Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру


Дәріс - 8 Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну



бет28/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
БЕАжБ лекция 2021

Дәріс - 8 Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну


Лекция мақсаты: Қаржылық есептілік нысандарын ашып танысу.


1. Қаржылық есеп берудің нысандары.
2. Бухгалтерлік баланс.
3. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме.
4. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.

  • 5. Меншікті капиталдағы өзгеріс



  • 1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.

  • Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады. Есепті және баланс баптарының бағалауын бұрмалап беру, басқа да әдейі бұрмаланып көрсетілген есеп деректерін беру мемлекет ке зиян келтіретін, мемлекетке қарсы әрекет ретінде қаралады, ал бұған жазықты басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып, жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.

Берілген есептің тазалығы, есеп деректерінің инвесторлар мен акционерлерге түсінікті болуы есеп беруге қойылатын маңызды талап болып табылады. Есеп белгіленген мерзімдерде беріліп отыруга тиіс.
2. Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет