ҚР қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, олардың құқықтық қамтамасыз етiлуi. Елiмiздегi қоғамдық қозғалыстар тарихына назар аударсақ, олар қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық және саяси мүдделер бойынша құрылды. Елiмiзде 1989 жылдың соңы мен 1990 жылдары 100-ге жуық ресми тiркеуден өткен қоғамдық ұйымдар өмiрге келдi. Мұндай қоғамдық ұйымдардың қатарына, саяси белсендiлiктiң орталығына айналған, Алматы қаласындағы 1986 жылға желтоқсан құрбандарын ақтау үшiн құрылған «Желтоқсан» қоғамдық комитеттi, «Азаматтық Бiрлестiк» қозғалысы, тарихи-ағартушылық «Ақиқат» қоғамы, тәуелсiз «Бiрлесу» кәсiподағы. Сонымен бiрге, экологияны қорғау, ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей», «Арал-Балқаш», тәуелсiздiктi мақсат еткен «Азат» қозғалыстары саяси аренаға шықты. Қазақстанда 1994 жылы 500-ге жуық, ал 1998 жылы 1531 қоғамдық бiрлестiктер тiркелдi.
Соңғы жылдары билiкке ықпалы басым қоғамдық қозғалыстар пайда болуда, мәселен, 2000 жылы құрылған «Әдiл сайлау жолында» қоғамдық қозғалысы. Сонымен бiрге осы жылы құрылған «Денсаулық сақтау, бiлiм беру және өнеркәсiп қызметкерлерiн әлеуметтiк-құқықтық қорғау» қозғалысы.
Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстарды алдына қойған мақсатына қарай былайша топтастыруға болады:
1. экологиялық бағыттағы ұйымдар, «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитетi, «Табиғат» комитетi және т.б.;
2. Ұлт мәселесiн шешу мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдар, Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бiрлестiгi, республикадағы казактар қозғалысы, немiс, Ұйғыр, грек, кәрiс т.б. мәдени орталықтары;
3. тарихи-ағартушылық қоғамдар, «Мемориал», «Әдiлет», «Ақиқат» т.б.;
4. әлеуметтiк талаптар қойған ұйымдар, «Атамекен», «Алтын бесiк», «Жерұйық», «Шаңырақ» т.б.
Сонымен бiрге, елiмiзде ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары да бар.
Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары. Лоббизм сөзiнiң тағдыры күрделi. 1553 жылы ол шiркеудегi серуен алаңы ретiнде пайдаланылады. Онымен жүз жыл өткен соң Англияда қауым палатасының серуен алаңы аталады. Лоббизм саяси сипатқа екi жүз жыл өткен соң Америкада иелендi.
Лоббизм дәстүрi Америка Құрама Штатындағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысында үлкен беделге ие болған У.С.Грант президенттiк еткен жылдар /1869-1887ж./ қалыптасты. Американың 18 Президентi кешке өз командасымен бiр мейманханада, дәлiрек айтсақ, оның кiре берiсiнде /англ. lobby- вестибюль, прихожая/ демалуды әдетке айналдырады. Онда министрлер, сенаторлар әр түрлi адамдармен кездесiп, олардың ұсыныстарын, сұраныстарын тыңдап, оны ақша үшiн орындауға уәде берген.
Сөйтiп «лоббизм» сөзi қоғамдық санада екi мағынада бағаланды: Бiрiншi, жағымсыз мағынада - «таныс-тамыр», «протекционизм», «сатып алу» ұғымдарының синонимi ретiнде қолданылды. Яғни лобби билiк өкiлдерiне заңсыз қысым жасау, жемқорлық, сыбайластық, белгiлi бiр топтың мүддесi үшiн басқарушылық шешiмдердiң қабылдануы. Лоббизмге жағымсыз қатынас осы басқарушылық шешiмдердi қабылдауға ықпал ету мүмкiндiгiнiң негiзiнде қалыптасып отыр. Әрине бұл бiр жағынан әр түрлi әлеуметтiк құрылымдардың мүмкiндiгi мен күшiн көрсетсе, екiншi жағынан, билiктiң әлсiз жағын ашып көрсетедi.
Екiншi, лоббизмнiң жағымды жағы ол демократиялық саяси процесс институттары ретiнде әрекет етушi қалыпты, салауатты құбылыс. Бұл мағынада лоббизм қысым тобының мемлекеттiк органдардың басқарушылық шешiмiне белгiлi бiр әлеуметтiк топ мүддесiн қанағаттандыру үшiн заңды формада ықпал ету.
Лоббизм саяси билiкпен тығыз байланысты. Тiптi мынадай заңдылықты ашып айтуға да болады: лоббизм ақиқат билiк қай жерде көп болса сонда көп. Лоббизм- өзiнше билiк белгiсi, керiсiнше билiк жоқ жерде немесе номиналды күш ретiнде әрекет ететiн жерде ол да көрiнiс бермейдi.
Лоббизм толық институт ретiнде мына екi жағдай бар жерде ғана пайда болады: 1) қоғамда әр түрлi мүдделер пайда болып, оның негiзiнде әлеуметтiк жiктелу күшейсе; 2) демократиялық қоғамға тән саяси плюрализм негiзiнде билiкке қолжеткiзу кеңейсе. Осыған байланысты билiк объективтi түрде бiр уақытта және толық барлық мүдделердi қанағаттандыра алмайды, сөйтiп кейбiр мүдделердi жүзеге асыру басымдылығы, кезектiгi қалыптасады. Әр түрлi топтардың және қабаттардың өз пайдалары үшiн мемлекет әрекетiне ықпал етуге талпынуы заңдылыққа айналады.
Лоббистiк қызметтiң формалары /АҚШ-та кең тараған/:
1) мүдделi жақтың бағыты айтып Конгересс комитеттерiнiң бiрiнде сөйлеу; 2) парламентте қарау үшiн заң жобасы мен ұсыныстарды түзу; 3) әзiрленiп жатқан шешiмдi қолдау немесе қолдамау мақсатында үгiт-насихат жұмыстарын және «төменнен қысым» компаниясын жүргiзу /хаттар, телеграмма, телефон соғу, ықпалды сайлаушылардың өз депутаттарына баруы т.б./.
АҚШ-та лоббизм мақсатының нәтижелi жүзеге асуы үшiн дамыған материалдық құрылымдар бар: 1) барлық iрi корпорациялар, кәсiпкерлiк одақтар, арнаулы ұйымдар өз құрамында тек ғана лоббистiк қызметпен айналысатын жүздеген адамдардан тұратын бөлiмдерге ие /бұрынғы кеңесшiлер, сенаторлар, министрлер, шенеунiктер, заңгерлер, т.б. «күштi» байланыстары, қажеттi қабiлеттерi бар мамандар/; 2) мүдделi топтар, әсiресе монополиялар жалданбалы лоббистердiң, көбiнесе ықпалды заң, үгiт-насихат, консультация фирмаларының немесе оның көшбасшы мамандарының қызметiн пайдаланушы. Кейде мүшелiк негiзде кәсiпкерлiк, кәсiби немесе қоғамдық лоббистiк мақсатта ұйымдар құрылуы да мүмкiн.
Лоббизм әр түрлi салада кездеседi және әр түрлi болып келедi. Мысалы, заңшығарушы, атқарушы, сот билiк салаларындағы лоббизм. ТМД мемлекеттерiнде лоббизм көбiнесе атқарушы билiкте кездеседi. Өйткенi, бұл елдердегi түбегейлi мәселелер заңшығарушы билiк арқылы сирек шешiледi. Шын мәнiнде, барлығы президент қаулысы мен Үкiмет жарлығы арқылы шешiледi, олар құқық жүйесiнде басымдылық рөлге ие және тiкелей әрекет етуге құқылы.
Шартты түрде, адамдардың санасы мен iс-әрекетiне күштi ықпал етушi, билiктiң «төртiншi тармағы» - бұқаралық ақпарат құралдарындағы лоббизмдi де атап айтуға болады. Ал, лоббизмның өзi беделдi қызмет /АҚШ, Батыс елдерiнде/, кейбiреулер оны билiктiң бесiншi тармағы деп санайды. Мәселен, АҚШ-та лоббизм өз дамуының жоғары шыңына жеткен, кейбiр ғалымдар оны тiптi заң шығару билiгiнiң «үшiншi палатасы», «Американы басқару жүйесiнiң интегралдық элементi» деп атайды /Америкада лоббизм сонымен бiрге бизнеске айналған, Вашингтондағы лоббизмге жылына 100 млн. доллар жұмсалады/.
Демеушiлiктi /лоббирования/ қай басқарушылық шешiмде өз мақсатына жетуiне тәуелдi бөлуге болады: құқықшығармашылық /лоббизм нормативтiк актiлер арқылы заң шығару ұйымдарында/, құқыққолданушылық /лоббизм құқық қолдану актiсi арқылы/, құқықпайымдаушылық /лоббизм құқыққа түсiнiк беру актiсi арқылы/. Демеушiлiктi мүдде сипатына тәуелдi де бөлуге болады: саяси, әлеуметтiк, экономикалық, қаржы, құқықтық. Уақытына қарай демеушiлiк бiрмезгiлдiк және тұрақты болып бөлiнедi. Демеушiлiк билiктiң қай деңгейiнде жүзеге асатынына қарай да бөлiнедi: федералды /мемлекеттiк билiк пен басқарудың жоғары ұйымдары жүйесiнде жүзеге асырылады/, жергiлiктi /республикалық, өлкелiк, облыстық ұйымдарда/.
Демеушiлiктi кiмнiң пайдасына шешiлетiне қарай да жiктеуге болады. Әр түрлi әлеуметтiк құрылымдардың демеушiлiгi: қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, партиялар, топтар, қабаттар, кәсiподақтар, антиәскери және экологиялық қозғалыстар, кәсiпкерлер одағы.
Достарыңызбен бөлісу: |