2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының құрылуына негіз болған сақтардың, савраматтар-сарматтар тарихын қарастыру.
3. Лекция мазмұны. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер жəне т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер — Сырдарияның төменгі
бойы мен Арал теңізінің оңтүстік жəне солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар — Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар — Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар — Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер — Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер — Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс жəне Оңтүстік Қазақстан аймақтарында
өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген.
. Сақ тайпалары негізінен үш топтан тұрады. Тиай-парадарайа-сақтар-теңіздің арғы бетіндегі сақтар, Хаумаварга-сақтар (хаома сусынын қайнататын сақтар), Тиграхауда сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар) деп аталды. Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Парадария сақтары Қаратеңіздің солтүстігінде, Амудария өзенінің бойында және Сырдарияның төменгі ағысы Арал теңізі жағаларында шашыраңқы жағдайда өмір сүрген. Тиграхауда сақтары Сырдарияның орта ағысында және Тянь-Шань аудандарын мекендеген Хаомаварга сақтары Мұрғаб өңірінде орналасты. Сақ тайпаларының басым көпшілігінің көшпелі тұрмысы ыдыстың жаңа түрлерін туғызып жаңа материалдарды - металл, тері және ағашты қажет етті. Көшпелі тұрмыс басым болған аудандарда керамикалық ыдыстар аз ұсталып керісінше тері, ағаш және металдан жасалған ыдыстар көп пайдаланды. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Олар қой, түйе, жылқы өсірді, ал ірі қара аз өсірілді.