Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру



бет3/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
БЕАжБ лекция 2021

Анықтамалықтың элементтерін жою(жоюға белгілеу)
Анықтамалықтан элементтерді жою және жоюға белгілеу үшін курсорды керекті элементке қойып келесі ісәрекеттердің бірін орындаңыз:
- Del пернесін басыңыз
немесе
- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз
немесе
- Менюдің "Әрекет (Действия)" пунктінің "Жою (Удалить)" командасын таңдаңыз.
Экрандағы сұранысқа Иә (Да) деп жауап бергенен кейін, элемент жойылады (жойылуға белгіленеді).
Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау.
Анықтамалық элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін
курсорды керекті элементке қойып, келесі әрекетгердің бірін орындаңыз:
-DEL пернесш басыңыз
немесе
- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасындағы кнопкасын таңдаңыз
немесе
- Программаның басты менюінің " Әрекет (Действия)" пунктінің "Жоюдағы белгіні алып тастау (Отменить пометку на удаление)" командасын таңдаңыз.
Экранға элементтердегі белгіні алып тастау сұранысы шығады. Иә (Да) деп жауап бергенен кейін анықтамалықтағы элемент қайта қалпына келеді, яғни белгіні алып тастайды.
Анықтамалық элементін көшіру
Жаңа элемент немесе элементтер тобын көшіру, анықтамалықта бар элементтерді немесе элементтер тобын көшіру арқылы енгізілуі мүмкін. Ол үшін курсорды керекті элементке немесе элементтер тобына қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті;
- F9 пернесін басыңыз
немесе
- Анықтамалыктар терезесінің құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз
немесе
Программаның "Әрекет (Действия)" пунктінен "Көшіру (Копировать)" командасын таңдаңыз.
Тұрақтылар анықтамалығы
Кәсіпорын жайлы барлық ақпарат "Тұрақтылар тізіміне" енгізіледі. Анықтамалықтың ыңғайлылығы сонда, оған ақпарат бір рет енгізіліп, құжат құру, нәтижелерді есептеу, есеп беру құжаттарын алу барысында көп рет қолданылады. Белгілі бір құжаттардағы кәсіпорынның атауына өзгеріс енгізу үшін, тұрақтылар анықтамалығына өзгеріс енгізу жеткілікті, ал құжаттардағы барлық осы тұрақты кездесетін жол автоматты түрде өзгереді.
Тұрақтылар анықтамалығы экранға программаның басты менюінің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Тұрақтылар(Константы)" бөлімін немесе құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз. Тұрақтылар мәнін өзгерту үшін, курсорды керекті мәнге қойып Enter немесе Sһіft+Еnter пернелерінің қосындысын басыңыз. Тұрақтылар тізімінде соңғы енгізілген мәндер ғана емес, бұғанға дейін енгізілген мәндер де күні бойынша сақталады. Мұндай механизм тұрақгының кез келген мәніне, кез келген күні бойынша қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тұрақтылар мәні тарихын қарап шығу үшін керекті тұрақтыны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- F5 пернесін басыңыз;
немесе
- Тұрақтылар анықтамалығы құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз;
немесе
- Программаның басты менюінің " Әрскет (Действия)" пункті бойынша "Тарихи мәні (История значения)" командасын таңдаңыз.
Тұрақтрылар мәні тарихы терезесі экранга екі бағанадан күнінен және тұрақтылар мәнінен тұратын кесте түрінде шығады. Кесте жазулардың күні бойынша ретгелген. Тұрақтылар тарихына өзгеріс екі түрлі әдіспен: жаңа мән енгізу арқылы немесе тұрақтылар тарихында бар мәнге өзгеріс енгізу арқылы жүргізіледі. Тұрақтылар тарихы мәніне өзгеріс енгізу Тарих (История) терезесінде жүргізіледі.
Жаңа жол енгізу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Тұрақтылар тарихи терезесінің құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз;
немесе
- INS пернесін басыңыз немесе
- Басты менюдің "(Әрекет) Действия" пунктінің "Жаңа жол (Новая строка)" командасын таңдаңыз.
Кестеге күнін және тұрақтының мәнін енгізуді сұраған жаңа жол енгізіледі. Тұрақтылар тарихына жаңа жол енгізуден бас тарту үшін ESC пернесін басыңыз.
Жаңа жолды тұрақтылар анықтамалығына бар мәнді көшіру арқылы енгізеді. Ол үшін курсорды керекті жолға қойып келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
-F9 пернесін басыңыз
немесе
- Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан кнопкасын тандаңыз
немесе
- Программаның “Әрекет (Действия)” пунктінен "Жолды көшіру (Копировать строку)" комаңдасын таңдаңыз.
Керекті түзетулерді орындағаннан кейін ENTER пернесін басыңыз.
Тұрақтылар тарихынан жолды жою үшін курсорды керекті жолға қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- DEL пернесін басыңыз
немесе
- Шоттар жоспары терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын тандаңыз
немесе
- Программаның басты менюінің " Әрекет (Действия)" пунктінің "Жолды жою (Удалить строку") командасын таңдаңыз.
-Экранға жолды жою туралы сұранысы Иә ( Да) деп жауап бергенен кейін
Тұрақтылар тарихынан жол жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет