Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мәнi әрбiр округтегi депутаттық орын белгiленген көпшiлiк дауысты жинаған партия кандидаттарына берiледi, ал қалған азшылық дауысты жинаған партия кандидаттары ұсынылмай (орынсыз) қалады.
Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң: абсолюттiк көпшiлiк және бiршама көпшiлiк деген екi жүйесi бар.
Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң мынадай артықшылықтары бар: 1 депутаттар мен сайлаушылар арасында тығыз, тiкелей байланыс қалыптасады, көбiнесе жекелiк сипатқа ие болады. Депутат өзiнiң сайлау округын, оның проблемалары мен мүдделерiн жақсы бiледi. Депутаттың өз сайлаушыларымен тiкелей тығыз байланысы, оның парламенттегi ықпалын күшейтедi, оған сыртқы ықпалдардың әсерiн әлсiретедi, саяси қысымға ұшырамайды.
2 мажоритарлық сайлау жүйесi ең күштi саяси ағымның жеңуiне мүмкiндiк бередi, парламентке орта және ұсақ ықпалдағы партиялардың өтуiне мүмкiндiк бермейдi, сөйтiп екi немесе үш партиялық жүйенi қалыптастырады, атқарушы билiктiң қызметiнде жетiстiктерге жетуiне мүмкiндiктер жасайды.
Бiрақ,мажоритарлық сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi де бар: 1 ең алдымен ол елдегi саяси күштердiң ақиқат жағдайын көрсетуге қабiлетсiз. Себебi олардың көпшiлiгi парламенттiк қызметтен тыс қалады. Сонымен бiрге, қоғамда кейбiр азшылық топтар өкiлсiз қалуы мүмкiн, яғни олардың мүддесiн қорғаушылар заңшығарушы билiк құрылымында жоқ деген сөз;
2 мажоритарлық сайлау жүйесi депутаттардың жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк мүдделерден топтық және өлкелiк мүдделердi жоғары қоюға итермелейдi. Бұл парламенттiң жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк ұйым ретiндегi рөлiн әлсiретедi;
3 мажоритарлық сайлау жүйесi сайлаушылардың саяси еркiн манипуляциялауға жол бередi, көбiнесе сайлаудың нәтижесi сайлау округтарын дұрыстап бөлуге байланысты.
Тепе-тең сайлау жүйесiнiң мәнi мандаттар партиялар арасында жинаған дауыстарына сай бөлiнедi.
Тепе-тең сайлау жүйесiнiң артықшылықтары: парламент деңгейiнде саяси күштердiң ақиқат өкiлдерi болуына мүмкiндiк бередi. Парламенттiк саяси шешiм қабылдау нәтижесiнде жекелеген әлеуметтiк және саяси топтар мүдделерi есепке алынады. Тепе-тең сайлау жүйесi азаматтық қоғам мен саяси жүйе, мемлекет арасындағы байланысты нығайтады, плюрализм дамуына мүмкiндiк бередi.