Психологиялық кеңес берудің процедуралары.
Кеңес берудің жалпы процедураларының көмегімен психологиялық кеңес
Берудің тапсырмалары, мәселелері шешіледі. Осының барлығы кеңес беру
Психологиясының процедураларының нәтижесіне байланысты. Процедура
Негізгі нақты психологиялық этаптармен байланысты. Осы этаптар арқылы оны
бөліп қарастыруға болады. Кеңес беру псхологиясының бірінші этабында қарастырғандай
процедурада да нақты процедуралар қабылданбайды, жиі этапта процедура қабылданады.
Кеңес беру жүреді, клиенттің эмоционалды қолайлылығы қалыптасады. Клиентпен
кездесу процедурасы клиенттің психологпен кездесу алдындағы нақты бір іс-әрекет өзіне
қосады. Осы этапта психолог-консультанттың жағдай сұрауы және алғашқы кеңес беруі
клиент үшін өте маңызды.
Көптеген клиенттер психолог-консультантқа келгенде психологиялық кедергі мен
комплекс пайда болады. Ол психолог-консультантқа және басқа да адамдарға байланысты.
Әсіресе, психологиялық кедергі мен комплекс танымайтын адамдарға байланысты пайда
болады. Оған мысал ретінде психолог-консультантпен алғашқы кездесуін алуымызға
болады.
Осы бейтарап мүмкіндікке жағымсыз іс-әрекет комплексі және психологиялық
кедергіні алу үшін арнайы процедура « Психологиялық кедергіні алу» қолданылады. Осы
процедураны қолдану барысында психолог-консультант клиентімен нақты бір іс-
әрекеттерді қолдану арқылы клиентті тыныштандырып, қауіпсіз психологиялық күйге,
өзінің сеніміне кіргізеді.
Кеңес беру психологиясының үшінші этабында эмпатикалық тыңдау процедурасы
белсенді жұмыс жасайды. Эмпатикалық тыңдау тапсырмасы тереңірек. Психолог-
консультант клиентті эмоционалды жағынан түсініп әңгімелерін басынан-аяғына дейін
қабылдауы тиіс. Клиенттің сөздеріне яғни жағдайын ойланып, қобалжып кетуге
болмайды. Клиентті тыңдай отырып, психолог-консультант клиенттің бейнесіне, роліне
еніп, ойланып, өзін психологиялық қалыпқа келтіреді, яғни психологиялық жағынан
көмек беруге дайындалады.
Кеңес беру психологиясының төртінші этабында мынадай процедуралар
қолданылады: анықтау, көзін жеткізу, детальдарды айқындау, нақтылау. Осы
прцедураның барлығы практикалық рекомендация мен кеңестердің клиентке саналы әсер
етуімен байланысты. Бұл процедуралардың мақсаты клиентке терең және толық түрде
шешімдерін түсіну, яғни бұл жерде психолог-консультанттың тікелей қатысуымен
байланысты.
Ал кеңес беру психологиясының бесінші кезеңінде төртінші кезенңің процедуралар
қолданылады. Бұл жерде нақты қолданылатын жағдай клиентке өз-өзіне деген сенімділікті
қалыптастыруға көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |