Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері.
Саяси партиялардың пайда болуы, қалыптасу шарттары және эволюңияеы. Саяси партиялардың жіктелуі. Билік катынас жүйесіңдегі саяси партиялар, саяси партиялардың мемлекеттік механизмдермен өзара әрекеттесуі. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі. Қазақстандық партиялық жүйелердің даму урдістері және ерекшеліктері.
Қоғамның саяси өмірінде қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы мен эволюңиясы. Қазақстандық қоғамның сяаси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.
Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары.
Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері.Партия ұғымы латынның «pars» деген сөзiнен шыққан, ол бөлу, бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi. Неміс ғалымы М. Веберсаяси партиялардың дамуының мынадай кезеңдерін атап өткен:
аристократиялық үйірмелер;
саяси клубтар;
көпшілік партиялар.
М. Вебер саяси партия дегенiмiз мүшелерiн өз ерiктерi бойынша қабылдайтын, өз басшыларына билiктi жеңiп алуына, белсендi мүшелерiнiң материалдық және жеке артықшылықтарды иеленуіне қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын қоятын қоғамдық ұйым деп анықтама берген болатын.
Сонымен, саяси партия дегеніміз саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.
Саяси партияның негiзгi белгiлерi:
белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi;
адамдардың ұйымдасқан бiрлестiгi (ұзақ мерзiмдiк, ерiктi, саясаттың әртүрлi деңгейi бойынша құрастырылған, жергiлiктiден халықаралыққа дейiн);
билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын ұстануы;
саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн бiлдiруi немесе қорғауы.