Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



бет58/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
3 Партиялық жүйелердiң мәнi. ХІХ ғасырдың екiншi жартысында және ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Европа мен АҚШ-та көппартиялық, екiпартиялық, бiрпартиялық жүйелер қалыптасты. Бұл елдердегi саяси өмiр мiндеттi түрде партиялармен байланысты болды. Саяси жүйеде партиялар бара-бара шешушi рөл атқара бастады. ХlХ ғасырда партиялар саяси күрестiң идеологиялық формасын иелене бастады, сондықтан да партиялар белгiлi бiр идеяларды алып жүрушi болып табылды. Демократия – бұл саяси партия қызметiнiң, құрылуының жемiсi. Демократия партиялық қолдаусыз мүмкiн емес:
 олар парламент қызметiне қатысады.
 парламентте партиялар өздерiнiң саяси курсын ұсынады және қорғайды.
 партия парламенттiк деңгейде шешiм қабылдауға қатысады, бұл партияның күшiн сынау болып табылады.
 партия сайлауға қатысады, саяси бейжайлықпен күреседi, ел үшiн саяси басымдылықтарды анықтайды.
 саяси партиялардың көптiгi сайлаушыларға таңдау мүмкiндiгiн тудырады, билiкке таза бәсекеде жеңiске жету мүмкiндiгiн тудырады.
Партиялық жүйелер партиялардың санына қарай бiрпартиялық, екiпартиялық, көппартиялық болып бөлiнедi (М. Дюверже).
Көппартиялық жүйе (мультипартизм). Батыс Европаның көптеген елдерiнде көппартиялық жүйе өмiр сүредi. Көппартиялық жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-саяси жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.
Екiпартиялық жүйе (бипартизм). Көптеген саясаттанушылар саяси жүйе бiрқалыпты жұмыс iстеуi үшiн екi партиялық жүйе тиiмдi деп есептейдi. Мұның тиiмдiлiгi билiк басындағы партияны екiншi оппозициялық партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ жеңiске жеткен партия тұрақты үкiметтi құруға қол жеткiзедi. Парламентке сайлауда екi партиялық жүйе қызметшiл. Бұл партия шешiмi бiршама нақты және тиiмдi. Екi партиялық жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық жүйесi.
Бiрпартиялық жүйе (монопартизм). Бiрпартиялық жүйе белгiлi бiр саяси жүйеге ғана тән, олар социалистiк, фашистiк және дамушы елдер.
Бiрпартиялық жүйенiң қалыптасу белгiлi бiр әлеуметтiк-тарихи себептерге және сол партия алға қойып отырған мақсаттарға да байланысты. Мысалы, КСРО-дағы коммунистiк партия мен Германиядағы национал-социалистiк партия. Дегенмен, кейбiр ойшылдардың айтуы бойынша белгiлi бiр тарихи кезеңде бiрпартиялық жүйе үлкен жетiстiкке де алып келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет