі міндеті қатынасушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық жаңа тәжірибесін апробация жасату.

«Қазір және осы жерде» ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсетуге үйрету.

Т-топтарының негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету.

И.Д.Ярдың анықтауы бойынша Т-топтардың басым көпшілігіне тән 10 факторды анықтауға болады. Олар:

1. Ұжымшылдық – топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайтуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.

2. Ниеттеріне сендіру – топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттердің орын алатынына, болашақта табысты болатынына сендіру.

3. Қорытындылау - әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінін көрсетіп беру.

4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.

5. Мәлімет беру – жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.

6. Көп нәрсеге көшіру - өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз нәрсеге көшіру.

7. Бірін-бірі үйрету – топ мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.

8. Тұлғааралық қатынас дағдылары – қатынасушылардың топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.

9. Иммитациялық мінез – басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.

10. Катарсис – топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысындағы өздерінің наық айқындалған немесе іштей басып жүрген психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.

Тренинг барысында жетекші топ мүшелерінің іс-әрекет түрлерін таңдап алуына мүкіндік беріп, олардың әрқайсысының белсенділіген мадақтап отыруы қажет. Сонымен қатар, топ мүшелері және жетекшісі ешкімге билігін жүргізбестен, әр адамның қалауымен есептесіп отырғаны жөн. Тренинг тобында жүргізілетін іс-шаралар мен әр қатынасушының психологиялық проблемалары құпия сақталып, ешкімнің жан дүниесіне дақ түсірмейтіндей жағдай жасалуы керек. Топтық тәжірибені жүргізу ережелерін қабылдамаған адамдарды тренингке қатыстыруға болмайды. Т-топтың қарым-қатынас ерекшеліктерін знрттеуге жұмылдырады. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің келесі коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады: өзінің және өзгенің коммуникацияларын талдауға, коммуникациялық сезімнің ерекшеліктерін, басқалардың сөзін тыңдай алуға қабілеттілік, конфронтация түрлерін анықтау.

Т-топтарындағы зерттеулер екі бағытта жүреді:

1) топтық процестерді зерттеу;

2) топтың әсерлілігін бағалау.

Т-топтың үйрету зертханасы ретінде келесі мүмкіндіктер бар:

- Т-топ мүшелерінің әрқайсысы экспериментатор ретінде болуы және эксперимент объектісі болу мүмкіндігі;

- ақиқат өмірде шешімі жоқ мәселелерді шешуге мүмкіндік тудыру;

- топ кездесулерінде қатысушылардың әрқайсысының “психологиялық қауіпсіздігін” қамтамасыз етуге кепілдік беруі.

Т-топтардың келесі міндеті - әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету. Ол жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады:

- өз-өзін басқаларға таныстыру;

- кері байланыс жасау;

- эксперимент жүргізу.

Өз-өзін басқаларға таныстыру (өзін презентация жасау) – топтың алдында толық ашылу процесі. Өзін таныстыру барысында клиент басқаларға өзінің ерекшеліктерін толық бейнелеп береді.

Кері байланыс барысында қатысушылардың біреуі басқалрдың мінез-құлқы мен қылыөтарына өзінің әсерленуін айтып, олардың көрсеткен өрескіл мінез ерекшеліктерін өңдеу мақсатымен талдау жүргізіледі. Бұл әрекет барысында қатынасушылар бір-біріне арнайы белгілер арқылы өрескіл мінезі туралы мәлімет береді. Басқалардың берген “белгі” ескертуі арқылы әр адам өз мінезінің шектен шыққан жерлерін тауып, оны өңдеуге мүмкіндік туады.

Кері байланыс барысында басқалардың мінезіне сын баға беруден гөрі оған эмоционалдық реакциямен жауап берген дұрыс болады. Мысалы: “Сен тәртіпсіздік көрсеттің ”,- деп айтудың орнына “Сен менің сөзімді бөлгеніңде мен саған ренжіп қалдым”,- деп ескертудің әсері тереңірек болады және реніш туғызбайды. Кері байланыс барысында қатысушылардың мінез ерекшелектерін көпшілік бірдеі бағаласа, оның түзетулік әсері арта түседі. Топта жүргізілетін осындай эксперименттер әр түрлі немесе бір-біріне ұқсас жағдайлардан шығудың көптеген варианттарын іздеуге негізделеді.

“Қазір және осы жерде” ұстанымы топпен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың табысты болуының маңызды шарты. Барлық талданған жағдайлар тек қана топта және қазір болып жатқан мәселелермен байланысты болуы керек. Бұрын болған оқиғаларды талдау қатысушыларды жалықтырып жібереді және жүргізуші “ақылгөйлік” білдіргендей сезім туғызады. Сондықтан нақты тәжірибеде болған және барлығына қатысы бар нәрселерді талдаудың әсері әлдеқайда жоғары болады да, барлығын қызықтырады.

Т-топқа қатысушыларға өзінің жаңа тәжірибесін ақиқат өмірде пайдалану жолдарын үйрету (қызмет орнында, отбасын, т.с.с.).

Т-топтарында пайдаланылатын тәсілдер мен техникалардың көпшілігі конфронтацияға негізделген. Конфронтация – коммуникацияның басқа адамды өзінің қарым-қатынастарын талдауға және өзгертуге шақыратын өте белсенді түрі.

Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:


1. Нормативтерді құру коррекциясы.

2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.

Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендетуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Заң саласындағы қызметкерлерге жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.

Тақырып 10 Заң тәжірибесінде денеге бағытталған терапияны қолдану.


Адамның психикасы және денесі бір, психикалық әлемінде болып жатқанның барлығы адамның денесінен көрініс табады. Адам денесімен жұмыс істегенде, дәлірек айтсақ, онда толып жатқан психикалық қысымнан оны босаңсыту, терең талдаумен айналыспай жеке тұлғаның психологиялық мәселелерін шешу энергиясымен байланысты босаңсыттуға болады. Денеге байланысты өзінің денесін және сезімін түсіну сферасын қарапайым кеңейтудің өзі күрделі психологиялық мәселелерді шешуге мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет