Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру


Аналитикалық шот бойынша деректер



бет27/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
БЕАжБ лекция 2021

Аналитикалық шот бойынша деректер
Шот бойынша қалдық-айналымдық ведомостісі тек қана аналитикалық есеп жүретін шоттарда қолданылады. Онда айналымдарды бөлу мен аналитикалық есептің нақты объектілері бойынша шот қалдықтары көрінеді. Сонымен, 1310 «Материалдар» шоты үшін бұл ведомость материалдардың нақты түрлерінің қозғалыстары бойынша, ал 3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» шоты - әрбір қызметкермен есеп айырысу мәліметерін және т.б. деректерді алуға мүмкіндік береді.
Субконто бойынша шотты талдау қалдық-айналым ведомостісіне қарағанда толығырақ мәліметтер береді. Бұл құжат аналитикалық есептің (субконто) әрбір объектісінің таңдалған шоты бойынша осы объектінің басқа барлық синтетикалық шоттарымен корреспонденцияларының қорытынды сомалары, және де субконто бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтар (натуралдық және құндық көріністе) көрінеді. Осылай, «Субконто бойынша от талдау» құжаты «Шот тлдауы» құжатының аналитикалық есебінің (субконто) нақты объектілері бойынша түсіндірмесі болып табылады.
Субконто талдауы бірнеше синтетикалық шоттарымен байланысы бар субконто түрлерімен қолданылады. Қалдық-айналымдық ведомость айналымдар және субконто қорытындылары туралы толық ақпарат бермейді. Мысалы, контрагент сатып алушы немесе жеткізуші орнында да болуы мүмкін, яғни бұл ұйымға байланысы бар операциялар 1210, 3310 шотында есептеледі, сондықтан қалдық-айналымдық ведомость субконто қиысында бұл шоттардың біреуі де бұл ұйыммен есеп айырысуларын көрсетпейді.
Субконто арасындағы айналымдар субконталардың арасындағы бір түрімен басқа бірнеше түрлері арасындағы айналымдарды талдауды алуға көмектеседі. Бұл құжат, мысалы, әрбір тұтынушының түрлі түрдегі тауарлардың қаншасын сатып алғандығы туралы мәліметтерді біліп отыруға мүмкіндік береді.
Субконто бойынша операциялар карточкасы шот бойынша операциялар туралы максималды толық көрінісін алу керек болғанда қолданылады. Ол берілген шоттың барлық операцияларын проводкалардың реквизиттерін, әрбір операциялардың шот бойынша кезең бойынша алғашқы және соңғы қалдықтарын, шот бойынша айналымдарын хронологиялық кезектілікте көрсетеді. Деректер құндық және натуралдық көрсеткіштер түрінде көрсетіледі.
Регламенттелген және арнайы есептемелер.
Нақты және арнайы есептемелердің тізімі нақты баптауларға байланысты болып келеді. Бұл есептеме түрлерімен жұмыс жасау стандартты есептемелермен жұмыс жасаудан оншалықты айырмашылығы жоқ.
1C:Бухгалтерия бағдарламасында деректердің маңызды бөлігі сілтеме түрде сақталады. Мысалы, құжатты енгізу барысында құжаттың көптеген реквизиттерін анықтамалықтан алынған мәліметтерді, құжаттардың тізімінен алынған құжаттарды таңдау арқылы толтыруға болады. Бұндай реквизиттер сәйкес анықтамалықтардың элементтеріне сілтеме болып табылады.
Сілтемелерді қолдану әр жерде орналасқан бірдей ақпараттарды қайта-қайта түзетудің болуын алдын алады. Мысалы, құжаттардың бірқатарын басып, енгізгеннен соң осы құжаттар арналып жазбаланған ұйым-контрагент атауы дұрыс көрсетілмегені анықталды. Контрагент аты құжатқа контрагент анықтамалығынан таңдау жолымен енгізілгендіктен, контрагент атын тек қана анықтамалықта өзгерту жеткілікті, себебі өзгертілген атау құжаттарда автоматты түрде көрінетін болады, тек печаттық формаларын жаңадан құру жеткілікті болады.
Бірақ, егер контрагент-ұйымды анықтамалықтан жойса, онда ол қолданылған барлық құжаттарда «рұқсат етілмеген сілтемелер» атты жоқ нысандарға сілтемелер болып қалады.
Бұндай жағдайларды болдырмау үшін 1C:Бухгалтерия бағдарламасында сілтемелік тұтастықтың бақылау механизмі бар. Сілтемелік тұтастықтың бақылау механизмі деректер нысанын жою процесін 2 кезеңге бөліп қарастырады.
1 – кезеңде қолданушылар нысанды жоюға арналған белгіні қояды. Бірақ жоюға белгісі бар нысанның қолданыстағы нысаннан ешқандай айырмашылығы байқалмайды.
2 – кезеңде жүйе басқарушысы немесе сәйкесінше құқы бар өзге тұлға белгісі бар нысандарды жою арнайы процедурасын орындайды. Бұл процедура жүру барысында белгісі бар нысандарға сілтемелердің барлығына толық анализ жүреді де, тек сілтемелері жоқ нысандар ғана жойылып отырады.
Жалпы белгіленген нысандарды жою процедурасы регламенттік болып табылады. Оны белгісі бар нысандар жиналғанына қарай белгілі бір кезең сайын орындау ұсынылады. Бұл процедура тек монопольді режим түрінде орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет