Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды:
1 Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасыжынысына, нәсiлiне, дiнге көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа толған барлық азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi.
Белсендi сайлау құқығы– ол 18 жасқа толған азаматтың сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы – ол заң белгiлеген шектеулер:
жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды);
қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар);
моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар);
тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер.
2 Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы, яғни, сайлаушылардың барлығының бiрдей дауысты иеленiп қатысуы, бiр сайлаушының басқа сайлаушыларға қарағанда ешқандай жеңiлдiкке ие болмауы. Сонымен бiрге, сайланушылар құқығының да бiрдей болуы. Мұнда өкiлдiк нормаларына сәйкес халықтың саны бойынша тепе-теңдiк сайлау округтерi құрылады. Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен бiрдей деңгейде қорғалады.
3 Төте сайлау құқығы қағидасы, азаматтардың тiкелей сайлауынан көрiнедi. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президент, Парламент мәжiлiсi депутаттары, мәслихат депутаттары төте сайлау құқығы негiзiнде сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламенттiң жоғары палатасы Сенат депутаттарын сайлауға енгiзiлген.
4 Жабық сайлау қағидасы немесе жасырын сайлау қағидасы, бұл қағида дауыс берушiлердi сыртқы қысымдар болудан қорғайды, егер жасырын дауыс беру қағидасы бұзылса заң алдында жауап бередi.
5 Бәсекелестiк қағидасы, сайлауға бәсекелесушi партиялар, қозғалыстар, кандидаттар т.б. қатысуы. Олардың арасында бейбiт бәсеке болып, жеңгенi өкiлдiк орынға ие болады.
4 Сайлау жүйелері.Сайлау жүйесiнiң екi түрi қалыптасқан:
1 мажоритарлық;
2 тепе-тең (пропорционалды).