Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет35/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96
Компенсатор теориясы - көптеген саясаткерлер үшiн билiк психологиялық жетiмсiздiктерiн толықтыруға қажет деп түсiндiредi. Саяси көшбасшылер басынан жетiлмеушiлiктi сезiнедi деп тұжырымдауға болмайды, бiрақ олардың көпшiлiгi саяси қызметiмен толықтыруға тырысқан жеке проблемалар мен жарақаттарға ие. Батыс әдебиеттерiнде көшбасшылық ерекше iс-әрекет түрi, невроз немесе психикалық жетiмсiздiк салдары деген пiкiрлер жиi кездеседi.
Басқа әлеуметтiк-психологиялық концепцияда саяси көшбасшылықтың түрлерiне ерекше көңiл бөледi. Барлық типтер iшiнен «билiктi iздеушi» ерекшеленедi. «Билiктi iздеушiнiң» бiрнеше түрлерi бар, агитатор, администратор, теоретик. Агитатор басқа адамдарды бақылаудан, комиссияға, конференцияға, жиналысқа қатысып бiреудi сендiруден немесе қайта сендiруден қанағаттанушылық алады /Г.Зюганов/. Администратор топта жұмыс iстегендi қалайды, жүйеде өзiн қолайлы сезiнедi, ұжымда, топтар арасында қатынасты құрауға талпынады /А.Чубайс/. Теоретик өз түсiнiгiн сөз бен өтiнiшке айналдырады және сонымен арбайды /Е.Гайдар/.
Психоталдау дамуына үлес қосқан Франкфрут мектебiнiң ғалымдары Э.Фромм, Т.Адорно және т.б. Олар авторитаризмге жақын, билiкке талпынушы саяси тұлғалардың түрлерiн анықтауға тырысты. Авторитарлы тұлға үшiн билiк психологиялық қажеттiлiк, өз жетiлмеушiлiгiнен /комплекс/ өз еркiн басқа адамдарға тарату арқылы айырылуға тырысады, олар көңiл-күйдi басшылыққа алады, теңдiктi, демократияны қолдамайды. Ол бүкiл әлемдi күштi-әлсiз қатынасы арқылы таниды.
Көшбасшының «бет әлпетi» концепциясы, бихевиористiк бағытқа сүйенген және кең тараған. Оның негiзгi мәнi- қалаулы немесе мiндеттi психологиялық қасиеттердi жинақтау. Американ социологы Э.Богардус көшбасшы иеленуi тиiстi ондаған қасиеттердi атап көрсеттi, олар- ақыл, энергия, қабiлет, көрiпкелдiк, өзiне көңiл аударта бiлу, такт, әзiлдеу сезiмi, қатал мiнез, шешiмдiлiк т.б. Ал оның әрiптесi К.Бирд көшбасшының жүз қасиетiн атап көрсеткен.
«Ахуал қызметi» концепциясының негiзгi өкiлдерi де тұлғалардың психологиялық қасиеттерiне белгiлi бiр көңiл бөледi, бiрақ ең алдымен тұлға қасиеттерi қалыптасқан ахуалға тәуелдi өзгермелi болады деп есептейдi. Олар үшiн көшбасшылық- бұл ең бiрiншi топта қалыптасқан ахуал өнiмi. Ф.Фидлер және т.б. психологтер топ үшiн қолайлы немесе қолайсыз ахуалда негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталған көшбасшылар адамдарға бағдар ұстанғандарға қарағанда көп нәтижеге жетедi деп есептейдi. Көшбасшылық ахуал қызметi ретiнде қаралады. Көшбасшылық мәнi индивидте емес, оның тиянақты жағдайда орындауы тиiстi рөлiнде, және бұл көшбасшы таңдауды, оның iс-әрекетiн анықтайды. Объективтi жағдай талаптарына басымдылық бере отырып, көптеген саясаттанушылар көшбасшың ахуалға қарап белсендiлiгi артатынын жоққа шығаруға болмайды деп есептейдi. Осыған байланысты Ю.Дженингс «күмән жоқ егер ахуал Наполеон үшiн пiсiп жетiлсе, онда Наполеон да ахуал үшiн пiсiп жетiлдi. Ұлы көшбасшы ахуалды сезiнедi және оны қашан пайдалану қажет екенiн бiледi және өз белсендiлiгiн реттеп отырады»- деген. Сонымен ахуалдылық теориясы көшбасшы қасиетi концепциясын да жоққа шығармайды. Сол қалыптасқан ахуал мен жағдай саяси көшбасшы қасиетi мен бет әлпетiн анықтайды деп есептейдi. Э.Фромм мен Д.Рисмен ахуал қызметi негiзiнде саяси көшбасшың екi түрiн ажыратып көрсетедi. 1) нарықтық бағдардағы тұлға /Э.Формм/, өзiне товар ретiнде қарайды, «ахуалдық сұраныс» негiзiнде қажеттi қасиеттердi игерiп, өзiн қымбат сатуға талпынушы; 2) «өндiрiстiк тұлға» тәуелсiз, өз потенциалын таратушы, ақиқаттылықты өзгертушi.
Ахуалдық концепция дамуына ерекше үлес қосқан Р.Такер. Ол саяси көшбасшылықте үш элемент шешушi рөл атқарады деп есептедi.
Бұл, бiрiншiден, көшбасшының жеке қасиеттерi; екiншiден, билiктi iске асыруда қолданатын құралдары; үшiншiден, ахуал көшбасшы түсетiн.
Р.Такер саяси көшбасшының үш түрiн де ажыратып көрсетедi: консерваторлар, реформаторлар, революционерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет