Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдарменшікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.
Оларды 2411-ші "Жер", 2412-ші "Үйлермен ғимараттар", 2413"Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", 2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі кұралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдармүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және аткаратын кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: - жер;үйлер;ғимаратгар; өткізгіш тетіктер;
- машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматгы машиналар және кұрал-жабдық);
- күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
- басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;
- шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар.