Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру



бет17/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
БЕАжБ лекция 2021

Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, КҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ак орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығыактіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша кәрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған маишналар мен құрал-жабдықтар бойыншасатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген процентгер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер мен ғимараттарды шаруашылық, әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың енбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен кызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақгандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредитгер бойынша процентгер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. — құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы кұнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойыншаобъектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген кұнына қүрал-жабдықтарды сатып алуға жүмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан теленген болса;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет