Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы


 Аналық ДНҚ молекуласын репликациялануға дайындайтын ақуыздар



Pdf көрінісі
бет12/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
1. Аналық ДНҚ молекуласын репликациялануға дайындайтын ақуыздар. 
а) ДНҚ молекуласындағы репликациясының басталу (иницация) нүктелері А-Т нуклеотидтер жұптарына 
бай бірізділіктерге ие. Ерекше танып білуші ақуыз (А) әрбір осындай нуклеотидтер бірізділігіне (А-Т бай) 
РНҚ- репликацияланушы кешенді байланыстырады да өзі әрә қарай, кешенмен бірге жылжымайды.
б) Ферменттік кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті –
1. геликаза (Г). Ол аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің бір – бірінен 
ажырасуын қамтамассыз етеді.
в) Ширатпаның ашылып жазылуы әрі қарай үлкенді – кішілі түйіндерінің (суперспирализация) пайда 
болуына алып келеді. мұның себебі әрбір ДНҚ молекуласы өздерінің бірінші учаскелерімен ядро 
матрикісіне бекінген,ал бұл ширатпалары ашылған ДНҚ молекуласының еркін айналуына мүмкіндік 
бермейді, сондықтан да түйіндер пайда болады.
2. Бұл міселе топоизомера (И) ферментінің қатысуы арқылы шешілді.
г) Сонымен, геликаза, типоизомера ферменттері арқылы ДНҚ молекуласының қос ширатпасын жеке – 
жеке екі тізбекке ажыратады.
3. Ажырасқан әрбір тізбекпен ерекше SSВ-ақуыздар байланысады, олардың қызметі бір –бірінен 
ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.
ПОЛИМЕРИЗАЦИЯ ФЕРМЕНТТЕРІ 
а) ерекше ақуыз праймаза активаторы (АП) қызметін атқарады.
4. осыдан кейін праймаза (П), бір жіпшелі ДНҚ-ның тиесілі учаскесін матрица (қалып) ретінде пайдаланып 
қысқа 5. «РНҚ-ұйытқыны» (праймер) синтездейді.
6. б) Әрі қарай ДНҚ синтезін ДНҚ полимераза жүргізеді. Эукариоттарда 5 түрлі ДНҚ полимеразалар белгілі: 
β және ε полимеразалар ДНҚ репликациясына қатысады; γ- полимераза – митохондрия ДНҚ-ның 
репликациясын жүзеге асырады; ал α және δ – полимеразалар – ядролық ДНҚ репликациясына қатысады.
 α ДНҚ полимераза праймазамен де, δ – полимеразамен де байланысқан, ал соңғы РСNА (Р) деп 
аталатын ақуызбен байланысқан. 
РСNА (Р) ақуыз – полимераза кешенін ДНҚ-ның репликацияланушы тізбегіне бекініп «қыстырғыш» рөлін 
атқарады. РСNА ақуыз «қысқартылған» күйінде сақина сияқты ДНҚ тізбегін қоршап тұрады және 
полимеразалардың ДНҚ тізбегінен күні бұрын диссоциациялануын (ажырауын) болдырмайды, яғни ДНҚ 
синтезінің жүруіне, жалғасуына мүмкіндік жасайды.
ДНҚ полимеразалар (әсіресе бактериялардың ДНҚ-полимераза ІІІ – нуклеотидтердің аналық тізбекке 
комплиментарлы синтезделуін қамтамассыз) етумен бірге 
3

—>
5

– экзонуклеозалықта қызмет атқарады. 
Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс- комплиментарлы емес нуклеотид, жалғанған кезде жүзеге 
асады. Осы кезде ДНҚ-полимераза бұрыс жұптасқан нуклеотидті «байқап» қалып, оны өсіп келе жатқан 3

ұшынан шығарып (үзіп) алып тастайды. Осылайша поимеразалар өз жұмыстарын үнемі бақылап отырады.
в) Кез келген жаңадан минтезделген ДНҚ фрагменті – (ұзын лидерлік не Оказаки фрагменттері) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет