Байланысты: Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ
2. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері.
Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері. Сайлау жүйелерінің қазіргі концепциялары. Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы. Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері. Аралас сайлау жүйелері.
Сайлау тақырыбы қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең өзектi тақырып болып отыр, өйткенi:
сайлау – қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк құрылымдарына әкелу мүмкiндiгi;
сайлау – азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк құрылдарына ұсыну.
Дегенмен, орыс философы А. Ильин айтуы бойынша «барлық халық барлық уақытта жалпы халықтық сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес». Сайлау нәтижелi болуы бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк және рухани факторларға тәуелдi. Оларға:
1 экономикалық факторларға – жеке меншiктiк, нарықтық қатынастардың, ерiктi кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие экономикалық тәуелсiз адамдардың көбеюi жатады.
2 әлеуметтiк факторлар – қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы, экономикалық ауқатты, күштi «орта таптың» өмiр сүруi болып табылады. Сонымен бiрге, отырықшылық, отбасылық қатынас тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi.
3 сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне – халықтың патриотизмдi сезiнуi, заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк сезiмi жатады. Мұнда әсiресе маңызды нәрселер халықтың жоғарғы саяси мәдениетi мен бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi болып табылады.
Сонымен бiрге, сайлау нәтижесi мен өту барысы қоғамның саяси өмiрiнiң көптеген қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi, мәселен:
саяси басқару субьектiлерi мен обьектiлерiнiң саяси мәдениетiнiң деңгейi мен сипатын;
билiк басындағылардың iс-әрекетiнiң халыққа қаншалықты жағымды және жағымсыздығын;
сайлау технологиясының жетiлгендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Әлемде саяси билiк ұйымына сайлау өткiзiлмейтiн елдi табу қиын. Бiрақ, барлық елдердегi сайлауды демократиялық деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекетiнiң сипаты маңызды болып табылады.