Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі


Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемасы



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата14.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#113926
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемасы
– күрделі кешенді проблема
болғандықтан оны шешу үшін биохимик ғалымдар, микробиологтар, токсикологтар
тарапынан да, өндірушілер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік
органдар мен тұтынушылар тарапынан көп күш - жігерді талап етеді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігі жыл сайын артып
келеді, өйткені азық - түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
адамдардың
денсаулығын
және
гендік
қорды
сақтауды
айқындайтын
негізгі
факторлардың бірі болып табылады.
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің жоғары деңгейі тәуекелдерді барынша азайтудың
жетілдірілген жүйесін құру нәтижесінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Өз қызметінің
ерекшелігін ескере отырып, осы жүйенің жауапты тараптары ауыл шаруашылығы, тамақ
және қайта өңдеу өнеркәсібі, сауда кәсіпорындары, бақылау органдары, ғылым және
саясат болып табылады.
Сонымен қатар, тіршіліктің басқада салаларындағы сияқты, азық-түліктің
қауіпсіздік кепілдігін жүз пайыз қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес, өйткені тамақ
өнімдерін өндіру күн сайын дамып келеді.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және оны бағалаудың негізгі 
көрсеткіштері


Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
деп оларды пайдалану кезінде адам денсаулығы
үшін қауіптілігі тұрғысынан қатты жағымсыз әсер етуі (тағамдық улану және тағамдық
инфекциялар), әртүрлі кейін көрінетін зардаптардың (канцерогендік, мутагендік және
тератогендік әсер) тұрғысынан да қауіптіліктің болмауы деп түсіну керек. Басқаша
айтқанда, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды, қолайсыз әсер етпейтін
тамақ өнімдерін қауіпсіз деп санауға болады.
Адам ағзасына азық - түлікпен бірге оның денсаулығына қауіпті заттардың едәуір
мөлшері келіп түсуі мүмкін. Сондықтан тұтынушылардың денсаулығы үшін олардың
қауіпсіздігіне кепілдік беретін тамақ өнімдерінің сапасын бақылаудың тиімділігі мен
объективтілігі үшін жауапкершілікті арттыруға байланысты өзекті проблемалар болып тұр.
Тамақ
өнімдерінің
қауіпсіздігі
биологиялық
объектілерді,
қауіпті
химиялық
қосылыстарды, радионуклидтер мен зиянды өсімдік қоспаларын қамтитын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет