Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы


сигма репликация; 3)У-тәрізді репликация



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
сигма репликация; 3)У-тәрізді репликация.
 Кейбір прокариоттардың және барлық эукариоттардың ДНҚ молекуласы сызықша тәрізді болып келеді 
және олардың репликациялануы белгілі бір нүктеден, репликативтік ісінудің пайда болуынан басталып
хромосоманың қарама – қарсы жағына қарай бағытталады. Эукариоттардың ірі хромосомаларында бір 
мезгілде жүздеген репликациялық ісінулер пайда болады және олар бір – бірімен қосылып У-тәрізді аралық 
құрылым пайда етеді. Мұны У- тәрізді аралық құрылым пайда етеді. Мұны У- тәрізді жартылай 
консервативті репликациялану деп атайды.
ДНҚ МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІНІҢ РЕПЛИКАЦИЯЛАНУЫ 
 
ДНҚ репликациясының бірнеше ерекшеліктері белгілі:
а) ДНҚ молекуласының жаңа тізбегінің синтезделуіне қажет заттар – дезоксинуклеозидтрифосфаттар (д 
НТФ) болып табылады, ал ДНҚ құрамында дезоксинуклеозидтрифосфаттар (д НМФ) кездеседі. Сондықтан 
ДНҚ тізбегіне жалғану алдында әрбір нуклеотидтен 2 фосфат қалдығы пирофосфат күйінде бөлініп шығады 
да тез арада фосфаттарға дейін гидролизденеді.
Еркін дНТФ —> дНМФ қалдығы + пирофосфат
дНТФ – ды құрылыс материалы ретінде пайдаланудың энергетикалық себептері де бар. Нуклеотидтер 
арасындағы байланыстардың (фосфодиэфирлік) түзілуі үшін энергия қажет, ал энергия фосфаттарарлық 
байланыстардың үзілуі нәтижесінде бөлінеді.
б) ДНҚ репликациясы материялдық (қалыптық) рдіс яғни ДНҚ-ның жаңа тізбегі аналық ДНҚ 
молекуласының бір жіпшесі негізінде (матрица) комплементарлық ұстаныммен (принциппен) 
синтезделінеді, яғни 4 нуклеотидтен (д АТФ, д ГТФ, д ЦТФ, д ТТФ) жаңа тізбекке тек аналық жіпшедегі 
нуклеотидке комплементарлы (А <—>Т; Г<—>Ц) нуклеотид қана қосылады.
в) ДНҚ синтезі (репликациясы) симметриялы болды, яғни матрица қызметін аналық ДНҚ молекуласының 
екі тізбегі де атқара берді. Сондықтан оны жартылай консервативті деп те атайды. Себебі, яғни оның бір 
тізбегі ескі – аналық молекуладан алынған болса (матрица), екінші жаңадан синтезделген болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет