Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет10/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Микротүтікшелер - іші қуыс, түзу және тармақталмайтын ұзын цилиндр пішінді органеллалар. Олардың диаметрі 24 нм, ұзындығы бірнеше мкм-ге жетеді. Көлденең кесіндіде микротүтікшелердің сақина тәрізді болып көрінетін қабырғасы спиральды орналасқан бір қабат тубулин суббірліктерінен тұрады. Әрбір тубулин суббірліктері, яғни димерлері екі глобулды полипептидтерден – α және β тубулиндерден құралған. Микротүтікшелер қалыптасуы кезінде, жаңа тубулин суббірліктері оның бір – плюс ұшы жағынан қосылу арқылы өсіп, ал қарсы - минус ұшынан ыдырап отырады. Микротүтікшелердің екі түрлері бар: біреулері бүкіл цитоплазма ішінде цитоқаңқаны құрайтын дербес құрылымдар түрінде болады, оларды цитоплазмалық микротүтікшелер деп атайды. Екіншілері – кірпікшелерді, талшықтарды, центриольдарды және т. б. қалыптастыратын элементтер ретінде ұшырасады. Микротүтікшелердің атқаратын қызметтері:
1) серпімді және белгілі дәрежеде қатты болғандықтан, дифференциялану кезінде жасушаның пішінін анықтап, бір қалыпта сақтау.
2) цитоплазма ішінде ретті орналасып, әртүрлі заттардың, жасуша ішіндегі органеллалардың (митохондрия, Гольджи жиынтығы т. б) қимыл бағыттарын анықтау.
3) митоздық бөліну кезінде хромосомаларды екі полюске ажырататын ахроматин (митоздық) ұршығы жіпшелерін қалыптастыру.
4) құрамдас бөліктері ретінде басқа органеллалардың (центриоль, базальді денешік, кірпікше, талшық) негізін құрау.
Микрофибриллалар немесе аралық филаменттер – диаметрі 8-11 нм, яғни өлшемі микротүтікшелер мен микрофиламенттер арасындағы тармақталмайтын, будалар құрайтын, тұрақты ақуызды жіпшелер. Әртүрлі ұлпаларда олардың ақуыздық құрамы әртүрлі және өздеріне тән болады. Мысалы, эпителий ұлпасына тән аралық филаменттерді, яғни тонофибрильдерді құрайтын кератин, мезенхима тектес жасушаларға (мысалы фибробласттарда) – виментин, бұлшық ет жасушаларына – десмин, нерв жасушаларына – нейрофиламенттерді құрайтын үш түрлі полипептидтер (нейрофиламенттік триплет) тән. Микрофибриллалар жасушаның әсіресе, механикалық күш түсетін бөліктерінде көп болады. Мысалы, эпителий жасушалары арасындағы диск тәрізді десмосомаларда, тегіс бұлшық ет жасушаларының цитоплазмасында жиі ұшырасады. Микрофибриллалардың атқаратын қызметтері:
1) жасушаның серпімділігін қамтамасыз етуі;
2) құрылымдық, яғни жасушаны созатын күштерге қарсы тұру;
3) цитоплазма компоненттерінің ретті орналасуына себепкер болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет