Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida



бет54/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida

Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері - тісті ара сияқты жақты құрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae.

Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік - Hirudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. Ұзындығы 120-150 мм, алдыңғы және артқы сорғыштары жақсы жетілген. Омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді.

Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдеу әдісі ертеден бар. Мұны бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайдаланылады.



Медициналық сүлікті гипертония, склероз, инсульт, көз, тері ауруларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.

Адамға және малға қауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі (Limnatis nilotica). Ол сумен бірге жұтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады.

Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі -(Haemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен, құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.

5 Лекция тақырыбы: Моллюскалар типі – Mullusca

Жоспар

1. Моллюскалар типіне жалпы сипаттамасы

2. Қосжақтаулылар класы

3. Басаяқтылар класы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет